Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 16 Ситуациялық есеп

13 жастағы бала жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, ісінулерге шағымданып келді.

Бала екінші жүктіліктен, ағымы- бірінші жартысында токсикозбен және 4 айында жүктіліктің үзілу қаупімен өткен. Толғақты белсендіру арқылы мерзімінде босанған. Туылған кездегі салмағы 3200г, бойы 51см. 3 айға дейін емшекпен тамақтанған. Алдын алу екпелері жасына сай егілген. Анамнезінде : 3 жасқа дейін атопиялық дерматитпен ауырған. Желшешекпен ауырған, ЖРВИ-мен жиі ауырады.

Отбасылық анамнез: анасында – дерматит, созылмалы тонзиллит, нағашы әжесі- бронх демікпесі. 

Бала тұмаудан кейін 16 күннен соң ауырған. Ісіну синдромы пайда болған. 2-3 күннің ішінде ісінулер ұлғайып, диурез азайған.

Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта. АҚ-95/45 мм с.б. ЖСЖ-минутына 82 рет. Тері жабындысы бозарған. Бет, тізе, табан, алдыңғы құрсақ қабырғасы бел маңайы айқын ісінген. Жүрек шекаралары: оң жағы - төстің оң жиегінде, сол жағы - сол жақ бұғана орта сызығы бойынша. Жүрек тондары аздап тұйықталған. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынусыз. Бауыр қабырға доғасы астынан 2 см шығыңқы. Көкбауыр пальпацияланбайды. Тәулік ішіндегі зәр көлемі 300 мл.

Жалпы қан анализі:НЬ - 160 г/л, Эр - 5,2х1012/л, Тромб -416,0х109/л, Лейк - 9,8х109/л, т/я - 3%, с - 36%, э - 7%, л - 54%, ЭТЖ -37 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1028, ақуыз-6,0%, лейкоциттер - 0-1 к/а, эритроциттер - 0-1 к/а, бактериялар- аз.

Биохимиялық қан анализі: жалпы ақуыз - 48 г/л, альбуминдер - 20 г/л, СРБ - ++, серомукоид - 0,44, холестерин - 10,9 ммоль/л, жалпы липидтер - 13,2 г/л (қалыптыда - 1,7-4,5), калий - 3,81 ммоль/л, натрий - 137,5 ммоль/л, мочевина - 5,1 ммоль/л, креатинин - 96 ммоль/л (қалыптыда - 100 ммоль/л-ге дейін).

Бүйректің УДЗ: бүйректер дұрыс орналасқан қыртысты қабатының эхогенділігі әлсіз диффузды жоғарлаған.

 

Сұрақтар:

1. Болжамды диагноз.

2. Осы ауруда ісіну синдромының генезі қандай?

3. Осы ауруда протеинурияның дамуы немен байланысты?

4. Дәрігердің тактикасы қандай болуы керек?

5. Бүйректің функционалдық зерттеу әдістерін атаңыз.

6. Бүйректің функционалдық жағдайын бағалаңыз.

7. Осы жағдайды қандай аурулармен ажырату керек?

8. Емдеудің негізгі принциптері.

9. Қандай диетаны сақтау керек?

10. Диспансерлік бақылау ұзақтығы. 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.