Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Регенерацияның түрлері;



Регенерацияның түрлері;

1. физиологиялық

2. реперативтік(қайта орнына келу)

3. патологиялық

1.Физиологиялық регенерация – қалыпты жағдайдағы үздіксіз өтіп жататын процесс.Мысалы; терінің, ішек, тыныс алу жүйелерінің, қан элементтерінің жойылып, жаңаруы эритроцит – 100-120 күн, L – 8-10 күн.                        2.Реперативтік регенерация – жасушалар мен ұлпалардың әр түрлі себептерге байланысты зақымдануы нәтижесінде дамиды.

1.Толық регенерация – құйрықты қос мекенділерде жоғалтқан құйрықтарын тез қалпына келтіре алады (реституция).

2.Жасуша ішілік регенерация – егер жарақат болған тін орнына, дәнекер тіндік тыртық жасалса,бұл қалпына келу патологиялық жағдайда басым дамиды (субституция –жартылай жаңару) Мысалы; бауырдың жарты бөлігін алып тастағанда, кесілген жерде тыртык пайда болады.

3.Патологиялық регенерация немесе дисрегенерация –ол ұлпалардың қайта құрылуын көрсетеді және жойылған тінге толық ұқсастығы жоқ,ұлпаның қызметі қалпына келмейді немесе бұрмаланған болып көрінеді.

Регенерация процесінің морфогенезі;

1.Пролиферация «көбею – жас,әлі толық жетілмеген жасушалардың көбеюі»

2.Дифференцация «жетілу – сол жердегі жасушалардың орнын басады» Мысалы; терінің жаңаруы жасушаның бөлінуі « митоз, амитоз» арқылы, ми және жүрек бұлшық етінің жаңаруы, жасуша ішілік құрлысының жаңаруы мен атқаратын қызметінің қайта орнына келуімен байланысты.                               Регенерация бұзылысының түрлері:

- гипорегенерация - жойылған ұлпаның қалпына келуі өте жәй немесе мүлдем тоқтауы.                                                                                    - гиперрегенерация- ұлпа шамадан тыс артық болады және ағза қызметі бүлінеді.                                                                                          - метаплазия - ұлпаның бір түрінің басқа ұлпа түріне айналуы.Мұнда жойылған ұлпаның қызметі қалпына келмейді.

- дисплазия – регенерацияның бұзылуы, ұлпаның ісік алды өзгерістерімен сипатталады.

Атрофия –ағза және ұлпалардың морфологиялық құрылым көлемінің кішіреюі, олардың әрекетінің төмендеуі немесе түгелдей жойылуы.

Жасушалар атрофиясында ағза арқауы өз көлемін сақтайды және осы жерде бершіктену(склероз) жүреді. Көп жағдайларда атрофия – қайтымды процесс.

Атрофияның түрлері:

-физиологиялық, жасына байланысты ағзадағы және жүйелердегі қызметтік құрылымдық өзгерістер.

-патологиялық, ауру немесе зақым нәтижесінде ағзалар қызметінің төмендеуі.

-жалпылама қарттық жастағы кахексия, ашыққанда, бас миының әр түрлі ауруларында және тағы басқа патологиялық кахексия.

-жергілікті – тимустық, бүйректік, аяқ-қол бұлшық еттерінің атрофиясы.

Физиологиялық атрофия бірте-бірте дамиды, оның көмегімен ағза қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделеді.Қартаю дамуына қарай ішкі сөлініс бездері және басқада бездердің қызметтері төмендейді.

Патологиялық атрофия – әр түрлі аурулар шақыруымен байланысты өзгерістерге бейімделу үшін қажетті болып табылады.

Себептеріне қарай келесі түрлері ажыратылады: 

- мүшенің қызметі бұзылғаннан

-жаншылудан

-қан айналымы жетіспегеннен

-нейротрофикалық

-жарақаттаушы факторлар                                                                            

Дененің сыртқы ортамен күресу үшін және оған дененің жауап беру қасиеті – реактивтілік деп аталады, ал мүшелердегі болатын өзгерістер, оның әсері деп аталады.                                                                                        Реактивтілік түрлері;

Гиперергиялық «дененің күресу күші жоғары болғанда»

Гипоергиялық « дененің күресу күші төмен болғанда»

Анергиялық « дененің әсер етуі жоғалғанда»

Физиологиялық «иммунитет»                                                      Патологиялық:                                                                                                         а) диатез (тітіркендіргіштерге кері әсері)                                                        б) фобия ( биіктен, қараңғыдан және т.б қорқу сезімі)                                               в) терминалды жағдай(өмір мен өлім аралығындағы жағдай, клиникалық өлімге дейін жетеді).                                                                                                                               Ген –тұқым қуалаушылық хабаршысы, ал гендер жиынтығы генотип деп аталады. Генотипте пайда болған белгілер жиынтығы фенотип деп аталады. Тұқым қуалаушылық ата – анадан ұрпаққа беріледі.Психикалық аурулар, қант диабеті, аллергия және т.б                                                                         Тұқым қуалаушылыққа әкелуші себептер;                                                                    Жасуша геннің өзгеруі – мутагендер, ал гендік құрылымының бұзылуы – мутация деп аталады. Адамда 23 хромасома болады, егер қалыпты жағдайдан көп немесе аз болса оны хромосомдық ауру деп атайды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.