Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





V. Иммундық қабыну



V. Иммундық қабыну

Экссудативтік қабыну -негізгі сипаты жалқықтану, жалқық құрамы,ағзаны жарақаттаушы факторға байланысты.                                         

Сірнелі қабыну - химиялық немесе физикалық факторлар әсерлерінің нәтижесінен болады.                                                                      

Фибриноздық қабыну - даму себептері дифтериялық каринобактериялар, әр түрлі коктық флоралар,түберкүлез микобактериялары, дизентерия қоздырғыштары, экзо – және эндогендік уытты факторлар. Бұл қабынулы эксссудатта ПЯЛ, лимфоциттер, моноциттер, макрофагтар, көп мөлшерде фибриноген шығады, ол фибринге айналып ұйып түседі. Экссудаттың құрамында нәруыздың көлемі сірнелік қабынуға қарағанда көп. Фиброздық қабыну сілемейлік және сірнелік қабықтарда жиі дамиды.

Крупозды фибриноздық қабыну ағзалардың сілемейлік немесе сірнелік қабықтарда, бір қабатты жазық немесе өтпелі эпителиймен төселген, тығыз және жұқа дәнекер тіндік негізден тұратын жабындыларда дамиды. Осындай жерлерде оңай сылынып алынатын жұқа фибриндік қабық жасалады. Бұл қабыну кеңірдек және бронхы сілемейінде, фибриноздық плевритте сірнелік қабықтарда кездеседі.

Дифтериялы фибриноздық қабыну көп қабатты жазық немесе өтпелі эпителий төселген сілемейлі қабықты ағзаларда дамиды, ол болбыр жалпақ дәнекер тіндік негізден тұрады. Бұл қабынуда қабықтары қиын алынады, терең некроз және ойық жаралар пайда болады. Қабынудың бұл түрі қаңқа ,өңеш сілемейлі қабығында,жатырда, қынапта, ішекте, асқазанда, қуықты тері жарақаттарында болады.

Іріңдік қабынуда ірің тудырушы микробтар-стафилококтар, стрептококтар, гнококтар және т.б шақырады. Ірің қоймалжың зат, иісі бар, көк- сұр түстен әр түрлі реңде болады, нәруыз мөлшері 3 – 7 % және одан жоғары.

Іріңдік қабынудың негізгі түрлері:

1. Абсцесс – ірің қалта, шектелген іріңдік қабыну, іріңдік экссудатпен толған қуыстың жасалуынын болады. Абсцесс жарылып ірің шыққаннан кейін қуысы тыртықпен жабылады.

2.Флегмона – шектелмеген жайылған қабыну, іріңдік экссудат айналасындағы тінге сіңіп және оны айырып бөлшектейді. Флегмона тері асты шелді тінде, бұлшық ет аралық кеңістіктерде кездеседі.

3.Эмпиема – бұл дене қуыстарында немесе қуысты ағзаларда болатын іріңдік қабыну. Даму себептері іріңдік ошақтар көрші ағзадағы (мыс: өкпеқап қуысында), жартылай қуыс ағзаларда – өт қабықшасында, соқырішекте, жатыр түтіктерінде ірің ағып шығуының бұзылуынан.

4.Іріңдік жара – ол жараның іріңдеуінен болады, соның ішінде хирургиялық жаралар, сыртқы ортаға іріңді шығарған кезде жарақат бетінде іріңдік қабыну дамиды.

Геморрагиялық қабыну – микроайналымдық тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауымен сипатталады, эритроциттердің экссудатқа араласуымен жүреді.

Талаурамалы қабыну – сілемейлі қабықта дамиды, 2 – 3 аптаға созылады, жараның ізі қалмастан жазылады.

Пролиферативтік қабыну – жасушалық элементтердің пролиферациясы (көбеюі) альтерация және экссудациядан басым жүреді. Бұл қабыну жіті болуы мүмкін, бірақ жиірек созылмалы түрде өтеді.

1. Грануломатозды қабыну – көбеюге ұшыраған жасулардың түйіршікті – төбешікті пішіндес диаметрі 0,2 – 0,4 см өспелер жасалады.

2. Интерстициальды - жайылған қабынуда әр түрлі инфекциялық агенттер шақырады,вирустар, риккетсиялар, микроплазмалар. Қабынудың бұл түрі барлық ұлпалы ағзаларда олардың арқауында орналасын, қабынулық және иммунокомпонеттік жасушалар жиынынан тұрады.

3. Гиперпластикалық өскіндер – бұл да продуктивтік қабыну сілемейлі қабық арқауында болады, онда эозинофильдер, лимфоидтық элементтер және сілемейлі қабық эпителиінің пролиферациясы жүреді. Нәтижесінде қабынудан пайда болған полиптер (түймешіктер) жасалады: полипоздық ринит, полипоздық колит және т.б.

4. Жануарлар паразиттері және бөгде денелер айналасындағы қабыну продуктивті реакция ретінде сипатталады, олар фагоцитоздалмайды және жойылмайды, сондықтан дәнекер тіндерден тітіркендіргіштерді шекаралап бөліп тұруға бағытталған. Осыған орай бөгде дене айналасында грануляциялық тін және фибробластар, макрофагтар және бөгде дене «алып» жасушалар инфильтрат пайда болады.

Созылмалы қабыну – ол патологиялық процесс, патологиялық фактордың тарауымен және иммунологиялық жетіспеушілікпен сипатталды, қабыну ошағындағы тіндерде морфологиялық өзгерістер болады. Бұл қабынудың жалпы көрінісі фазалық ағым процессінің бұзылуы, бір сатының екінші сатыға ауысуы, альтерация және экссудация, пролиферация сатысына кезектесіп ауысуы. Бұл процесте ағзада иммундық жауабының бұзылуынан иммундық тапшылық дамиды. Қабыну ошақтарында микробтар табылады, бірақ лейкоциттер саны азаяды, олардың бактериоцидтік қабілеті төмендейді. Сонымен қатар регенерациялық үрдістер бұзылады. Жетіліп келе жатқан грануляциялық тінде созылған талшықтар аз, ал қалыптасып жатқан дәнекер тіндерде тұрақсыз коллаген байқалады. Жасалып жатқан эпителялдық жасушалар жетілмегендігімен сипатталады.

Иммундық қабыну – ол сенсибилизацияға ұшыраған ағзадағы бірінші иммунологиялық келіспеушілікке жауап реакциясы. Гиперсезімталдықтың тез түріндегі реакцияның қабыну аймағында экссудативті некрозды процесс дамиды, сірнелі – геморрагиялық экссудатпен сипатталады. Ал гиперсезімталдықтың баяу түрінде продуктивтік қабыну дамиды және созылмалы ағымда болады, олар ағзада жүретін иммундық, соның ішінде аутоиммундық процестерді көрсетеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.