Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 9 Ситуациялық есеп

6 жастағы бала жоспарлы ККП-ға қарсы ревакцинациядан кейін, шағымдары пайда болды: мазасыздық, бас ауыру, тыныс алудың қиындауы, барлық денеде қышымалы бөртпелер. Екпе 20 минут бұрын салынған.

Анамнезінде дені сау бала,диспансерлік тіркеуде тұрмайды. 3 жасында тауық жұмыртқасына аллергиялық реакция болған, бөртпелермен көрінген, содан кейін жұмыртқа бермейтін болған. Қараған кезде :- бала тежелген. Денесінде, бетінде, аяғында терінің бозғылт фонында уртикарлы бөртпелер, суық жабысқақ тер. Тыныс шығаруы қиындаған.Тыныс жиілігі- минутына 56 рет. Өкпе аускультациясында тынысы екі жақта бірдей тараған, перкуторлы өкпелік дыбыс. Жүрек шекарасы ұлғаймаған, тоны әлсіреген. Пульс жіп тәрізді, соғу жиілігі минутына 160 рет. АҚ 60/20 мм.рт.ст Іші пальпацияда жұмсақ, әлсіз ауырсынады, шекаралары анықталмайды. Бауыр +1 см қабырға доғасынан шығынқы.Соңғы сағаттарда зәр шығару болмаған.

Сұрақтар:

1. Сіздің диагнозыңыз.

2. Осы жағдайдағы дәрігерлік көмек ауқымы.

3. Әрі қарай жүргізу тактикасы,транспортировка шарттары.

4. Организмнің қандай гиперсезімталдық типтерін білесіздер, мысал келтіріңіз.

5. Клиникалық жағдайдағы маңызды патологиялық симптом.

6. Осы жағдайда қандай ағым сізге белгілі.

7. Аллергендердің ағзаға түсу жолдарын атаңыз.

8. Жалпы маман дәрігер қандай қателік жіберді.

9. Егуден кейінгі кезеңде балаларды бақылау ережесі.

10. Баланы ары қарай егу  тактикасы.

 

 

Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.