Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 4 Ситуациялық есеп

Бала К, 4 жас 8 ай, жалпы маман дәрігеріне дене температурасының 39-40˚С қа дейін көтерілуіне, іштегі ауру сезіміне шағымданып келді.

Анамнезінде: балада соңғы күнде аяқ астынан дене температурасы 39,4˚С-қа дейін жоғарылаған. Анасының айтуы бойынша баласының жағдайы күрт төмендеп,  ауыр, аз мөлшерде тұтқыр  қақырықпен жөтел,  қатты қалтырау пайда болған. Бала оң жақ бүйірінде ауру сезіміне шағымданған. Түнде мазасыздық болған, дене қызуы жоғары күйде сақталған. Таңертең дәрігерге келген.

Қарау кезінде бала тежелген, тері жамылғысы бозарған, бет ұшы аз қызарған (әсіресе оң жақ), тырнақ асты боз, тыныштықта аралас ентігу қосымша бұлшық еттердің араласуымен көңіл аудартады. Бала оң жағымен, аяқтары бүгілген күйде жатыр. Дем алу актісінде оң жақ кеуде торы қалыңқы, оң жақ өкпенің төменгі қырының қозғалыстығы төмендеген, оң өкпенің артқы жағынан төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалады. Сол жақ өкпенің барлық аймағында қорап тәрізді дыбыс. Сырылдар естілмейді. Пульстің тыныс алу жиілігіне қатынасы 2:1.

Жалпы қан анализі: Hb – 134 г/л, Эр- 4,8х10, Лейк – 16,2х10⁹/л, нейтрофильдер- 2 %6 п/я- 8%, с- 64%, л- 24%, м - 2%, ЭТЖ – 22 мм/сағ.

Кеуде клеткасының ретнгенограммасы: оң өкпенің төменгі бөлігінде инфильтративті көлеңке, сол жақ өкпе алаңының мөлдірлігі жоғарлаған.

 

Сұрақтар:

1. Науқаста болжам диагноз қандай?

2. Көрсетілген клиникалық жағдайда бірінші кезекте қандай этиологиялық жағдайды ойлауға болады?

3. Осы аурудың этиологиялық факторын анықтауда қолданылатын зерттеу әдісінің ақпараттылығы қандай?

4. Осы ауруға тән рентгенологиялық белгілерін атаңыз

5. Қандай жағдайда динамикада рентгенологиялық бақылау жүргізілмейді?

6. Дәрігер ауру басталғаннан кейін қай уақытта өкпеде патологиялық шу ести алады? Ол аурудың қандай фазасы басталғандығын дәлелдейді?

7. Осы науқаста патогенетикалық терапияны неден бастауға болады?

8. Этиотропты ем тағайындау кезінде қандай факторларды есепке алған дұрыс?

9. Осы ауруды емдеу кезінде қолданылатын антибиотиктер тобын атаңыз.

10. Осы балаға басқа маман дәрігері кеңесі қажет пе?

11. Ауру ағымының ауырлығы неге байланысты?

12. Осы ауру кезінде госпитализацияға көрсеткіштерді атаңыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.