|
|||
Модул 1.1. Кіріспе. Денсаулық және ауру жөнінде түсінік. Ауру сатылары. . Оның соңы.Стр 1 из 17Следующая ⇒
Модул 1.1. Кіріспе. Денсаулық және ауру жөнінде түсінік. Ауру сатылары. . Оның соңы. Патология –аурулардың пайда болуының, дамуының және соңының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Ол патологиялық анатомия және патологиялық физиология пәндерімен тығыз байланысты.Бұл ғылымдардың өздері қалыпты анатомия, қалыпты физиология, гистология, биохимия, микробиология, генетика, иммунология және молекулярлық патология пәндерінің негізінен түзіледі.Сонымен қатар патология жалпы адамдардың және жекелей әрбір науқастың бойындағы аурулардың даму заңдылықтарын зерттейді. Патологияның дамуы ағзаның қалыпты және сырқат жағдайдағы реакцияларының маңызын анықтайтын негіз қалаушы бірқатар заңдылықтарды түсінуге көмектеседі. Патологияның екі түрі бар: 1. Жалпы патология 2. Жеке патология Жалпы патология айқын аурулар негізіне жататын патологиялық процестерді оқып зерттейді. Жеке патология белгілі бір ауруды оқып зерттейді,олардың себептері,даму механизмі, клинико- морфологиялық көріністері, асқынулары және аяқталуы, диагностика әдістері, емдеу принциптері және аурудың алдын алуын қамтамасыз етеді. Патологиялық анатомия – клиникалық мамандық, сондықтан патанатомдар аурухананың патологанатомиялық бөлімдерінде жұмыс жасайды. Атқаратын міндеттері мәйітті кесіп ашып,аурудың әсерінен болған ағзаларда және тіндердегі өзгерістерді зерттейді, өлім себебін анықтайды және патологоанатомиялық диагноз қояды. Микроскоп көмегімен биопсияны зерттеу, биопсия аурудың ағзасынан және тінінен кішкентай көлемде кесіп алып,оны микроскоппен қарау. Патофизиология – оқыту пәні және ғылыми мамандық. Оның негізгі әдісі адам ауруларының үлгісін жануарларға жасау, сөйтіп бүтін пациент үлгісін құрастыру. Кез келген дәрілік немесе дәрі емес заттар клиникада пайдаланудан бұрын, жануарларда сыналып тексеріледі. Патология дамуына отандық және шетелдік ірі ғалымдар – И.И. Мечников, К. Бернар, К. Рокитанский, Р. Вирхов, И.В. Довыдовский, Г. Селье өздерінің көптеген үлестерін қосты. К. Рокитанский бірінші рет патологиялық анатомия оқулығын шығарды.
|
|||
|