|
|||
Астана медицина университеті» АҚКафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т. «Астана медицина университеті» АҚ №2 Балалар аурулары кафедрасы Балалар аурулары модулі № 11 Ситуациялық есеп Балаға 5 ай. Жас, дені сау ата-анадан, күзде мерзімі жетіп босанған. Туған кездегі салмағы 3850г, бойы 50см. Апгар шкаласымен бағалау нәтижесі -7-8 балл., емшекке туғаннан кейін 40 минуттың ішінде салынған. 1,5 айында анасының оқуына байланысты сиыр сүтімен жасанды тамақтандыруға көшкен. Рахиттің арнайы емес алдын алуы жүргізілген. Соңғы 2 айда балада мазасыздық, тершеңдік күшейе бастады. Қараған кезде анықталды: шүйдеде шаштың болмауы, бас сүйегі шүйдесінде жалпайған, сагиттальді тігіс пен еңбектің шеттері жұмсарған, самай сүйегінің жұмсару ошағы 0,8-0,9см. Бұлшық ет тонусы бірден төмендеген. Өкпеде пуэрильді тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ-минутына 35 рет. Жүрек тондары анық, пульс-минутына 120 рет. Бауыр қабырға доғасы астынан 3,5 смге шығыңқы, жұмсақ, ауырсынусыз. Көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжіс- іш қатуға бейімділікпен. Баланың қосымша зерттеу нәтижелері: Жалпы қан анализі: Нb - 110 г/л, эритроциттер - 3,6 млн., лейкоциттер - 5,0 мың., т/я - 2%, с - 31%, э - 2%, л -56% , м - 9%, ЭТЖ - 6 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: көлемі – 40 мл, лейкоциттер– 2-3 к/а, эритроциттер – жоқ. Сұрақтары: 1. Сіздің болжам диагнозыңыз. 2. Оның дамуына қандай нақты себеп пен жағдай әсер етті? 3. Қандай биохимиялық көрсеткіштер диагнозды растайды? 4. Остеомаляция патогенезін түсіндіріңіз, неге остеомаляция жедел ағымды ауруды көрсетеді? 5. Қандай критерилер осы аурудың ауырлық ағымын анықтайды? 6. Осы ауруды госпитализациялауға көрсеткіштер. 7. Баланы амбулаторлық жағдайда бақылауын жүргізу тактикасы, осы аурудың өршуіне қарсы емге көрсеткіш. 8. Баланың тамақтануы бойынша сіздің беретін ұсыныстарыңыз. 9. Диспансерлік бақылау ұзақтығы және есептен шығару критерилері.
|
|||
|