|
|||
Иммунды процестердің бұзылуы. Аллергия.Иммунды процестердің бұзылуы. Аллергия. Иммуногендік реактивтілік -бұл ағзаның антигендік заттарға жауабы.Бөгде заттарды бұзады және ағзадан шығарады. Антиген-бұл иммундық реакцияны шақыратын, шығу тегі экзо немесе антигенді болып келетін зат. Антигендердің биохимиялық құрамына қарай 2 түрі бар: 1.Нәруыз және нәруызы бар қосындылар.Нағыз иммуногендік болатын жоғары күрделі молекулалы нәруыздар. 2.Нәруызсыз қосындылар-гаптендер.Оларға полисахаридтер, липидтер,йод,бром,висмут қосындылар дәрілік заттар жатады. Шығу тегіне қарай 2-ге бөлінеді. 1.Экзогенді антигендер негізінен инфекциялы-паразиттік текті, сиректеу- инфекциялық емес . 2.Эндогенді антигендер: - инфекциялық және паразитарлық - инфекциялық емес. Иммундық жүйе - ағзалар ,тіндер және жасушалар жиыны болып табылады. Бұл жүйе 3жасушалық субжүйеден тұрады: 1.А- жасушалар субжүйесі мононуклеарлық жасушалардан тұрады,олар моноциттер макрофагтар және басқа бір ядролы жасушалар. 2.В- жасушалар субжүйесі. В- лимфоциттердің әр түрлі клондарынан тұрады. 3.Т- жасушалар субжүйесі.Т-лимфоциттердің әр түрлі клондарынан тұрады.Олардың көбеюі және жетілуі айырша бездің қатысуымен жасалады. 2.Т және В лимфоциттердің орындаушы жасушалары бар: - Т- киллер (өлтіруші) - Т- хелперлер (көмекші) - Т- супрессорлар (тежеуші) Иммундық жүйенің қасиетін анықтаушы - толеранттық болады. Ол сол немесе басқа антигендерді иммундық жүйенің қабылдаушылығы. Толеранттық 3 түрге бөлінеді: 1.Физиологиялық- бұл иммундық жүйенің ағзаның өзінің нәруызының антигендерін қабылдамаушылығы. 2. Патологиялық толеранттық- шыдамдылықпен сипатталады.Иммундық жүйе реакциясы бөгде антигендерге жоғалу жайы. Бұнда иммундық жүйе бүлінген ,лимфоциттер жасалмайды, ағзада антиденелер түзілмейді. 3. Жасанды емдік толеранттық - иммундық жасуша белсенділігін басуға міндетті бағытталған әсерлер көмегімен жасалады.
|
|||
|