Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

 

№ 3 Ситуациялық есеп

7 жастағы бала, суық тигеннен кейін дене температурасының 39,0 ° С көтеріліп, жедел ауырған, ауру сезіммен құрғақ жөтел, бас ауруы пайда болды.

Бала бірінші жүктіліктен, мерзімінен бұрын туған, жүктілік түсік тастау қаупімен өткен. Жас нәрестелік кезеңде тыныс бұзылысы синдромы болған. Туылғаннан бастап жасанды тамақтанады. Өмірінің бірінші жылы ЖРВИ-мен 3 рет ауырған. Одан кейінгі жылдары, бала жиі ЖРВИ (жылына 4-5 рет) ауырған, лакунарлық баспамен 1 рет, желшешек, қызамықпен ауырған. Бала поливалентті (азық-түлік және дәрілік) аллергиямен ауырады. Егулерді жасына сай алған, егуден кейін реакциялар болған жоқ.

Үйде қараған кезде: баланың жалпы жағдайы ауыр, бас ауруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Терісі «мәрмәр» түсті, бозғылт. Шырышты қабаттары таза, құрғақтау. Аңқасы гиперемияланған. Аһлап демалады. ТАЖ- 1 минутта 32 рет. Кеуде  қуысы кебінкі,   тыныс алғанда оң жақ жартысы артта қалуы байқалады. Перкуссия: оң жақ жауырын астында перкуторлық дыбыстың тұйықталуы анықталды. Аускультацияда: тыныстың қатаң болуы, тұйықталған аймақта әлсіреген тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары қатты, минутына 120 рет, ешқандай шулар естілмейді. Пальпацияда іші ауырсынусыз, жұмсақ. Бауыры қабырға доғасында, көкбауыры пальпацияланбайды.

Жалпы қан анализі: НЬ — 115 г/л, Лейк - 18,6 х109/л, т/я - 10%, с -57%, э - 1%, л - 23%, м - 9%, ЭТЖ - 28 мм/сағ.

 Кеуде қуысының рентгенографиясы: оң өкпенің VIII және IX сегменттері тұсында интенсивті қараюлар көрінеді.

 

Тапсырмалар:

1.Диагноз қойыңыз және оны түсіндіріңіз?

2. Қандай қосымша зерттеулер жүргізу   қажет?

3. Қанның биохимиялық талдауында қандай өзгерістер күтесіз?

4. Аурудың патогенезінің негізгі бөлімдерін атаңыз?

5. Қазіргі аурудың дамуына баланың бұрын ауырған қандай аурулары себеп болуы мүмкін?

6. Дифференциальды диагноз ?

7. Ем тағайындаңыз.

8. Қандай асқынулар болуы мүмкін?

9. Баланы амбулаторлық жағдайда емдеуге бола ма?

10. Бала сауыққаннан кейін канша уақыт емханада бақылауда болады?

11. Аурудың әр кезеңінде қандай физиоем жасауға болады?

12. Божамы қандай?

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.