Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 6 Ситуациялық есеп

Ұл бала М,. 1 жас 1 ай, анасы жалпы маман дәрігеріне келесі шағымдармен келді: баланың жағдайының нашарлауы, енжарлық, тамақтан бас тарту, дене температурасының до 38,8°С көтерілуі, ылғалды жөтел.

Анамнезінен белгілі болғаны, бала 7 кун бұрын ауырған, ең бірінші енжарлық, ұйқысының бұзылуы, тәбетінің төмендеуі болған. Сонымен қатар мұрыны бітеліп, шырышты бөлінді, сирек жөтел пайда болған.

Дәрігер үйде қарау кезінде балаға ЖРВИ диагнозын қойған. Симптоматикалық ем тағайындалған. Жүргізілген емнен кейін бала жағдайы жақсарған. Бірақ аурудың басталғанынан  6- күні баланың температурасы 38,8°С дейін көтерілген, бала қайта енжарланып, тамақтан бас тартады, ойыншықтарға қызығушылығы жоғалған, ұйқысы мазасыз, жөтелі күшейген. Анасы дәрігерді қайта шақыртқан.

Қарау кезінде келесі симптомдар анықталады: терісі бозғылт, жылау кезінде пайда болатын периоральды цианоз, тамақтандыру кезінде мұрын желбезектері кеңейеді, ентігу минутына 60 рет, қосымша бұлшық еттердің қатысуымен. Перкуссияда өкпеде қораптық дыбыс, жауырынаралық аймақта оң жағында тұйықталған дыбыс естіледі, және аускультацияда сол жерде жауырын бұрышынан төменірек ұсақ көпіршікті және крепитацияланған сырылдар тыңдалады. Өкпенің басқа аймақтарында қатаң тыныс. ЖСЖ – 160 рет. мин. Бала ауруханаға жатқызылды.

Жалпы қан анализі: гематокрит - 49% (норма - 31-47%), НЬ - 122 г/л, Эр - 3,8х1012/л, Ц.п. - 0,8, Лейк 10,8х109/л, п/я - 4%, с - 52%, э -1%, л - 36%, м - 7%, ЭТЖ - 17 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: түсі – ашық-сары, тығыздығы-1010, ақуыз – 0,066%о, глюкоза – жоқ, жалпақ эпителий-аз, лейкоциттер-0-1 к/а, эритроциттер-жоқ, цилиндрлер-жоқ, шырыш-аз.

Кеуде клеткасының рентгенограммасы: оң жақ өкпеде ошақты инфильтративті көлеңкелер. Өкпенің қантамыр суретінің күшеюі.

 

Сұрақтар:

1. Алдын-ала диагноз қойыңыз.

2. Диагнозды нақтылау үшін қандай зертеулер жүргізілуі керек?

3. Ерте жастағы балалардағы осы аурудың дамуына қандай факторлар әкеледі?

4. Берілген жағдайда аурудың этиологиясы қандай болуы мүмкін?

5. Гемограммадағы өзгерістер берілген аурудың негізгі белгісі болып табыла ма?

6. Баланы қандай мамандарға көрсету керек?

7. Басқа аурулармен дифференциальды диагноз жүргізіңіз

8. Науқасқа ұтымды антибиотик таңдау қалай анықталады?

9. Қандай жағдайда антибактериальды терапияны өзгерту көрсетілген?

10. Антибактериальды терпияны тоқтату критериилерін атаңыз

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.