Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 1 Ситуациялық есеп

        Ұл бала  Ю., 9 жаста, жедел ауырды. Сәл сырқаттану белгісі байқалады, басы ауырады, мұрнынан көп мөлшерде сулы бөлінді бар, құрғақ кетпейтін жөтел бар. Аурудың алғашқы  2 күні қызуы қатты көтерілді, бірақ парацетамол берген соң түскен. Бала 1-ші жүктіліктен, жүктілік ақаусыз өткен, мерзіміне жетіп туған. Ерте жастағы дамуы қалыпты болған. Егулерді жасына сай алған. Балалар жұқпалы ауруларынан желшешекпен және эпидемиялық паротитпен ауырған. Окулист дәрігерде орта дәрежедегі миопия диагнозымен бақылауда тұрады.

    Ауру басталғаннан екінші күні қараған кезде: баланың дене бітімі дұрыс қалыпты,  тамақтануы қанағаттанарлықтай. Тері жабындылары таза, бозғылт көзге көрінетін шырышты қабаттары таза, аңқасында айқын катаральды көріністер, ринорея. Құрғақ жөтел сақталған.  Иек асты, алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері пальпацияланады, ұсақ, эластикалы, ауру сезімсіз. Аускультация кезінде тынысы қатаң,   жайылмалы симметриялы тұрақты емес құрғақ және әртүрлі калибрлі (әсіресе орташа көпіршікті) ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелден кейін сырылдар   жоғалады. Тыныс алу жиілігі минутына 22 рет. Перкуторлы: анық өкпелі дыбыс анықталады. Жүрек соғысы анық, ырғақты, аздаған тахикардия. Іші жұмсақ, пальпациялағанда ауру сезімсіз. Бауыр мен көкбауыр  пальпацияланбайды. Үлкен дәреті мен зәр шығаруы қалыпты.

Жалпы қан анализі: НЬ - 115 г/л, Эр - 3,2х1012/л, Лейк - 8,4х109/л, п/я - 2%, с - 21%, э - 7%, л - 63%, м - 6%, б - 1%, ЭТЖ - 14 мм/сағ..

 

Тапсырмалар:

 

1.Болжам  диагнозды негіздеңіз.

2. Тексеру жоспарын құрастырыңыз.

3. Осы жағдайда рентгенологиялық зерттеу қажет па?

4.  Манту сынамасын жасауға көрсеткіштерді атаңыз.

5. Ем тағайындаңыз.

6. Эпидемияға қарсы шараралар жоспарын құрыңыз.

7. Бұл аурудың алдын алу тәсілдері қандай?

8. Балалардың тыныс алу ағзалаларының анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін атаңыз .

9. Осы аурудың ең мүмкін болатын қоздырғыштарын атаңыз ?

10. Сіз қандай бронхообструктивті синдром белгілерін білесіз ?

11. Бұл ауруға  физиоем жасауға бола ма? Егер иә десеңіз, онда қандай физием?

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.