Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 15 Ситуациялық есеп

Ұл бала 11 жаста, жалпы маман дәрігеріне енжарлыққа, диурездің азаюына, зәр түсінің өзгеруіне шағымданып келді.

   Бала бірінші жүктіліктен, жүктілік гипертензиямен және үшінші жартысында ісіну синдромымен жүрген. Мезгілі жетіп туған. Туғандағы салмағы 3000 г, бойы 49 см. 3 айға дейін табиғи тамақтанған. Аллергия жоқ. Егулері жасына сай. Жұқпалы аурулардан желшешек, баспамен ауырған; жылына 1-2 рет ЖРВИ-мен ауырады.

  Екі апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған, бірақ мектепке барып жүрген. Ару қалтыраумен басталған, дене қызуы 39,5°С қа дейін көтерілген, дизуриялық көрініс бар, зәрі «ет жуындысы» түстес.

Қараған кезде: тері жабындысы бозғылт мәрмәр суретті. Қабағы мен жіліншігі домыққан. Өкпесінде сырылдар жоқ. Жүрек тондары біраз тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу естіледі. АҚ 130/95 мм сын.бағ. ЖСЖ – минутына 100 рет. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан +2 см шығыңқы. Ұрғылау симптомы екі жағынана да теріс. Зәр шығаруы аз – тәулік бойы 300 мл зәр шығарған.

Жалпы қан анализі: НЬ - 130 г/л, Лейк - 9,2x109/л, т/я - 7%, с -71%, э - 1%, л - .18%, м - 3%, тромб. - 530,0х109/л, ЭТЖ - 25 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: белок - 1,5%, эритроциттер – барлық көру аймағында, лейкоциттер - 1-2 көру аймағында, гиалин цилиндрлері - 1-2 көру аймағында.

Биохимиялық қан анализі: жалпы белок - 62 г/л, холестерин -3,1 ммоль/л, мочевина - 18,0 ммоль/л, креатинин - 90,0 ммоль/л, серому-коид - 0,32, СРБ - ++, калий - 5,8 ммоль/л, кальций - 2,5 ммоль/л.

Бүйректің УДЗ : бүйректердің көлемі үлкейген, контуры біргелкі емес. Сол бүйрек - 122x50 мм, паренхима - 17 мм. Оң бүйрек - 125x47 мм, паренхима - 16 мм. Паренхиманың эхогендігі біртекті емес күшейгенігі байқалады. Бүйрек астауы жарық тәрізді.

 

Сұрақтар:

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Ары қарай зерттеу тактикасы ?

3. Осы науқастағы ісіну синдромы генезі?

4. Зәрлік  синдромның  патогенезі?

5. Баладағы гипертензия механизмі қандай?

6. Осы аурудың этиологиясы .

7. Сізің емдеу  тактикаңыз.

8. Осы науқас балаға  гормональді ем тағайындау керек пе?

9. Науқасқа қандай диета тағайындау керек?

10. Болжамы қандай?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.