Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ылдардың физикалық-механикалық қасиеттері



Қылдардың физикалық-механикалық қасиеттері

Қылдардың негізгі қасиеттері –ұзындығы, жуандығы, беріктігі, тартылғыштығы,  серпіндігі, түсі және жылтырлығы арқылы оның құндылығы мен өндірістік қолданылуын анықтайды.

Түрі бойынша қылдарды топтастыру. Жоғарыда айтылғандай қылдар жылқы, ірі қара, қодас, борсықтікі деп бөлінеді. Жылқы қылы нағыз құйрық (оригинал-құйрық), желі (жилка), тұлым (косица), шорт кесілген (подкос), кесік (обруб или подрез), жал (грива), кекіл (челка), шаша қыл (щетка), тарам қыл (очес), ұйысқан (свалка), толысу немесе құлын қылы (жеребковый или выростковый), матрац қылына (матрацный) бөлінеді. Ірі қара қылдары құйрыққа, құлақ қылына, желке-кекіл қылдарына бөлінеді. Қодас қылы құйрыққа және бүйір қылына бөлінеді. Борсық қылы категорияға бөлінбейді.

Тапсырма 1. Студенттерге салмағы 5г үлгі қыл беріліп, оны түр-түрге, категорияға бөліп, қылдардың санын санап, аналитикалық таразыға өлшеп кестеге толтырыңдар.

 

Қыл аттары Саны, дана Салмағы, г Қалған белгілерінің сипаттамасы
Жылқы      
Ірі қара      
Қодас      
Борсық      

 

Қыл ұзындығын анықтау.Қыл ұзындығы негізгі тауарлық көрсеткіштердің бірі, өйткені бұл көрсеткішпен өндірістік қолданылуы өте байланысты. Осы қасиет әр түрлі факторлармен-жануардың жасы, тұқымы, күтіп-бағу жағдайы,  кесіп алу тәсіліне өте байланысты.

Тапсырма 2. Қылдардың ұзындығын анықтау үшін таза ақ қағаздың үстіне қылдардың бірнеше түрінен 3-5қылды алып, әрқайсысынан сызғышпен 0,1см дәлдікпен өлшейді. Бәрін өлшеп болғаннан соң ортақ есептеулерді жүргізеді. Өлшеу көрсеткіштері төмендегі кестеге түсіріледі:

 

 

Қыл түрлері Орташа ұзындық
Жылқы            
Ірі қара            
Қодас            
Борсық            

 

Қылдардың жуандығын анықтау.Қылдың бұл қасиеті де негізгі көрсеткішке жатады, өйткені ол беріктік пен серпінділікке өте байланысты.  Сондықтан қыл неғұрлым жуан болса, соғұрлым берік әрі құнды болатыны анық. Бұл қасиет жануар тұқымына,  түріне және терінің топографиялық бөліктеріне байланысты. Қылдың бір ерекшелігі ұзына бойына біркелкі жуандықта болуы. Жуандығын анықтау үшін окулярлі микроскоп қолданылады.

Тапсырма 3. Берілген үлгілерден 2 кесінді дайындап, микроскоппен қарап,  жуандығын мкм-мен есептеп шығарады. Алынған нәтижелерді 9 кестеге түсіреді:

 

Қыл түрлері І үлгі ІІ үлгі ІІІ үлгі Орташа жуандығы, мкм
Жылқы        
Ірі қара        
Қодас        
Борсық        

 

Қылдардың беріктігін анықтау.Қылдардың әртүрлі техникалық мақсатқа пайдаланатын болғандықтан, бұл қасиеттің маңызы зор екендігі белгілі, өйткені қыл әрі жуан әрі қыртысты қабаттың күшті жетілгендігінен ерекшеленеді. Қылдың беріктігін анықтау үшін Шоппер немесе ДШ-3М динамометрі қолданылып, қылды үзетін күшті әрі ұзарған ұзындықты анықтайды. Ол үшін қылдың әр түрінен ұзындығы 15см болатындай үлгілер алынады. Сосын осы үлгілердің бір ұшын динамометрдың үстіңгі қысқышына, екінші ұшын төменгі қысқышына қыстырып, динамометрді іске қосады. Сонда қыл салмақ күшімен біраз ұзарып барып, тартылып белгісіз бір жерінде үзіледі. Сол көрсеткіш үзетін салмақ болып есептелінеді.  Осылайша 3 үлгілер үзіледі де орташа үзетін салмақты есептейді.

Қылдың серпімділігін, түсін және жылтарлығын анықтау.Серпімділі қылдың маңызды қасиеттерінің бірі, өйткені оны металл мен әйнекті жылтылдатуға, әртүрлі сылауыш пен щеткаларды дайынлауға қолданады. Серпімділік дегеніміз қылдың салмақ түскенде майысып барып, қайта түзеліп орнынына келуі.

Қылдардың түсі әртүрлі:қара, ақ, көк, қоңыр, қызыл, алажабақ, т. с. с. Бұл қасиет қылдың құрамындағы әртүрлі қабаттарында пигменттердің бар болғандығына байланысты.

Қылдың жылтырлығы өте құнды қасиетке жатады да әртүрлі жыртырлықта болады.

Тапсырма 4. Жұмыстың орындалуы:Берілген әртүрлі қыл үлгілерінен мынадай көрсеткіштерді анықтау қажет:

- Қылдың серпінділігі-серпінді немесе серпінді емес;

- Жылтырлығы;

- Түсі;

- Тартылғыштығы;

- Майысқақтығы;

Әртүрлі қылдарды зерттеу көрсеткіштері 10 кестеге түсірілу қажет.

 

Нөмірі Қыл түрінің аттары Қылдың қысқаша сипаттамасы
Жылқы  
Ірі қара  
Қодас  
Борсық  

Қылдың бөтен қоспасын анықтау.Бұл көрсеткішті анықтау үшін қылдың әр түрінен салмағы 100 граммнан екі үлгі алынады.  12859-67 МССТ бойынша қылдың бөтен қоспасын анықтау үлгіледі 4 кеспектерде жуу арқылы мына төмендегідей тәсілмен жүргізіледі.

Ыстықтығы 50оС суы бар кеспекте 15 минут бойы жуылады (сұйықтық коэффициенті 1:40).  Осы кезде бөгде заттарды қолмен алып таза қағаз үстіне тасталады.  Содан кейін үлгілер ыстықтығы 400С кальций содалы ерітіндісі бар екінші кеспекте жуылады (1 литр суға 3-5 г сода салынған).  Температурасы 18-40оС таза суы бар үшінші және төртінші кеспекте 3 минут бойы шайылады.  Жуылған үлгілер аса ыждақаттылықпен сығылып,  құрғату шкафында 800С температурада 1 сағат бойы кептіріледі.  Кептірілген үлгілерді эксикаторға 1 сағат бойы ұстап,  0,1г дәлдікпен өлшенеді.  Сосын өлшенген қылдардың әр жерінен 10 граммнан үлгілер алынып, тұрақты салмаққа дейін құрғатылады.  ГОСТ 12859-67 қосымша бетіндегі әдіспен қылдардың тұрақты салмағы есептелініп бөгде қоспалар үлесі анықталады.

Қабылдау және таңбалаудың негізгі ережелері ГОСТ 12859-67 және ГОСТ 22384-77 келтірілген.  Осы стандарт талаптары бойынша қылдарды салмағына байланысты нафталинмен өңдеу керек (1 кг-ға 5 г).  Әртүрлі қылдарды су өтпейтін қаптарға салып, салмағы 40 кг-нан аспауы қажет.  Шикізат салынған әрбір қапқа қыл түрі,  салмағы (нетто және брутто),  ГОСТ нөмірі,  дайындау және қабылдау мекемесінің адресі жазылып,  транспорттың кез келген түрімен тасымалданады.

а) Қылдың түзулігін анықтау. Шошқа терісінің беті қылмен жамылған. Сондықтан терінің әр жерінде өсетін қылдар физика – механикалық қасиеттері мен техникалық сапасына қарай ерекшеленеді. Аса құнды қылдар терінің жотасынан алынып, жоталық деп аталады. Жоталық қылдар жоғары физика – механикалық көрсеткіштерге ие. Сапасы нашарлау болатын (жоталықпен салыстырғанда) қылдар бүйірден, жауырын, сан және сауырдан алынады(бүйірлік). Бауыр, төс, мойын асты, аяқтар, басынан «упаль»деп аталатын қылдар қырқылып алынады.

 

Сурет 45. Шошқа терісіндегі қылдарының топографиялық бөлінуі (Б.А.Кузнецов бойынша)

 

Қылдың түзулігі маңызды қасиет, өйткені ол өндірістік қолданылуын анықтайды. Әртүрлі щеткаларды дайындау кезінде түзу өзегі бар қылдар ғана керек. Ал түзу емес қылдарды жасанды түзету үшін қосымша құрал жабдықтар қажет. Қылдың түзулігін анықтау көз мөлшермен жүргізіледі.  Ол үшін мына әдістеме қолданылады:

Таза ақ қағазға қылдардың әр түрінен үлгілер-жоталық, бүйірлік және упаль қойылады. Жақсы ұшталған қарындашпен қылдың сұлбасы сызылады. Бір бүйірінен бұрыш сызылып бұрыштың градусына қарай түзулігі анықталады. Бұл бұрыш үшкір, доғал немесе түзу болады. Егерде бұрыш 1800 кем болса, онда қылшық түзу болмағаны.

 

Тапсырма 5. Шошқа қылының түзулігін анықтап, кестені толтырыңыз:

 

Қылдың түрлері  Майысу бұрышы Өзектің сипаттамасы
     
     
     
     
       

 

ә) Қылдың ұзындығын анықтау.Қылдың ұзындығы ең маңызды қасиеттерінің бірі, ол қылдың тікелей қолданылуына байланысты. Кейбір жағдайларда қылдың ұзындығы 20см дейін жетуі мүмкін,  бірақ жоталық қылдың ұзындығы 15 см аспауы керек. Сырлауыш және щетка өндірісінде 3 см ұзындығы бар қылдарды қолданады. Сондықтан ұзындығы 10см қылдар өте бағалы. 15 см ұзын қылдардың ұшы күшті айырылған болып, есептелініп сапасы төмен болады. Қылдың ұзындығы терінің топографиялық бөліктеріне, тұқымына, жасына, жынысына және дайындау аймағына байланысты. Сондықтан қылдың ұзындығын өндеу кезінде қатаң сортировкадан өтеді.

Қылдың ұзындығын металдық сызғышпен (ГОСТ 427-75) әртүрі бойынша жеке өлшенеді. Әрбір өлшеу үшін 5-10 қылды өлшеп орта арифметикалық көрсеткіштерді табады. Морта=е/n. Ол үшін таза ақ қағазға қылдың үлгілерін қойып пинцетпен қылдың екі жағын түзулеп дәлдігі 0. 1 мм мен өлшенеді.

 

Тапсырма 6. Қылдың ұзындығын өлшеп алынған нәтижелерді төмендегі кестеге толтырыңыз.

 

 кесте – Шошқа қылының ұзындығын анықтау көрсеткіштері

 

 

Қылдың түрлері

Қылдың ұзындығы, мм

Орташа ұзындығы, мм
 
Жоталық                      
Бүйірлік                      
Упаль                      

 

б) Қылдың жіңішкелігін анықтау.Қылдың жіңішкелігі дегеніміз қылдың көлдеңең кесіндісінің ені, қылшық неғұрлым жуан болған сайын оның беріктігі және серпімділігі артып аса жоғары бағаланады. Бұл қасиет шошқаның тұқымы, жасы, жынысы және топографиялық бөліктеріне байланысты. Жабайы шошқалардың жоталық қылдарының жіңішкелігі 250-350 мкм, бүйірлік қылда 175-275 мкм. Ал, үй шошқаларының қылы жіңішкелеу келеді. Мысалы, қой жүні қылшығы 52-160 мкм, жылқы қылы 150-210 мкм.

Қылдың жіңішкелігін анықтау микроскоп арқылы жүргізіледі. Ол үшін микроскоптың тубусына окуляр микрометр салынып қылдың әр түрінен 5 үлгі дайындалып микроскоппен қаралады.

 

Тапсырма 7. Шошқа қылының басы, ортасы және аяғының жіңішкелігін микроскоп арқылы анықтап, (мкм),   төмендегі кестеге толтырыңыз.

 

 кесте - Қылдың жіңішкелігін анықтау нәтижелері

 

 

Қылдың түрлері

Бөліктері бойынша жіңішкелігі

Орташа жуандығы, мкм

Басы Ортасы   Соңы
Жоталық            
Бүйірлік            
Упаль            

 

в) Қылдың беріктігін анықтау. Бұл қасиет шошқа тұқымына,  жасына, тері бөліктеріне және алғашқы өндеуіне байланысты. Ол өндірістік қолдану арқылы негізгі тауарлық қасиеттердің бірі болып саналады.  Қылдың беріктігі оның өзегі мен күшті дамыған қыртысты қабатына байланысты. Жаңа дайындалған қылдар өте берік болады. Мысалы,  жоталық қылды үзу үшін 1200 және одан асқан грамм күш түсіру керек. Ал, қой жүнінің қылшығын үзу үшін 42-46 грамм күш керек. Қылдың беріктігін анықтау үшін Шоппер жүйесіндегі динамометр қолданылады. Осымен қатар бұл құрал салыстырмалы және қалдық ұзындығын да тексереді. Әртүрлі қылдардың үлгілерін (ұзындығы 15см) жоғары және төменгі қысқышқа қыстырып, машинаны іске қосады. Қыл үзілгеннен кейінгі үзу салмағын тауып есептейді. Осы әдіспен әртүрлі қылдардың 3 үлгісін үзіп, ортақ арифметикалық шамаларын табады.

Pop=P1+P2+P3 /3,  мұндағы P1P2P3 үш қылды үзу үшін кеткен күш мөлшері.

 

 

Сурет 46 . Шоппер динамометрі

 

г) Қылдың серпімділігін, икемдігін, түсін және жылтырлығын анықтау.

Серпімділік дегеніміз иілген қылшықтың өз орнына қайтадан келуі. Қыл неғұрлым серпімді болған сайын, ол бағалы немесе керісінше.  Қылдың серпімділігі көз мөлшерімен анықталады (иілген қыл қандай жылдамдықпен түзуленеді). Қылдың икемділігі дегеніміз күш түсірудің арқасынан әртүрлі формаларға келіп, майысқақтығын айтады. Бұл қасиет те көз мөлшермен және табиғи жарық арқылы анықталады.

д) Қылдың таралуы.Бұл қасиет қылдың ұшында бірнеше талшыққа бөлінуі (жалауша). Сырлауыш және щетка дайындауда қылдың тарамдалған бөлігін алып тастайды. Кейде кішкене жалауша қалдырады. Сырлауышты дайындауда шамалы ғана дамыған жалауша қылдың сапасын арттырады (10-15%) ұзындығы бойынша, өйткені осындай қылдан дайындалған бояуды көп алып, жақсы сырлайды. Ұзын қылдың таралымы көп, жоталықта бүйірге қарағанда аз.

Жұмыстың орындалуы. Студенттер өздеріне берілген әртүрлі қыл үлгілерінен (жоталық, бүйірлік және упаль) мынадай көрсеткіштерді анықтайды: қылдың серпімділігі немесе керісінше; түсі; икемдігі; жылтырлығы және қылдың таралуы.

Тапсырма 8. Қылдың жоғарыда аталған атау көрсеткіштерін - кестеде келтіріңіз.

 

 кесте - Қылдың қысқаша сипаттамасы

 

Қылдың түрлері Қылдың қысқаша сипатттамасы
Жоталық  
Бүйірлік  
Упаль  

 

Тапсырма 9. Дәріс материалдары мен арнаулы әдебиет құралдарынан әртүрлі қыл түрлерінің жіктелуін оқу керек. ГОСТ 22384-77 және 13681-77-на сәйкес қылды түрі, белгісі, типтері мен қолданылуына байланысты бөлу керек.

Жоғарыда келтірілген мемлкеттік салалық стандарт талаптарында айтылғандай қыл күйдірілген (ыстық сумен) және құрама болып бөлінеді. Оларды түріне қарай жоталық (жоталық), бүйірлік (боковая) және упаль деп бөледі. Қылдың тауарлық құндылығын және өндірістік қолданылуын анықтайтын аса маңызды қасиеттері – түзулігі, ұзындығы, жіңішкелігі, үзуге қарсы беріктігі, серпіндігі, икемділігі, ұшаның бөлінгіштігі, түсі мен жылтырлығы болып табылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1 Қылдың түрлерін атаңыз.

2Қылды жүйелеу және тауарлық категориялары.

3Басқа материалдардан қылдың айырмашылығы не нәрседе?

4Қылды қасиеттері бойынша анықтаңыз.

5 Қылдың қай жері бағалы және оның сипаттамасы

6Қылдың ұзындығы, жіңішкелігі және беріктігіне қандай факторлар әсер етеді?

7Қылдың серпімділігі дегеніміз не?

8Қылдың жылтырлығы және икемділігі дегеніміз не?

9Қылдың таралуы және оның қысқаша сипаттамасы.

10 Қылдың түсі және оны анықтау.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.