Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 5 Ситуациялық есеп

     Ұл бала У., 11 айлық, дене қызуының жоғарлауына, жөтелгге байланысты педиатр дәрігеріне қаралды.

       Анамнезінде: 7 күн бойы ауырған. Бір апта бұрын анасы тәбеті төмендегенін, ұйқысының тынышсыздығын, енжарлығын байқаған. Сонымен бірге мұрыны бітеліп, көп мөлшерде шырышты бөлінді, сирек жөтел пайда болған. Температурасы 37,5˚С дейін көтерілген. Анасы емханаға хабарласып, учаскелік дәрігерді шақырған. Балаға жедел респираторлы вирусты инфекция диагнозы қойылған. Десенсибилизациялаушы ем, симптоматикалық ем тағайындалған. Ем қабылдағаннан кейін баланың жағдайы жақсарған. Бірақта ауру басталғаннан 6 -шы күні баланың дене қызуы 38,6˚С дейін жоғарлаған. Бала әлсіреген, ұйқысы мазасызданған, тамақтан бас тартқан, ойыншықтарға қызығушылығы төмендеген, жөтелі күшейген. Анасы қайталап дәрігер шақыртқан.

       Жалпы маман дәрігері қарау кезінде тері жамылғысының бозарғандығын, жылау кезінде периоральды цианоз, тамақтандыру кезінде мұрын желбезегінің кеңеюін, тахикардия минутына 140 ретке дейін анықтады. Пульстің дем алуға қатынасы 3:1 қатынасында. Өкпесінде жауырын арасы аймағында ұсақ көпіршікті және крепитациялаушы сырылдар естіледі, қатаң тыныс.

 Клиникалық қан анализі: Hb – 118 г/л, Эр- 4,5х10, Лейк – 10,8х10⁹/л, нейтрофильдер- 2 %6 п/я- 4%, с- 52%, л- 36%, м - 7%, СОЭ – 17 мм/сағ.

Кеуде клеткасының ретнгенограммасы: өкпе алаңының мөлдірлігі жоғарлаған, диафрагма төмендеген, өкпе түбірі және өкпе суреті күшейген, оң өкпе проекциясында контуры анық емес, ұсақ ошақты көлеңкелер анықталады.

 

Сұрақтар:

1. Осы балада қандай болжам диагноз?

2. Ерте жастағы балаларда осы аурудың пайда болуына әкелетін факторларды атаңыз

3. Осы аурудың ауруханадан тыс түрі дамуында қандай қоздырғыштар маңызды болып табылады?

4. Осы патологияның дамуында патогенездің негізгі үш бағытын атап өтіңіз.

5. Қандай клиникалық жағдайда динамикада міндетті түрде рентгенологиялық бақылау жүргізу керек?

6. Гемограммадағы өзгеріс осы ауру кезінде маңызды болып табыла ма?

7. Осы науқасты емдеудің негізгі бағыттарды атап өтіңіз

8. Науқасқа ұтымды антибиотик таңдау қалай анықталады?

9. Қандай жағдайда антибиотикті ауыстыру көрсетілген?

10. Антибактериальды терпияны тоқтату критериилерін атаңыз

11. Науқасты қандай маман дәрігеріне қаратқан жөн?

12. Дәрігер тактикасы қандай болуы тиіс? Осы ауру кезінде госпитализацияға көрсеткіштерді атаңыз.

           



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.