Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

 

№ 7 Ситуациялық есеп

 

 

8 айлық балаға дәрігерді үйге шақырған, себебі баланың температурасы 39,8ºС көтерілген және айқын қозғыштық болған. Анамнезінен белгілі болғандай 2 күн бұрын жедел ауырған, мұрынжұтқыншақтан катаральды белгілер пайда болған, дене температурасы 37,4-37,7ºС көтерілген, бала енжар, тамақтан және судан бас тартқан. Үйінде әпкесі ЖРВИ-мен ауырып жатыр. Аурудың 3 - күні дене температурасы 39,8ºС көтерілген.

Қарау кезінде: терісі бозғылт, балада айқын  қозғыштық, аяқ-қолдары салқын, қарауға негативті жауап береді. Мұрынынан шырышты бөлінділер, аңқасы айқын гиперемияланған, борпылдақ, жабындылар жоқ. ТАЖ- минутына 54 рет. Перкуторлы - өкпелік дыбыс. Аускультативті тынысы қатаң, екі жағында да, сырылдар жоқ. Визуальды жүрек аймағы өзгермеген. Жүрек тұйықталуының салыстырмалы шекарасы: оң парастернальды сызығынан 0,5 см сыртқа, жоғарғы жағы- II қабырға, сол жағы- сол жақ бұғана-орта сызығынан 1,0 см сыртқа. Жүрек тондары ырғақты, ЖСЖ- минутына 138 рет. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынусыз. Бауыр қабырға доғасынан +2см төмен. Менингеальды және ошақты симптоматика анықталмайды. Үлкен және кіші дәреті өзгермеген.

 

 

Сұрақтар:

1. Алдын-ала диагноз қойыңыз.

2. Баланың жағдайының ауырлығы немен байланысты?

3. Берілген науқастағы гипертермиялық синдромның мүмкін болатын даму механизмін түсіндіріңіз.

4. Берілген жағдайда аурудың этиологиясы қандай болуы мүмкін?

5. Аурудың этиологиясын қандай зертханалық зерттеу анықтай алады?

6. Ерте жастағы балалардағы гипертермиялық синдромнын дамуына қандай бейімдеуші факторлар рөл атқарады?

7. Қандай аурулармен дифференциальды диагноз жүргізу қажет?

8. Берілген баланы жүргізу тактикасы қандай? Госпитализацияға және жедел көмек көрсетуге қажеттілік бар ма?

9. Амбулаторлық жағдайда, көрсетілетін терапия көлемі.

10. Гипертермиялық синдромның қандай түрлері сендерге белгілі?

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.