Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бақылау сұрақтары



Бақылау сұрақтары

1Қылдар қалай сортталады?

2Күйдірілген қыл дегеніміз не және қандай факторлармен байланысты?

3Құрама қыл дегеніміз не, оның қандай айырмашылығы бар?

4Қылдағы бөгде заттар қалай анықталады?

5Қылдағы май мөлшерін анықтау техникасын қысқаша айтыңыз

6Қысқа немесе ұзын қылдардың үлесін анықтау техникасы

7 Упаль дегеніміз не?

8 Қылдың ылғалдығы дегеніміз не?

9 Қылдың түрі бойынша сипаттама беріңіз.

10 Қылдың физика-механикалық қасиеттері және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

 11 Қылдың физика-механикалық қасиеттеріне қандай факторлар әсер етеді?

 12 Қылдың беріктігін анықтау техникасы.

 13 Қылдың серпіндігін,  түсін,  жылтырлығын анықтау.

 14 Қылдың ұзындығын анықтау техникасы.

 15 Қылдың тауарлық категориясын атаңыз және сипаттама беріңіз.

4.5 Қауырсын мамық шикізатының тауарлық қасиеті мен сараптамасы

Сабақтың мақсаты:ГОСТ, ҚР СТ бойынша қауырсын мамық шикізатының жұпталуын зерттеп оқу. Әдістеме бойынша әртүрлі құстардың қауырсын-мамық шикізатының тауарлық қасиеттерін анықтап зерттеу.

Жұмысқа керек материалдар:Қауырсын-мамық шикізатының үлгілері, микроскоп,  аналитикалық таразы,  қысқыштар,  қайшылыр,  металл бюкстар,  ГОСТ 10.01.01.06.878 - Қауырсын - мамық шикізаты.

Әртүрлі құстар қауырсынының үлгілері,аналитикалық таразы,құрғату шкафы,Сокслет аппараты,сүзгі қағаз,бюкстер,эксикатор,қысқыштар.

 

Әртүрлі құстардың денесін жабатын және терінің өскелең қалдығын қауырсын-мамық деп атайды.  Бұл шикізат тек құстарға ғана тән,  өйткені ол әртүрлі размерлі көптеген үлкенді-кішілі қауырсын-мамықтардан тұрады.  Нағыз қауырсын қатты берік сабақты және оны екі жағынан қоршап тұратын табақша-пәрден құралады.  Қауырсын сабағы ұштыққа (очина) және діңі (ствол) пәрмен қоршалған - екі бөлімнен тұрады.

 

 

Сурет47.

 

Қауырсындардың мынада негізгі типтерін бөледі:

А. Жорамал қауырсын (контурные перья) құстардың денесін анықтайтын қауырсын- мамықтың жоғарғы ярусы.  Сондықтан олар қаттылау болып,  құс денесінің кейбір жерлерінде ғана өседі (птерилья).  Құс денесінің жорамал қауырсындар өспейтін жерлерін - аптерия деп атайды.  Осы жорамал қауырсындар дененің жорамал қауырсыны,  құйрықтың тікенек қауырсыны (кроющие перья хвоста),  бағыттаушы қауырсыны (рулевые перья крыла),  сермеуші қауырсыны (маховые перья) болып бөлінеді.

Б. Мамық қауырсын дар (пуховые перья) құстардың екінші негізгі қауырсын типін құрайды.  Олар жорамал қауырсындар астында жасырынып,  қауырсын жабынының төменгі ярусын құрайды.  Мамықтар жұқа,  қысқа өзекті және ұзын жіп секілді табақшаға бірікпеген негізгі өзектен өсетін көптеген бұтақшалардан тұрады.

В.  Кейде құстар қауырсы жабынында мамық пен жорамал қаурсын ортасында жата тын өтпелі қауырсын дар кездеседі.  Олар ұзын серпінді өзегі,  бірақ табақшаға бірікпеген бұтақшалары бар.  Мұндай құрамалар жартылай қауырсын- мамық (полупуховое перо) деп аталады.

 

Қауырсын түрлері: (Б.Кузнецов бойынша) 1 — жорамал қауырсын; 2 — қосымша мамық қауырсын; 3 — мамық қауырсын; 4 — жіпше қауырсын; 5 — қылтан; 6 — мамық  

Кейбір құстардың денесінде тауарлық құны жоқ айдарша (хохолок),  тәж (венцы),  т. с. с.  қауырсындар өседі.

Үй және жабайы құстардың түрі мен алануына байланысты қауырсын- мамық шикізаты қаз,  үйрек,  тауық,  маймаққаз,  аққу және күркетауықтікі болып бөлінеді.

    1 Қаздың қауырсын - мамығы өте бағалы саналады,  өйткені олар күшті серпінділігімен,  беріктілігімен,  жеңілдігімен,  жылуды аз өткізгіштігімен,  ұйыспайтындығымен әдемі түсімен және мамықтың көптігімен ерекшеленеді.  Қаз қауырсыны дененің әр жерінен алынуына байланысты мынадай тауарлық категорияларға бөлінеді:

а) Жазғыш(писчик) құс қанатының сермеуші қауырсыны.  Оның ұзындығы 20-35 см,  қатты,  серпінді,  жақсы жетілген,  ұзындығы 8 см-ден астам ұштығы бар өзекті болып,  қайратты,  майысқақ беттері симметриялық емес тарлау пәрлері (опахало) бар.  Осы қауырсыннан тіс щұқығыш,  қармақ қалтқысы,  жасанды гүл сабағын,  кейде щетка ретінде қолдануға болады.  Жазғыш қауырсындар желпуіш (веерное) қауырсындар (ұзындығы - см сермеуші қауырсын,  серпінсіз желпуіш тәріздес,  доғалданған пәрі және бүйіріне сәл иілген өзегі бар) және көлбеу (перо-косовка) қауырсындар (қисық көлбеу келген пәрі бар сермеуші қауырсын) болып екіге бөлінеді.

б) Қанатасты(подкрылок) - қаз қанатының тікенек қауырсыны мен құйрықтың басқарушы қауырсыны. Сермеуші қауырсыннан айырмашы- лығы мынадай: ұзындығы онша емес - 8-23 см,  жұқа келген қайратты емес өзегі,  мамық ассиметриялық пәрі бар.  Көбіне дранка (өзектің жартысы),  сосын басқа да қауырсын - мамықпен араластырып жастық ішін толтыруға жұмсалады.

в) Жұмсақ қауырсынды(мягкое перо) қаз денесінің жорамал қауырсыны.  Бұл қауырсындардың ұзындығы 5-15 см,  пәрінің ендігі 1, 5-4, 5 см.  Олар жұқа біріқ серпінді,  иілгіш- икемді,  сәл иілген өзегі және жұмсақ онша тығыз емес пәрден тұрады.  Жұмсақ қауырсынның құрамында салмағы бойынша 15 пайыздан астам мамық - түбіт болса,  онда оны жартылай мамықты деп атайды.  Осы жұмсақ қауырсыннан мойын қауырсынын (шейка) бөліп алады.  Олар жұқа онша серпінді емес өзектен және тар енді ұшы үшкірленіп келегн размері үлкен емес пәрден тұрады.

г) Мамық (пух) қазда өте қою,ақ немесе ақшыл көк түсті жылу ұстағыш,тамаша нәзіктік белгісі бар. Бір қаздан 250-300 грамм қауырсын үлесі-10; қанатасты-20; жұмсақ 50 және мамық үлесі 20 пайыз төңірегінде.

Сурет 50. Қаздың қауырсын түрлер: А, Б – жазғыш, В, Г – қанатасты қауырсын, Д – мойын қауырсыны, Е, Ж –жұмсақ қауырсын, З – жартылай мамық, И, К – мамық.

2 Үйрек қауырсын-мамық шикізаты қаздікіне қарағанда,онша бағалы емес,өйткені олар майда,серпіндігі әлсіз,кесек-кесек болып ұйысып қалады,мамық мөлшері де аздау болып,мынадай тауарлық категорияларға бөлінеді.

а)Қанатасты-үйректің қанаттарының сермеуші және үлкен тікенек қауырсындары.Қайратты серпінді өзегі және пәрі бар.

б)Жұмсақ қауырсын үйрек денесін жауып тұрады,өте кішкене размерлі,жұмсақ иілген өзегі,нәзік жақсы дамыған пәрі бар.

Сурет 51. Үйрек қауырсын түрлер: А, Б – қанатасты қауырсын, В – мойын қауырсыны, Г, Д – жұмсақ қауырсын, Е – жартылай мамық, Ж -мамық

3 Тауыққауырсын-мамық шикізаты үйрек қауырсын-мамық шикізатқа қарағанда сынғыштығы, жеңілдігінің аздығы, сабағының дөрекілігі, серпіндігі әлсіз, тез ұйпаланғыштығы, мамықтың болмауы себептерінен төмен бағаланады. Тауық қауырсыны әдетте күңгірт (сары, қара, ала-құла, и т.б) түсті болады. Тауық қауырсынды үйрек және қазда кездеспейтін қосымша сабағымен тануға болады. Тауық қауырсыны пәрлері үйрек және қаздың қауырсыны сияқты бұлыңғыр емес жалтылдаған жылтыр болады. Олар әдетте ұшына қарай тарылып ұшталады.

Тауық қауырсыны мынадай тауарлық категорияларға бөлінеді:

А) қанатасты – қатты, берік, қанаттың және құйрықтың ұзын қауырсындар.

Б) суырылған (срывок) –тауық денесінен суырылып алынған жұмсақ, борпылдық қауырсындар.

В) қалдық қауырсыны (подножное)-құс ұшасын толық тазалағанда әр жерінен алынған майда қауырсындар. Қанатасты және қалдық қауырсындар құрғақ мал азығын өндіруге қолданылады. Бір тауықтан 80-100 г шикізат алынып,оның ішінде –қанатасты -15,суырылған -60 және қалдық -25 пайыз.

Сурет 52. Тауық қауырсынның түрлер: А, Б – қанатасты қауырсын, В, Г, Д – суырылған қауырсындар, Е – қораздардың желке қауырсыны, қораздардың құйрық қауырсын.

4.Күркетауық қауырсын-мамық шикізаты –ірі, үлкен қайратты, мамығы жоқ болып келеді.Тауық шикізаты секілді, бұлар қанатасты және суырылған-жұлынған болып екі тауарлық категорияға бөлінеді. Бір күркетауықтан (еркегі) 70-100 г қанатасты, 200-250 г суырылған қауырсын алынады.

5.Маймаққаз (гагара) Ресейдің солтүстік жағында өмір сүретін қаздың бір түрінің қауырсын-мамық шикізатын дайындау процесінде екі категориядан тұрады: жұлынған (щипаный) және ұялық (гнездовой). Осы қаздың қарын жағындағы тікенек қауырсындар астында өте жеңіл келген жұқа, нәзік, серпінді, жылу өткізгіштігі аз мамықтар жасырынып тұрады.Сондықтан жұлынған мамықты өлген немесе ауланған қаздың қарын жағынан алынып, олар былғанышсыз,бірақ майлы серпіндігі әлсіз,ұйысуға бейім салмағы ауырлау келеді.Ал ұялық мамықтар жер астына салынған қаздың ұясынан алынып, құрғақтығымен, майсыздығы мен ұйыспайтындығымен және аз жылу өткізгіштігімен ерешеленеді. Осы құстың мамығы ұшқыштардың жылы киімін жылыту үшін,жылы шлемдерді,жемпер және басқа бұйымдарды тоқуға таптырмайтын шикізат ретінде қолданылады. Бір құстан 50-70 г, кейде 20-30 г мамық жинап алуға болады.

6. Аққу мамығы құстың қарын және кеуде жағынан алынады. Ересек аққу орта есеппен 500г қауырсын мен мамық береді, таза мамық үлесі 40 пайыз төңірегінде. Аққу мамығы өте нәзік, майысқақ, аппақ қардай немесе көкшіл ақ түсі болады.Олар көбіне суық өткізбейтін күртешелердің ішін толтыруға қолданылады. Мамықтың тауарлық категориялары тура қаздікіндей.

Шығу тегіне байланысты қауырсындар біркелкі (кормушечное) және шашыраңқы (рассевое) болып бөлінеді.Біркелкі қауырсындар құс бордақылау мекемелері, сою пунктінен,құс өсіру совхозы мен фермалар дан алынады. Алынған қауырсындар біртекті, сорттауға жеңіл,бөгде заттарсыз,бірақ кейде жоғарғы ылғалды,майлы және лас болып келеді.Шашыраңқы қауырсындар үй-үйде сойылған құстардың қауысынынан дайындағанда жиналған қауырсынды атайды.Олар көбіне құрғақ таза,бірақ құрамы мен түрі жағынан әртекті болып келеді.Оның сипаттамасымен толығырақ дәрісте танысасыз.

Дайындау дәрежесіне (по степени свежести) байланысты қауырсын-мамық шикізаты соны-жаңа (свежое), жатыңқы (лежалое), аз қолданылулы (спалое) және көп қолданылулы (спалое) деп бөлінеді.

Сурет 53. Дайындау дәрежесіне байланысты қауырсындардың бөлінуі: А – соны-жаңа қауырсын, Б – қолданылулы қауырсын.

 

Әртүрлі құс қауырсын-мамық шикізатының үлгілерін анықтау және толық жіктеуімен танысып,әрқайсысына жеке-жеке сипаттама беріп,ерекшелігін атап, әр түрлі категориялардың салмағын тауып, 11 кестеге түсіреді.

 

Нөмірі Жазғыш Қанатасты Суырылған Жұмсақ қауырсын Мамық
           
           
           
           
           
           

 

  Тапсырмалар:Әртүрлі құстардың қауырсын-мамық шикізатының тауарлық қасиеттерін зерттеу.

  Иісін анықтау.Қауырсын-мамықтың иісін салмағы 10 г үлгіні құрғату шкафында 35-400С температурада 10-15 минут қыздырып,сезім мүшелері арқылы анықтайды.

Сонылығын (свежесть) анықтау. Барлық дайындалған қауырсын-мамық шикізаты ТШ 10.02.01.06-878 бойынша соңы, жатыңқы, аз қолданылулы көп қолданылулы болып бөлінеді.

Соны қауырсын деп жанадан дайындалған,әлі қолданылмаған шикізатты атайды. Олар серпінді,тегістеу келген дұрыс формалы пәрі бар, өзектері сынбаған, иісі өзіне тән, ұйыспаған, ал қаз қауырсынында әлсіз ақ түс бар.

Жатыңқы қауырсын,әлі қолданылмаған, бірақ дайындалғаннан кейін көп жатып қалған. Ол өзіндік иісіті, ұйысқан, кейбір қауырсында формасы өзгерген. Қаздың қауырсыны әлсіз түсті, ал тауықтікі түссіз болып келеді.

Аз қолданылулы қауырсын аз ғана уақыт қауырсынды атаймыз.Оның серпіндігі жоқ десе де болады,пәрдің кейбір бөліктері өзегіне жабысып қалады. Ақ түсті қауырсында сары рең пайда болып,ұштығы қараяды.

Көп қолданылулы қауырсын көп уақыт қолданған қауырсынды айтады. Олар өте әлсіз серпінді, өткір иісті, майысқан пәрлері көп болады. Олардың сонылығын анықтау үшін таза ақ қағазға бірнеше дана жаңа және ескі қауырсындарды қойып,тиянақты қарап, екі үлгіні сырқы белгіліріне қарай отырып салыстырады.Бұл жұмыс бірнеше рет қайталанады.

Соны қауырсын мен мамық мына төмендегідей талаптарға сай болуы керек:қауырсын мен мамық ұсақ және мамықтантұрмауы қажет,  қаз бен үйректің қауырсынында мамық мөлшері тиісті талапқа сай келуі керек.  Қаз бен үйректің қауырсынында қанатастының үлесі жалпы салмақтың 3 – 5 пайыздай ғана болуы қажет.  Жазғыш қауырсынында түтік тәрізді,  әбден пісіп жетілген,  ұштық ұзындығы 8 см - ден кем болмауы,  ақ түсті,  бүтін болуы керек.  Сыртқы түрі бойынша қауырсын мамық таза,  бүтін,  серпінді,  еш жері бұзылмаған болуы қажет.  Түсі табиғи сары түсті қауырсындар болмауы керек.  Бірақ стандарт талаптары бойынша қауырсында бөгде заттар 3-15 үлесі пайыздан аспауы қажет.

Ылғалдылық мөлшерін анықтау. Бұл қасиетті былай анықтайды: салмағы 2г болатын үлгіні алдын ала құрғақтылған бюкске салып,  температурасы 1400С болатын құрғату шкафынде 3 - 4сағат тұрақты құрғақ салмаққа б дейін кептіреді.  Кептірілген бюксті эксикаторда 30 – 40 минут суытып, өлшеп,  қайтадан сағат бойы құрғатады.  Егерде бюкс салмағы кемісе онда тағыда кептіріп,  тұрақты құрғақ салмаққа дейін жеткізеді де мына формула бойынша есептелінеді.

Х тең (а-б/в)100; мұндағы а және б бюкстің құрғатылғаннан кейінгі салмағы; в үлгінің салмағы, г.

Бөгде заттардың мөлшерін анықтау. Оларды анықтау мына схема бойынша жүргізіледі: Таразыға мұқият өлшенген 50 г қауырсын,  20 г мамық және 100 г қанатасты таза ақ қағазға орналастырылып,  сілкілейді де қолмен үлкен бөгде қоспаларды бөліп алп қояды.  Сосын шикізатты екіжақты елекке тесіктері 1 мм болатын торлы түбі және қақпаға бар цилиндр тәрізді қорап орналастырады.  Електен бөгде қоспалар біткенге дейін електі сілкілей береді.  Бөлінген бөгде қоспаларды мұқият таразыға өлшеп,  үлгілердегі үлес салмағын пайыз арқылы есептеп шығарады.

 Х = (а/б)100 ;мұндағы а - бөлінген бөгде қоспа салмағы,  б - анализге алынған үлгі салмағы, г.

Ескерту: Қауырсын қан немесе нәжіспен былғануын айрықша атап көрсету керек.

Қауырсын мамық шикізатының біркелкілігін анықтау. Дайындалған шикізаттан салмағы 50 г қауырсын және 20 г мамық үлгілер алынады.  Осы үлгілерді таза ақ қағазға салып,  тор арқылы құрама бөліктерге бөледі: размері бойынша қанатасты; қауырсын,  мамық; түріне қарай тауық,  қаз,  үйрек,  күркетауық,  маймаққаз немесе аққу.  Әрбір бөлінген қауырсын мамық бөліктерін жеке жеке өлшеп,  тиісті үлестерін есептеп шығарады:

Х = (а/б)100 ;мұндағы а - бөлінген бөгде қоспа салмағы,  б - анализге алынған үлгі салмағы, г.

Жұмыстың орындалуы. Қауырсын мамық шикізатынын сапасын анықтау үшін олардың түрін,  қауырсынның категориясын,  құрамының біркелкілігі,  физикалық жағдайларын (түсі,  иісі,  ластануы,  ылғалдылығы,  майлылығы,  бұзылу белгілері,  тағы басқалары) зерттеу қажет.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.