Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I.Дистрофияның түрлері (зат алмасуына байланысты)



I.Дистрофияның түрлері (зат алмасуына байланысты)

1.ақуыздық (ақуыз)

2.көмірсу

3.май

4.минералды

5.аралас

6.сулы

7.КНЖ бұзылысты      

II.Орналасуына байланысты:

1.паренхимиялық

2.мезенхимиялық

3.аралас

III.Тұқымқуалаушылық жағдайына қарай:

1. туа пайда болған

2. тұқым қуалау жолымен

IV.Таралуына қарай:

1.жалпы

2. жергілікті

Паренхимиялық дистрофия үш топқа бөлінеді:

1. ақуыздық

2. майлық

3. көмірсулық

Ақуыздың дистрофия белгілі бір ауру шақырушы фактордың әсерінен жасушаға ақуыз тығыздалып немесе сұйық болып кетеді. Ақуыз тығыздалса жасушадан су шығып кетеді, ақуыз сұйықтанғанда жасушаға су жиналады.

    

Ақуыздың дистрофияның себептері:

1.түрлі жұқпалы ауруларда пайда болады

2. оттегі жетіспегенде

3. дене уланғанда пайда болады 

Ақуыздық паренхиматоздық дистрофия түрлері:

1.Түйіршікті дистрофия - паренхиомасы жақсы жетілген мүшелерде кездеседі (бауыр,бүйрек сирек жүрек). Бқл мүшелер үлкейіп, кесіп қарағанда көмескіленіп қалады, оны көмескі дистрофия деп атайды.

2. Гиалин - тамшылы дистрофия жасуша цитоплазмасында гиалин ақуызынан ұқсас ірі-ірі ақуыз тамшыларыпайда болады. Алкогольдік гиалин бауыр жасушаларында пайда болады.

3.Гидропиялық (сулы) дистрофия жасуша цитоплазмасында сұйықтықпен толған вакуольдің пайда болуы;

4.Түлеу- патологиялық процесстің күшеюмен қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде болуымен сипатталады.Патологиялық туа пайда болатын түрі ихтиоз деп аталады.

Ақуыздың мезенхимиялық дистрофия 4 түрі болады:

1. мукоидты ісіну

2. фибронноидты ісіну

3. гиалиноз

4. амилоидоз

Мукоидты ісіну ревматизм тобына кіретін аруларда кездеседі. Бұл процесске негізінен дәнекер ұлпа құрлысының жылдам бұзылуы жатады. Коллаген талшықтары ісініп , түтіліп , бір-бірінен алшақтайды.

 Фибриноидты ісіну дәнекер ұлпаның терең және қайтымсыз, фибринге ұқсас зат (фибриноид) пайда болуымн сипатталады. Дәнекер қлпа талшықтры ісініп , бір-бірімен қосылып , біртекті болып қалады.Фибриноидты ісіну нәтижесінде ұлпа өледі, сосын склерозға немесе гиалинозға айналады.

Гиалиноз -(грекше hyalos-мөлдір, шыны тәрізді) деп ұлпаларда (клеткадан басқаша) біртекті,күңгірт,гиалин шеміршегіне ұқсас ,қатты заттардың пайда болуын айтады.

Амилоидоз деп белокты зат алмасуының бұзылу нәтижесінде, клетка аралық ұлпаларда амилоидтың пайда болуын айтады.  

Көмірсу дистрофиясы:

1.гликоген алмасуының бұзылуы;

2.гликопротеидтер алмасуының бұзылуы;

1.Ішкен тамақпен организмге түскен глткоген ферменттік гидролиз нәтижесінде глюкозаға айналады, ал бауыр мен қаңқа бұдшық еттерінде осы гликоген түзіліп, қор түрінде жиналады.Организмге қажет болғанда осы қордағы гликоген глюкозаға айналып, зат алмасуы процессіне қатысады. Сондықтан оны тұрақсыз гликоген деп атайды. Ал жүйке жасушаларының, жүректің өткізгіш жүйесінің, қан тамырларының, дәнекер ұлпаның, шеміршектің құрамындағы гликоген өзгермейді, оны тұрақты гликоген деп атайды. Қанның қандағы құрамы нейро-эндокриндік жүйемен реттеледі. Мұнда гипофиз гормонның (АКТГ), ұйқы безінің (инсулин), бүйрек үсті безінің (глюкокортикоидтар,адреналин) рөлі зор.

Қантты диабетте глюкоген алмасуының бұзылуы осы аурудың негізгі белгісі.Ұйқы безіндегі Лангерганс аралшығындағы в-жасушаларынан бөлінетін инсулин гормонының жетіспеуінен глюкозаның глюкогенге айналу процессі бұзылып, қанда қан мөлшері көбейіп кетеді (гипергликемия) және олар зәрмен шыға бастайды (глюкозурия). Бауырдағы гликоген мөлшері өте төмендеп , оның орнын май басады.

Гликогенмен бірге организмге су шыға бастайды.Осыған байланысты бүйрек шумағында сүзу процесі күшейіп, бүйрек сүзгісінің мембранасы қалыңдап, капиллярлар арасында жасушалар (мезенгий жасушалары) көбейе түседі. Бұл өзгерісті диабетке байланысты гломерулоскероз деп атайды.

2.Гликопротеидтер алмасуының бұзылуы. Асқазан қабынғанда , оның шырышты қабатындағы бездердің тітіркенуі нәтижесінде секреция процесі күшейіп, асқзанның іші қабатын шырышты зат жауып тұрады (гиперсекретция).

Егер тиісті заттар мөлшерден кем пайда болса, онда шырышты қабықтар құрғап қалады(гиперсекреция).Көздің шырышты қабығының құрғауы (кератоконьюктивит) деп аталады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.