Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 8 Ситуациялық есеп

Анасымен 3 айлық қыз учаскелік дәрігерге профилактикалық қабылдауға келді. Сәби III жүктіліктен, жүктілік анемиямен өткен, 1 жартысында гестозбен, 3 триместрінде ЖРВИ мен ауырған. Алдыңғы жүктіліктерден сау балалар дүниеге келген (бала 1.5 жас, қыз 4жаста). Қыз уақытында туылған, туғандағы салмағы 3050 гр, бойы 52 см. Нәрестелік кезең қалыпты өткен.1айға дейін емшекпен емізген, содан кейін «МАЛЮТКА» берген. 3 айда дене массасын қосуы 2100 гр. 2,5 айлығында ЖРВИ мен ауырған.Үй жағдайында симптоматикалық емдеген.

Қарау кезінде баланың тамақтануы қанағаттанарлық. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза,бозғылт, құрғақ. Шырышты қабаты бозғылт,таза. Барлық топтағы лимфа түйіндері қалыпты, жасына сай. Өкпеде тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ритмді. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры +2 см қабырға доғасынан шығыңқы. Көкбауыр пальпацияланбайды. Үлкен дәреті 2рет күніне, ботқа тәрізді, ашық қоңыр түсті. Диурез қалыпты.                                                                                                     

Жалпы зәр анализі:     Ph-әлсіз қышқыл, ақуыз-жоқ, лейкоциттер-1-3 к/а.

Жалпы қан анализі:   HB-95г/л. эр-3.7, ТК-0.85, лейкоциттер-8.5мын, т/я-2%, с/я-32%, Б-1%,Э-3%,Л-58%, М-4%. ЭТЖ-6 мм/сағ ,гипохромия ++ ,анизоцитоз +, пойкилоцитоз +

Сұрақтар:

1. Сіздің дигнозыңыз

2. Қазіргі жағдайына қандай қауіп факторы әсер етіп отыр.

3. Түстік көрсеткіш деген не? Бағалаңыз.

4. Жалпы маман дәрігер диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер қажет?

5. Балаға ем тағайындаңыз.

6. Қандай препарат тағайындау қажет, осы препараттардың жанама әсерін атаңыз.

7. Емнің тиімілігін бақылау әдістері және мерзімі.

8. Баланың тамақтануына түзетулер енгізу  қажет пе?

9. Ауруға байланысты госпитализацияға көрсеткіштер.

10. Диспансерлік бақылау мерзімі, реабилитациялық шаралар.

 

                    

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.