Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

 

 «Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

 

№ 13 Ситуациялық есеп

Қыз бала 7 жаста, жасына сай өсіп, дамыған. Ауырған аурулары: ЖРВИ жылына 3-4 рет, желшешек. 8 күн бұрын балаға қызылшаға, кызамыққа, паротитке қарсы - ККП вакцинасы салынған. Сол күні кешке циркке барған. Келесі күні балада t 37,5 С - қа көтерілді. Жөтеле бастады, мұрыны бітелді, тамағында ауырсыну пайда болған. Учаскелік дәрігер ЖРВИ диагнозын қойып, симптоматикалық ем тағайындаған. 4- күні балабаңшаға жіберілген.

Екпеден кейін 12 – күні қайтадан дене қызуы 38,5С-қа көтерілген, мұрыны бітелген, аздап жөтелген, тамағы ауырған және қышымалы бөртпелер шыққан.

Қараған кезде: әлсіз интоксикация симптомы, конъюктиваның жеңіл гиперемиясы байқалады. Бет терісі, дене, аяқ бөліктерінде өзгерген тері фонында  дақты-папулезді бөртпелер, дақты басқанда жоғалады, бөрпелердің бірігуге бейімділігі жоқ. Анасының айтуы бойынша дақтар бір уақытта пайда болған. Екпе салған жерде диаметрі 0,5см қатаю, ауырсынусыз. Аңқасы гиперемияланған. Бадамша безі борпылдақ. Мойын,жақ асты лимфа түйіндері ұлғаймаған. Аускультацияда және перкуссияда жүрек және өкпеде өзгеріс жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры ұлғаймаған.

 

Сұрақтар:

1. Болжам диагноз.

2. Вакцинациядан кейінгі жағдайды бағалаңыз.

3. Қызылша бөртпелерін  клиникалық сипаттаңыз.

4. Қызылша екпесінен  кейінгі мүмкін асқынуларды  атаңыз.

5. Вакцинациядан кейінгі қалыпты реакция және нешінші күндері пайда болады, неліктен.

6. ЖПД тактикасы, госпитализацияға көрсеткіш.

7. Қызылша және вакцинациядан кейінгі күтілетін реакция дифференциалды диагностикасы.

8. СЭС хабарлама жіберу керек па?

9. Балаға ем тағайындаңыз.

10. Қызылшаға қарсы егуге қарсы көрсеткіштерді атаңыз.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.