|
|||
НозологияНозология Денсаулық пен ауру адам өмірінің екі түрлі көрінісі қарама - қарсы ұғым,бірақ сау денеде де , ауру денеде де зат алмасуы үздіксіз болып отырады. Денсаулық адамның мінез құлқымен ,физикалық , социалдық жағдайының сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне сай үйлесімділігі. Денсаулық өлшемі:норма (қалыптылық) сыртқы - ішкі ортаның әсеріне тұрақтылығы. Ауру- сыртқы және ішкі ортаның зақымдаушы факторының әсерінен ұлпаның, мүшенің, дененің қызметінің құрлысының бұзылып өзгеруі. Нозология - ауру және олардың түрлері туралы ілім. Нозология аурудың себебін, дамуы мен нәтижесін зерттейді. Нозология үш бөліктен тұрады: 1.этиология, 2.патогенез, 3.морфогенез. Этиология - аурудың пайда болу себебі мен оның пайда болу шарттарын зерттейтін ілім. Аурудың себебі белгілі бір ауруды шақырушы патогендік факторға байланысты. әрбір аурудың өзіне тән белгілі бір себебі болады. Мысалы: түберкүлез ауруын шақырушы Кох таяқшасы, түберкүлез микобактериясы. Сифилис ауруын шақырушы сұр спирохеталар. Аурудың этиологиясы екі түрі болуы мүмкін: 1. эндогенді 2.экзогенді Эндогенді себептер: адамның өзінің денесіндегі сопрофиттік микробтардың адамның күресу күші әлсірегенде, патогенді факторға айналуы мүмкін. Мысалы: ішек таяқшасы. Экзогенді себептер:физикалық, химиялық, биологиялық,психикалық себептер кіреді. 1.физикалық- үсу, күю; 2.химиялық- тұздар, қышқылдар, сілтілер; 3.биологиялық- микробтар, вирустар, тірі микробтар; 4.психикалық-қатты күйзелу, қорқу. Аурудың этиологиясын білу, оның алдын алуға, этиотропты емдеу өткізу үшін керек. Патогенез - аурудың зақымдану мөлшерін, бейімделу қорғаныс реакцияларының механизмін аурудан жазылу немесе өлу процестерін зерттейді. Морфогенез - аурудың дамуында денеде болатын өзгерістерді зерттеу. Аурудың белгілерін - симптомдар, ал симптомдар жиынтығын - синдромдар деп атайды. Ауру дамуының бірнеше кезеңдері бар : 1. жасырын кезең (латентті ); 2. бей - жай кезеңі (продромальды); 3. аурудың нағыз қызған кезеңі; 4. аурудың аяқталу кезеңі. а) толық жазылу; б) уақытша тынышталу; в) асқынуы өлімге соқтыру немесе еңбекке жарамсыздық. Танатология - өлу заңдылықтарын оның себептерін, өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілім. Өлу процесі өте күрделі, бірнеше сатыдан тұрады: 1. жанталас алды күйі; 2. жанталас (агония); 3. клиникалық өлім; 4. биологиялық өлім. Өлімнің әрбір сатысы әртүрлі мерзімде өтеді. Мысалы: агония бірнеше минуттан, бірнеше сағатқа немесе тәулікке созылуы мүмкін.Клиникалық өлім 5-6 минуттан соң, биологиялық өлімге өтеді. Бұл кезде ОЖЖ, сосын басқа мүшелерде қайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап денені өлік деп атайды. Өлімнің себептері: 1.табиғи (физиологиялық); 2. зорлық-зомбылық; 3. ауруға байланысты. 1.Табиғи өлім - әбден қартайтып, дене қызметтері бірте - бірте әлсіреп, барып тоқтауы, тозуы. 2.Зорлық - зомбылық - нәтижесін сот медицинасы зерттейді. 3.Ауруға байланысты өлу себептерін - патологоанатомдар зерттейді. Биологиялық өлімнен кейін біраз уақыттан соң өлімнің морфологиялық белгілері мен өлімнен кейінгі өзгерістер дамиды. Сондықтан адамның анық өлгендігіне көз жеткізгеннен кейін (жалған өлім) өлікті клиникада 2 сағат сақтап , өлімнің алғашқы белгілері байқалғанда ғана патологиялық анатомия бөліміне көшіреді. Өлімнің алғашқы белгілеріне: 1. өліктің сууы; 2. өліктің сіресіп қалуы ; 3. өліктің кебуі; 4. қанның қайта бөлінуі; 5. өлік дақтары кіреді. Өліктің сууы - өлгеннен соң денедегі зат алмасу процесінің тоқтауы. Дене жылуы 0,5 - 1ºС -ден төмендейді. Өліктің сіресуі - дене бұлшық еттерінің қатайып, тартылып қалуына байланысты. Жақ, бет, мойын , беттерінен басталып, бүкіл денеге тарайды.1 тәуліктен соң, босайды. Өліктің кебуі - өлгеннен кейін денедегі сұйықтардың құрғап , буланып кетуінің нәтижесі. Қанның қайта бөлуі - өлгеннен соң артерия қан тамырының қысқаруы нәтижесінде, қан вена тамырларына өтеді, сосын қан вена тамырларында ұйып қалады. Өлік дақтары - өлгеннен соң 2-4 сағаттан кейін,өліктің төменгі беттерінде көкала - қызыл немесе қоңыр - күлгін түстер пайда болады.Қолмен басқанда жоғалып, біраздан соң өз реңіне келеді. Өлік дақтары - лейкоз және анемиямен ауырған адамдарда болмайды. Өлімнің кейінгі белгілеріне: 1.аутолиз; 2.өліктің шіруі жатады. Аутолиз процесі - гидролиздеуші ферменттердің әсерінің күшеюімен байланысты. Сондықтан аутолиз ферменттер көп болған ағзалардан басталады ( ұйқы безі, бүйрек үсті безі, бауыр). Асқазан - ішек жолы - пепсин, трипсин ферменттерінің әсерінен. Өліктің шіруі - аутолиз процестерінің күшеюінен , оған шірітуші бактерялардың қосылуымен түсіндіріледі. Шіру процесі қоршаған орта температурасына байланысты, жалпы 2-3 күннен басталады. Модул 2.1 Зақымдану. Альтерация түрлері: атрофия, дистрофия, некроз. Жарақат немесе альтерация дегеніміз - жасушалардың, жасушааралық заттардың, мүшелердің зат алмасуының, көлемінің, тіршілік әрекетінің қалыпты жағдайдан өзгеруі. Зақымданған мүшелердің өзгеруінің салдарынан, олардың тіршілік әрекеттері нашарлап, атқаратын қызметтері бұзылады.Жарақат 3 процесстердің біреуінен юолуы мүмкін. Себептері: 1.Экзогенді 2.Эндогенді Дистроия-(грекше dys- бұзылу және trophe- қоректендіремін) - жасушалар мен тіндерде зат алмасуының бұзылуына байланысты дамитын процесс. Дистрофияның даму механизмі: 1.Инфильтрация қан арқылы келген заттардың жасушаға немесе тіндерге, мқлшерден тыс көп сіңіп қалуы. Мысалы : атеросклероза қанда холестерин мөлшері көбейтіп қан тамырының ішкі қабатында (интима) сіңіп қалады. 2. Декомпозиция (ыдырау)қалыпты жағдайда бір-бірімен тығыз байланысқан, ал потологиялық жағдайда ыдырап жеке-жеке көрініп қалатын заттар. Мысалы : май-ақуыз қоспасы ыдырағанда жеке-жеке май және ақуыз заттары жиналып қалады. 3. Трансформация -бір заттың орнына екінші заттың түзілуі. Мысалы : көмірсулардан майдың пайда болуы. 4. Денатурация -бұрмаланған синтез. Ақуыздың қйып немесе бірігіп ірі тамшылар (коагулянттар) түзуі. Жасушалар мен ұлпаларда қалыпты жағдайда болмайтын заттар пайда болады. Мысалы: қанда амилоид ақуызы болмайды,кейбір ауруларда амилоид ақуызы синтезделип денеде пайда болады.Аммилоидоз ауруы дамиды.
|
|||
|