Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Экзогенді себептер;. Эндогенді себептер;



Экзогенді себептер;

1. бас мидың жарақаттануы

2. күн сәулесінің әсерінен

3. улану әсері, ішімдік,дәрі - дәрмек,саңырауқұлақ

4. алиментарлы, ашығу

5. әр түрлі жұқпалы аурулар

6. оттегі жетіспеуі

Эндогенді себептер;

1.бас мида қан айналуының бұзылуы

2. анемия

3. көп қан жоғалтқанда

4. эндокриндік аурулар

5. бүйрек және бауыр жетіспеушіліктері

6. тыныс жетіспеушілігі

 

Команың түрлері:

1. уремиялық кома

2. бауыр комасы

3. диабет комасы

4. гипогликемиялық кома

Уремиялық кома -бүйректің өткір немесе созылмалы ауруынан кейін,соңғы сатысында дамиды. Бүйректің қызметінің бұзылуынан, қанда зәрдің улы затты пайда болады. Қан арқылы бүкіл дене зәрмен уланады. Бүйрек ауруымен бірге гастрит, колит, плеврит, дерматит дамиды.. Аурудың жағдайы ауырлайды, ұйқысы бұзылады, құсады, іші өтеді, мазасызданады, соңынан есінен танады.

Бауыр комасы – бауырдың негізгі ұлпаларының өзгеруінен, өлуінен, гепатиттен, цирроздан кейін пайда болады. Бауыр комасы жәй басталады. Аурудың аузынан өзіне тән бауыр иісі шығады, терісі сарғаяды, қышыну пайда болады, соңында есінен танады.

Диабет комасы – денеде көмірсу алмасуының бұзылуынан, қантты диабеттің асқынуы пайда болады. Диабет комасында қанда глюкоза мөлшері көбейеді, қант диабеті ауруында инсулинді мөлшерден тыс қолданғанда дамиды. Алғашында әлсіздік сезінеді, басы қатты ауырады, аузынан ацетон иісі шығады, терісі өте құрғақ болады, бауыры үлкейеді, патологиялық тыныс алу пайда болады, ауру есінен айырылады.

Гипогликемиялық кома – қандағы қанттың мөлшері өте азайғанда пайда болады. Бұл комада бас мидың қоректенуі бұзылады, ауру жедел дамиды. Әлсіздік, басы айналады, құлағы шуылдайды, көзінің қарашығы үлкейеді,қан қысымы төмендейді, жүрегі қатты соғады, қол – аяғы дірілдейді, беті қызарады, терлейді,егер дер кезінде көмектеспесе ауру өліп қалуы мүмкін.

Француз ғалымы К.Бернар (1878) жылы өзінің көптеген зерттеулерінің нәтижесінде организмнің ішкі ортасының тұрақтылығының маңызы жөнінде айтқан.

Ішкі ортаның тұрақтылығы (гомеостаз) –деп организмнің қоршаған орта жағдайларына беймделу реакциясын айтады. Аурудың пайда болуы осы тұрақтылық қалпының бұзылып,организм мен қоршаған орта арасында жаңа қарым- қатынастың қалыптасуына байланысты. Организм осы өзгерістерге қарсы тұрумен қатар,оған бейімделе алады, ауруға шалдыққан мүшелер өзінің жоғалған қызметінің орнын толтыруға әрекеттенеді. Бұл өзгерстерді компенсаторлық процестер деп атайды. Ауру барысында пайда болған бейімделу және орын басу реакциялары аурудан жазылу негізін қалайды.

Бейімделу- орын басу реакциялары үш кезеңге бөлінеді:

1. компенсация (апат кезеңі)

2. субкомпенсация (беку кезеңі)

3. декомпенсация (ауруға шалдыққан мүшенің істен шығуы).             

Гипертрофия (гр.hyper – артық, trophe - қоректену )деп мүше, ұлпа, жасуша қызметіне талап күшейгенде, оның көлемінің шамадан тыс үлкеюін айтады.            Гиперплазия(гр.hyper – артық, plaseo – түземін ) деп жасушалар санының немесе жасушааралық құрылымдар санының көбеюі.                           Метаплазия(гр.metha – басқаша, plaseo – түземін ) деп ұлпаның бір түрінің, екінші түріне айналуы.                                                     Регенерация(лат.regeneratio – қайта жаңару ) деп жойылған жасушалардың, ұлпаның, мүше қызметінің жаңарып, қайта қалпына келуін айтамыз.                                                                              

Гипертрофия -қайтымды процесс, оны тудырған факторлар жойылса, ол орнына қайта келеді.                                                             Гипертрофия түрлері:

1.Физиологиялық немесе жұмыстық, бір немесе басқа да ағзалардың сау адамда бейімделу ретінде қызмет әрекетінің жоғарлауынан дамиды. Мысалы: бұлшық ет тобының немесе миокардтың адам спортпен шұғылданғанда үлкею гипертрофиясы.

2.Аурулық жайдағы гипертрофия, ол патологиялық өзгерген ағзада қызметтік жетіспеушіліктің орнын толтыру механизмі.

3.Компенсаторлық гипертрофия, ағзаның ұзаққа созылған гиперфункциясында дамиды, мұнда жұмыс жасайтын ұлпаның салмағы үлкейеді,бірақ ұлпаның өзі патологиялық процеске ұшырамаған (мысалы: артериялық гипертензияда дамитын миокард гипертрофиясы).

4.Регенерациялық гипертрофия жарақатқа ұшыраған ағзада сақталып қалған сау ұлпалардан дамиды, соның нәтижесінде жоғалған бөліктің орнын толтырады.

5.Викарлық (орын ауыстыру) гипертрофия, жұп ағзалардың біреуін алып тастағанда,сау қалған екіншісі оның орнына да жұмыс жасайды.

6.Нейрогуморальдық гипертрофия – эндокриндік бездердің қызметі бұзылғанда дамиды(мысалы: акромегалия).

7.Гигипертрофиялық ұлпалардың өсіп жайылуы.

8.Жалған гипертрофия – атрофия түскен ағзаның немесе ұлпаның орнына майлы және дәнекер ұлпа толып өсіп кетеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.