Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 2 Ситуациялық есеп

    5 айлық бала. Бірінші қалыпты жүктіліктен мезгілі жетіп туылған. Туғандағы салмағы 3200 г, бойы 50 см.. Бірден жылаған,бірінші күннен емізге, 6-шы күні перзентхандан шыққан. Жас нәрестелік кезең асқынусыз өткен. 1 айлық кезінен, анасының ауруына байланысты (пневмониямен ауырып, бактерияға қарсы дәрі-дәрмектер қабылдаған) жасанды тамақтандыруға көшірілді. Жасанды бейімдетілген сүт қоспаларын бергеннен бастап нормадан артық салмақ қоса бастаған.

Отбасы анамнезі: анасында - азық-түлікке және дәріге аллергиясы бар, әкесінің дені сау.

   3 айлық кезінде бала ЖРВИ мен ауырды, дене температурасы жоғарылап, мұрынынан шырышты бөлінділер бөлінген. Симптоматикалық ем қабылдаған. Қазіргі ауруы жедел дене температурасының 38 ° С ға дейін көтерілуімен басталған. Келесі күні жағдайы күрт нашарлады: балада пароксизмалды жөтел, қиындаған ысқырықты ентігу  пайда болды.

 Қараған кезде баланың жағдайы ауыр. Тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады, мұрын желбезегі кеңейген, периоральды көгеру байқалады.   

ТАЖ минутына 60 рет. Перкуссияда: өкпеде қораптық тыныс естіледі. Аускультацияда: дем алғанда және дем шығарудың басында жаппай ұсақ сырылдар естіледі. Жүрек шекаралары: оң - 0,5 см   төстің оң жақ жиегінен ішке қарай, солға – орта бұғана сызығынан 0,5 см ішке. Жүрек тондары тұйықталған. Жүрек соғысы минутына 140 рет. Дене температурасы 38,6 ° С. Іші пальпацияда ауырмайды, аздап кепкен. Бауыры оң жақ қабырға астынан  2 см шығыңқы. Үлкен дәретке 2 рет отырған, сары түсті, қоймалжың,  патологиялық қоспалар жоқ.

Жалпы қан анализі: НЬ— 118 г/л, Эр - 4,Зх1012/л, Лейк - 6,2х109/л, п/я - 1%, с - 30%, э - 3%, л - 58%, м – 8%, ЭТЖ - 15 мм / сағ.

Кеуде қуысының рентгенограммасы: өкпе алаңы мөлдір, әсіресе шеткі бөліктерінде, диафрагма төмендеген.

 

Сұрақтар:

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Аурудың этиологиясы ?

3. Қоздырғышын анықтау үшін қандай әдістері қолданылады?

4. Ажыратпалы диагноз?

5. Емдеу принциптері

6. Осы жағдайда  глюкокортикоидтармен емдеу орынды ма?

7. Баланы қандай мамандарға  көрсету керек?

8.Физиотерапияның қай түрі қолданылады?

9. Баланы үйде емдеуге бола ма?

10. Болжамы?

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.