Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Балалар аурулары модулі. Ситуациялық есеп



Балалар аурулары модулі

№ 10 Ситуациялық есеп

18 күндік ұл балаға патронаж. Бала 1- жүктіліктен, мерзімінде босанған. Жүктілік кезінде анасы 2 рет ЖРВИ-мен ауырған (8-32 апталарында), 38 аптасында пневмониямен ауырған. Босану пневмониядан кейінгі қалдық белгілер фонында болған. Бала туыла салысымен айқайлап жылаған. Туған кездегі салмағы- 3200г. бойы- 50см. Апгар шкаласымен бағалау нәтижесі- 7-8 балл. Емшекке туғаннан 1 сағаттан кейін салған, әлсіз емген. Босану үйінде баланы қарау кезінде назар аударылды: әлсіздіке, тері жабындысының бозаруына. 1- тәуліктің соңына қарай мойын және шап қатпарларында пиодермия элементтері пайда болған. Антибактериальды ем қабылдады (ампициллин б/е), 3- күні бала перзентханадан ауруханаға жайылмалы пиодермия және токсикоз белгілерінің пайда болуына байланысты жіберілді. Цефамизинмен емделген (10 күн б/е). 17 - тәулігінде қанағаттанарлық жағдаймен шығарылды. Анасында гипогалактияның болуына байланысты бала жасанды тамақтандыруға көшкен, «Нан» қоспасын береді. Тәулігіне 7 рет 80-90мл - ден береді. 

Қараған кезде: баланың жағдайы қанағаттанарлық, дене салмағы 3500, тері жабындысы таза, алқызыл түсті, шап қатпарлары гиперемияланған, кіндік жарасы эпителизацияланған. Шырышты қабаттары таза. Тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, шулар естилмейді. ЖСЖ- минутына 120 рет. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр, ұйқы безі қабырға доғасының шетінен+2 см шығып тұр. Нәжісі тәулігіне 3-5 рет, патологиясыз.

Сұрақтар:

1. Нәрестенің денсаулық жағдайын бағалаңыз.

2. Қауіп дәрежесі мен бағытталуын, денсаулық тобын анықтаңыз.

3. Қауіп фокторын көрсетіңіз.

4. Жаңадан туылған нәресте терісінің анотомо-физиологиялық ерекшеліктерін атаңыз.

5. Нәрестелердегі септикалық процестердің ерте және жиі дамитын белгілерді атаңыз.

6. Анасына күтім жайлы қандай кеңестер берілуі керек?

7. Баланы қарау кезінде тамақтандыру сипатын бағалау, коррекциялау қажет  пе?

8. Өмірінің алғашқы жылында баланы бақылау мерзімі мен зертханалық зерттеулер көлемі

9. Бала қандай мамандардың кеңесіне жүгінеді? Баланы өмірінің алғашқы жылында жалпы диспансерлік бақылау шеңберінде қандай мамандар қарауы керек

10.  Осы балаға өмірінің алғашқы жылына егу күнтізбесін құрастырыңыз.                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.