Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сатылары;



Сатылары;

 1.Эректильді

 2.Торпидті                                                                            Эректильді сатыда - адренальды -симпатикалық және гипофиз- бүйрек үсті рецепторларының күшті тітіркену әсерінен, ми жасушасында қатты қозу нәтижесінде зақымдану пайда болады. Бұл сатыда жүректің соғуы жиілейді, ҚҚ көтеріледі, бүйрек арқылы өтетін қанның мөлшері азаяды. Бас мидан, жүректен ағып өтетін қанның мөлшері көбейеді, тыныс алуы жиілейді.                           Тропидті сатыда - адренальды-симпатикалық жүйенің қызметі әлсірейді. Нәтижесінде ҚҚ төмендейді, жүрек соғуы баяулайды, қан айналымдағы қанның көлемі азаяды, қан тамырларында қанның ұюы басталады, улы заттардан қанда токсемия пайда болады. Тыныс алу мен айналу жүйесінің қызметі бұзылуынан, оттегі жетіспеушілігі дамиды. Бүйрек улы заттарды шығара алмайды , өкпе-газ алмасу қасиетінен айырылады. Адам бүйрек және тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінен өліп кетуі мүмкін.

Жарақаттық шок-сүйек бұлшық ет және ішкі мүшелер жарақатында дамиды;

Күйіктік шок дененің көп бөлігі күйгенде пайда болады. Денеге улы заттардың сорылуы арқылы «күйік ауруы»дамиды.

Анафилактикалық шок - адамөмірі үшін өте қауіпті аллергияның жедел түрі. Ол денеге вакцина,сары су,әр түрлі дәрі дәрмектер(антибиотик,сульфаниламид, аспирин, анестетик, витаминдер және т.б.) қабылдағанда пайда болады. Анафилактикалық шок тез дамиды.Эректильді сатысы өте қысқа, ол қорқыныш сезімі, мазасызданумен сипатталады. Орталық жүйке жүйесінің атқаратын қызметі төмендейді.Бронхтардың тарылуынан тұншығу болады.

Гемотрансфузиялық шоктобы сәйкес емес,қан құйғанда, тамырларда гемолиз пайда болады.Қан тамырларда қан жүрмейді.

Коллапс – жедел дамитын қан айналым жетіспеушілігі, тамырлар тонусының төмен түсуі нәтижесінде пайда болады, жүрек қызметі және қан қысымының төмендеуі болады.Артериялық және веналық қан қысымының төмендеуімен, мидағы оттегі жетіспеушілігімен, денедегі ең қажетті мүшелердің атқаратын қызметтерінің бұзылуымен сипатталады. Мұндай жағдай, көп қан жоғалтқанда, ішкі секреция жүйесінің қызметінің бұзылуында кездеседі.

Кома деп – орталық жүйке жүйесінің сыртқы және ішкі орта тітіркеністеріне жауап беру қызметінің жоғалуы.

Себептері:

1.Экзогенді

2.Эндогенді



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.