Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 12 Ситуациялық есеп

ЖТД-ің қарауына 6 айлық бала келді. Анасы баланың тәбетінің төмендегеніне, салмақ аз қосуына, нәжісінің ретсіздігіне шағымданды. Баланың ата-анасының дені сау. Бала бірінші жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысы токсикозбен өткен. Жүктіліктің 33 аптасында анасы ЖРВИ –мен ауырған, дәрі дәрмек қабылдамаған. Босану 38 - аптасында. Салмағы 3000 гр., бойы 52  см. Жас нәрестелік кезең қалыпты өткен. 3 айлығынан жасанды тамақтандырады, тәулігіне жалпы көлемі 800 мл мөлшерде айран береді. 4 айлығынан баланың ас мәзіріне қосымша тәулігіне 50-100гр мөлшерде манна ботқасын қосқан. 6 айда бала салмағына 3200 гр қосқан.

2 айлығында бала созылмалы ағымды пневмониямен ауырған, қайталамалы антибиотик курсімен емделген. Осыдан кейін балада шырышты, жасыл түсті тұрақсыз нәжіс пайда болған.Тәбеті төмендеген.

Қараған кезде баланың жағдайы орташа ауырлықта. Салмағы 6200гр, бойы 65 см. Бала енжар, мазасыз.Терісі құрғақ, бозғылт түсті, сұрғылт реңді, серпімділігі төмендеген, оңай қатпарланады.Тері асты май қабаттары аяқтарында, денесінде жұқа. Үлкен еңбегі 2х2 см, шеттері майысқақ. Шүйдесі жалпайған. Төбе және маңдай төмпешіктері, қабырғаларында «таспиықтар» айқын. Өкпесінде тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Жүрек шекарасы ұлғаймаған, ритмі анық. Жүрек ұшында музыкалды шу естіледі, жүректен тыс жерде естілмейді. Іші жұмсақ, терең пальпацияланады. Бауыр қабырға доғасынан 1,5см шығынқы, көкбауыр 1,5см шығыңқы. Нәжісі тәулігіне 3-5 рет, жасыл-сарғыш түсті, сұйық, жағымсыз иісті.

Қосымша зерттеу мәліметтері:

Жалпы қан анализі: Нb -99 г/л, Эр - 3,3млн., лейкоциты -8,1тыс., т/я - 4%, с - 49%, л - 44%, э -1%, м - 2%, ЭТЖ - 9мм/сағ.

ЖЗА - раекция қышқыл, салыстырмалы тығыздығы 1015, лейкоцит 1-2 көру аймагында, эритроцит жоқ.

 Нәжіс бактериологиялық зерттеуде: дизентерия, ішек таяқшасы, стафилококк -анықталмады.

 

Сұрақтар:

1. Болжам диагноз.

2. Негізгі және қосымша аурудың дамуына әсер етуші себептерін атаңыз.

3. Баланың дене дамуын зерттеу әдістері және интерпретациялау.

4. Осы аурумен балаларды госпитализациялауға  көрсеткіштерді атаңыз.

5. Баланы амбулаториялық жағдайда емдеуде қандай қосымша зерттеулер жасау қажет.

6. Осы баланы емдеуде диетотерапияның негізгі кезеңдері және осы балаға тамақ тағайындаңыз.

7. Дәрі-дәрмекпен емдеу мөлшері.

8. Осы баланы диспансерлік бақылау және реабилитациялау шаралары.

9. Осы балаға  жоспарлы екпені қашан жасаймыз.

10. Осы жағдайда біріншілік алдын алу.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.