Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жіті қабынудың клиника – анатомиялық түрі.



                           Қабыну

Қабыну –күрделі жиынтықты процесс,3 өзара байланысқан реакциялардан тұрады: альтерация (жарақаттану), экссудация және пролиферация.

 І. Альтерация – жиынтықты биохимиялық реакциялардан туындайды, қабыну ошағына жасушалар жиналады. Қабыну медиаторлары жасушалық және плазмалық болып бөлінеді.

1. Қабынудың жасушалық медиаторлары – қабынудың негізгі орталық түйініне – тамырлық реакцияға кіреді.

2. Қабынудың плазмалық медиаторлары – қабынудың жасушалық медиаторларымен белсендірілген қанның 3 жүйесінен дамиды:-кининдик, комплементарлық және ұйытқыштық жүйелерден.

ІІ. Экссудация – артериолдар тарылады және кенет қан ағысының баяулауы болады. Осының нәтижесінде капиллярларға қанның келуі азайып жарақат аймағындағы тіндерде ишемия дамиды. Осы жердегі тіндердің тынысы нашарлайды, қабыну медиаторлары жасалады.

ІІІ. Продуктивті – мұнда қабыну процесі аяқталады. Гидролиздік ферменттер көмегімен қабыну аймағы өлген заттардан тазартылады және қабыну нәтижесінде жарақаттанған тіндер қалпына келеді

               Жіті қабынуының морфологиясы.

1. Альтерация сатысы. Қабыну жарақаттанған тіндер аймағында хемоаттрактанттар жасалуымен басталады, олар жарақаттан жасушалар ошағына қабыну медиаторларын жасап шығарады. Олардың ішінен қабыну процесіне қатысатын макрофагтар ерекше орын алады. Макрофагтар қабынудың жергілікті көріністерімен ағзаның жалпы өзгерістері арасында байланыстырушы түйін болып табылады.

2. Экссудация сатысы – жасушалар және тіндердің жарақаттанулары әр түрлі уақыт өткеннен кейін басталады. Мұнда көп мөлшерде лейкоциттер жиналады, осыдан лимфалық ісіну дамиды.

3. Продуктивтік (пролиферативтік ) сатыда қабыну аяқталады. Осы кезеңде қабынған тінде гиперемия кішірейеді, полиморфты ядролы лейкоциттердің саны азаяды.Қабыну ошағы макрофагтарға толады, олар өсіп – өніп көбейеді.

Жіті қабынудың клиника – анатомиялық түрі.

І Ағым жылдамдығына қарай:

-жедел

-созылмалы

ІІ Сатысына қарай:

-экссудативті

-пролиферативті

ІІІ Экссудаттың түріне қарай:

-серозды

-фиброзды:дифтериялы, крупозды.

-іріңді:абцесс, флегмона, эмпиема, іріңдік жара

-сасық ірің

-геморрагиялық

-аралас

-катаральды ( талаураған, сілемейлі)

IV Продуктивті қабынудың түрлері:

-грануломатозды

-интерстициальды диффуздық

-қабынулық гиперпластикалық жан-жаққа өсу

-жануарлар паразиттері мен бөгде денелерді айналдыра қабыну



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.