|
|||
Май және су-минералды тұздар дистрофиясы.Май және су-минералды тұздар дистрофиясы. Майлы паренхимиялық дистрофия деп жасуша цитолазмасында майдың көбейіп кетуін, майдың қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде пайда болуын немесе жиналып қалуын айтады. Клеткада майдың пайда болуы : клеткадагы май-белок қоспасының ыдырап, майдың көрініп қалуына (фанероз, декомпозиция),қанда май мөлшерінің көбейіп кетуіне (инфильтрация),майдың көмірсу мен белок есебінен көп жиналуына (тронсформация) байланысты.Майлы дистрофия жүректе, бауырда, бүйректе кездеседі.Май жиналу процесі клеьканың жойылуына(деструкция) соқтырады. Бауырдың дистрофясы. Алкогльдік гепотит- егер ауру арақ-ішуін тоқтатса, клеткалардағы май 2-4 аптада жойылады, егер тоқтатпаса цирроз дамиды. Қантты диабетке,инсулин гормонының жетіспеуіне байлвнысты , май қорларынан қанға өтіһуі күшейеді, себебі инсулин осы процеске қарсы әсер етуші(антилиполитик) гормон қатарына кіреді. Жалпы семіру қанда май мөлшрінің өте көбейіп кетуі (гиперлипидемия). Жүректің майлы дистрофиясы. Жүрек ұлпасына май қышқылдары көбірек келгенде,май алмасу процесі бұзылғанда пайда болады. Май тамшылары жиналған жерлер эндокард жағынан қарағанда ақшыл-сары түстегі жолақшылар түрінде көрінеді.Бұл жүректің "жолбарыс терісіне ұқсас " деп аталуы. Минеральды тұдар дистрофиясы (кальциноз). Адам организмінде Менделеев кестесіндегі химиялыұқ элементтердің 68 табылған олардың көпшілігі юиокатализатор рөлін атқарып,фермент,гормон,витаминдер түрінде кездеседі(жемсау).Мысалы:организмде йодтың жетіспеуі эндемиялық жемсау (зоб) ауруына әкеледі.Калийдің мөлшері азайса (гипокалемия), жүрек бұлшық еттерінде ұсақ некроз ошақтары, темір гемоглабин құрамына кіргені үшін, оның қандағы мөлшерінің азаюы анемияға әкеп соқтырады.Егер кальцийдің қандағы мөлшері азайып кетсе (гипокальциемия) спазмофилия ауруына ұшырайды. Кальций мен фосфордың қанмен сүйек ткані арасындағы тепе-теңдегін қалқанша маңы бездер гомоны - паратгормон , қалқанша без гормоны - тиреокальцийтонин ,бүйрекүсті гормоны - глюкокортикоид және Д витаминмен реттеледі .Паратгормон фосфоттардың бүйрек арқылы шығуын реттейді. Егер фосфор бүйрекпен көп шығарылса , қандағы мөлшері азаяды(гипофосфатемия). Глюкокортикоидтар кальцийдің сүйекке жиналуын тежейді, нәтижеде сүйектегі кальций мөлшері кеміп, кебек болып қалады(остеопороз). Д витамині Са мен Р ішектен қанға өтуіне жәрдемдесіп, олардың сүйекке жиналуына жағдай жасайды.Балаларда ультракүлгін сәулелердің жетіспеуіне байанысты Д витамині аз түзілгкгенде рахит (мешел) ауруына шалдығады. Кальций алмасуының бұзылуы кальциноз немесе әкті дистрофия деп аталады. Кальций мөлшерінің көбеюі гиперкальцимерия деп аталады. Әкті кальциноз қай жерде, қай тканьде шөгіп қалуына байланысты. Перикардқа шөгуі " темір сауыт киген жүрек " деп аталады. Туберкулез ошақтарында " петрификация " деп аталады. Тас деп әр түрлі қуыстарда, өзектерде тұздардың шөгіп қалуын айтады. Тастар өт және несеп жолдарында көп кездеседі. Өт тасы ауруы - өт қалтасында , өт жолдарында холестерин , өт пигменттері, әк пайда болумен сипатталады, өт жолдарында іркіліп қалады. Бүйрек тасы ауруы (тынжытас)- урат, оксалат ,фосфаттар болып табылады. Несепағар таспен тығындалып қалса гидронефроз, инфекция қосылса пионефроз деп аталады. Некроз (грекше -nekros-өлген )-деп тірі организмде жасушаның, тіннің, немесе ағзаның бір бөлігінің бүтіндей өлуін (жансыздануын) айтады. Жансызданған бөлікте зат алмасуы тоқтайды. Некроздың пайда болу себептері: 1.физикалық(су құю) 2. механикалық(жарақат алу) 3.химиялық(қышқылдар, сілтілер әсерінен ) 4.биологиялық(микробтар , вирустарсаңырауқұлақ және олардың улары) 5.Инфекция әсері (дифтерия ,туберкулез). Некроз дамудың сатылары: 1. Некроз алды (паренекроз)- жасушадағы қайтымды өзгерістер кіреді. 2. Өлу алды (некробиоз)- жасушада қайтымсыз өзгерістер пайда болады. 3.Өлу(некроз, некрофанезоз)- жасуша тіршілігі бүтіндей жойылады. 4.Өлгеннен кейінгі өзгерістер (неколиз, аутолиз) өлген жасушаның тін ферменттері әсерінен ыдырап, организммен шығарылуы немесе олардың сау тіндерден шекаралануы. Жасуша ядросындағы өзгерістр: 1.ядроның ісінуі 2.ядро мембранасының жарылып кетуі 3.ядроның бүрісіп қалуы 4.ядроның бөлшектеніп кетуі 5.ядроның еріп кетуі Жасуша цитоплазмасындағы өзгерістер: 1. цитоплазманың ұйып қалуы(коагуляция) 2.цитоплазманың бөлшектеніп кетуі(плазморексис) 3.цитоплазманың еріп кетуі(плазмолиз) Нероздың белгілері: 1.макроскопиялық 2.микроскопиялық Микроскопиялық белгілері: Дененің жансызданған бөлігі ісінеді, босаңсиды. Дененің жансызданған бөлігі оның сау бөлігінен сызық арқылы бөлініп тұрады. Бұл сызық -демаркациялық аймақ деп атайды да, жансызданған бөлігі -сау бөлігінен өзгеше бозғылттанып, иістеніп тұрады. Микроскопиялық белгілер: Жансызданған жасуша ядросы тығыздалып, бүрісір қатаяды. Цитоплазмада өзгеріс пайда болады.Жансызданған жасушаның ядросынан нуклейн қышқылдар цитоплазмаға шығады(кариорексиз), сосын ядро ериді (плазмолис). Жансызданғанда жасушаның ядросы болмайды. Жансызданудың түрлері: 1.коагуляциялық (құрғақ) некроз . Құрамында су болмайтын ағзаларда: жүректе, бауырда, бүйректе, көкбауырда дамиды. 2.колликвациялық (ылғалды) некроз . Құрамында су көп ағзаларда : өкпеде,ішекте, мида дамиды.Зақымданған ұлпа суды өзіне сіңіреп жұмсарады, сұйылады,ботқаға ұқсаған затқа айналады.Сосын ол жерде сарысулы ісік пада болады. Некроздың морфологиялық түрлері. Гангрена (шіру)-жансызданудың ең ауыр түрі: а)құрғақ; б)дымқыл; в)газды болып бөлінеді. Құрғақ гангрена құрамында су аз мөлшерде кездеседі. Дымқыл гагрена құрамында су көп мөлшерде кездеседі. Газды гангрена аяқ-қолда кездеседі.Қатты жарақаттанғанда оған анаэроб микробының түсуінен пайда болады. Мүшенің түсі өзгереді,бозғылттанады,шіріген иіс шығады, басып көргенде гангрена болған жерден газ иісі шығады. Секвестр- шіріген тіннің сау тіннен бөлінген бөлігі. Мысалы: сүйектің остеомиелит ауруында кездеседі. Некроз нәтижесінде болатын өзгерістер: Инкапсуляция- некроз айналасында дәнекер тіндері көбейіп, қалта (капсула) пайда болады. Петрификация- некроз ошақтарында кальций тұздарының шөгуі. Оссификация- сүйек пайда болады. Мутиляция-өлген жердің бөлініп түсуі(гангренаға ұшыраған аяқ,бармақтар). Атрофия (сему,грекше а-жоқ,trophe- қоректену) деп мүшенің көлемінің кішірейіп, қызметінің төмендеуі немесе тоқталуын айтады. Семудің түрлері: 1.физиологиялық; 2.патологиялық; Физиологиялық семуге балалардың кіндік қан тамыры, айырша без жатады. Патологиялық семуге – белгілі бір ауру тудырушы себептерге байланысты: 1.жалпы сему(кахексия); 2.жергілікті; Жалпы сему- жүйке және эндокриндік жүйенің, қатерлі ісік салдарынан пайда болады. Жергілікті сему –зат алмасу, трофика бұзылғанда, қанмен қамтамасыз етілген жағдайда пайда болады. Инфаркт-қан айналысының жылдам бұзылуы. Түсінің өзгеруіне қарай 3 түрі болады: 1.ақ 2.қызыл 3.геморрагиялық желекті ақ.
|
|||
|