Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы (ЖИТС) .



Жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы (ЖИТС) .                                             

  Бұл синдром гомо және бисексуалды ерлер арасында жиі кездеседі, сонымен қатар наркотиктерді венаға жіберетін "ұжымдық"шприцтер пайдаланатын наркомандарда жиі болады, гемотрансфузия рецепиенттерінде, ата-анасы ЖИТС-мен ауыратын балаларда кездеседі.

ЖИТС қоздырғышы вирус болады, ол АИВ - адам иммунды тапшылық вирусы немесе ЛАВ - лимфоаденопатиялық вирустар.                                                                       Аллергия деп - ағзаның белгілі бір бөгде денелерге сезімталдығының жоғарылауы. Аллергия шақырушы затты аллерген деп атаймыз.                                                                      І. Шығу тегіне қарай:                                                                                                                  1.Экзогенді аллергендер                                                                                                                      - тамақ-ас(алиментарлық)

- дәрілік

- эпидермальдық

- шаң -тозаң

- сарысулық

2. Эндогенді аллергендер

- ағзаның өзінің тіндерінің және жасушаларының бөлшектелінген құрамдары, олар аллергендік қасиетті экзогендік табиғатты агенттер әсерінен пайда болады.

 ІІ. Иммундық жүйе жасушалары түріне қарай бөлінеді:

- В- лимфоцит тәуелді("гуморальді, иммуноглобулиндік")

-Т- лимфоцит тәуелді ("жасушалық")

ІІІ.Даму жылдамдығына байланысты 3 түрге бөлінеді:

- рекция гиперсезімталдықтың жедел түрі- тез басталады (мыс: аллергиялық ринит).

- реакция гиперсезімталдық кеш түрі-ол бірнеше сағаттан соң көрінеді(мыс: сарысулық аурудың кейбір түрлері).

 -реакция гиперсезімталдықтың баяу түрі олар аллергеннің " шешуші " әсері қайталап кездескеннен кейін сенсеблизация жасалған ағзада бірнеше сағаттан кейін байқалады.(мыс:туберкулиндік реакция немесе жанасулық дерматит ).

IV. Аллергия дамуы 3 сатыға бөлінеді.

1.Иммуногендік

2.Патохимиялық

3.Клиника - морфологиялық

Анафилаксиялық сілейме - адамда антигенді вена ішіне енгізгеннен кейін пайда болады. Ол алдын - ала сенсебилизацияланған ағзада дамиды. Тамыр қабырғаларының өткізгіштігі артып, сілемей қабық ісінеді, сілемей бөліну күшейеді. Соңында коллапс дамиды, есін жоғалтады.

Жедел есекжем және Квинке ісінуі, бұлар жергілікті анафилаксия немесе атопиялық көріністері. Адамдардың 10% шамасында жергілікті анафилаксия кездеседі, олардың даму себептері - өсімдік тозаңдарының , жануарлар қайызғақтары, үй шаңдары және т.б аллергендер түскеннен кейін жауап ретінде дамиды.

Жедел сарысу ауруы- пассивтік иммундеу кезеңінде бөгде қан сарысуын қайталап ағзаға енгізгенде дамиды.

Артюс феномені - дәрілік заттарды 4-10 сағат шамасында қайталап бір жерге жібергенде болады. Инъекция аймағында экссудативті некроздық реакция дамиды.

 Гиперсезімталдықтың баяу түрі механизмінен дамитын аллергия түрі (жасушалардың қалыптасуымен).                                                          

Патологияның бұл түрі сенсебилизацияланған Т- лимфоциттер қатысуымен болады. Бұл жасуша ішілік микробтық агенттерге, түберкүлез микобактерияларына , вирустарға, саңырауқұлақтарға ,қарапайымдылар мен паразиттерге иммунотектік жауаптың негізгі түрі.Мыс: туберкулиндік сынамаға - туберкулинді тері ішіне жіберілгендегі микобактериямен сенсебилизацияланған науқастың реакциясы: ол 8-12с дамиды.Туберкулинді жіберген жерде тін қатайып және қызару байқалады. 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.