|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ірі қара ішек жиынтығыІрі қара ішек жиынтығы Түтіктерге дорбаларға шеңбер және артқы тесіктерге бөлінеді. Түтіктер стандарт ережесіне сәйкес белгілі ұзындықта болады. Өйткені ірі қара малының әрбір тұқымында әртүрлі ұзындықты ішектер кездеседі. Дайындалған түтіктердің қабырғалары берік созуға бейім іріңді ісіктер жоқ болуға тиіс. Ірінсіз ісік пен тұзды дақтар ірі қара түтігінде ақаулар болып саналмайды. Ірі қара ішегінің түтіктері қабылдау кезінде 2 сортқа бөлінеді. 1 сортқа ашық сары түсті ұзындығы 2 м кем емес 6 кесінді тесіксіз қызғылт дақтарсыз таттанбаған қалдықтар үлесі бүкіл ішектер үлесінің 10 % аспайтын және будадағы ішектер ұзындығы 18 м ден кем емес ішектер жатады. 2 сортқа көкшіл түсті ұзындығы 0, 5 м ден кем емес кесінді тесіксіз таттану ішкі және сыртқы ластануы мен қызғылттануы 20% дан аспаған ішектер жатады. Жартылай фабрикат түтіктерге түсі өзіне тән кесінді ұзындығы 2 м кем емес 6 ішек ұшы будадағы барлық ішетер ұзындығы 18 м ден кем емес және буда ұзындығы 0, 5м болатын ішектер жатады. Будадағы ішектер ұзвндығы 5 пайызға ауытқуы мүмкін. Дорба ашық және тұйық болып бөлінеді бірақ соңғысы алдынғысынан қысқа болмауы керек. Дорба қабырғасы берік жара мен ісіктерден ада шәріген иісі жоқ болуы тиіс. Іріңсіз безеу мен тұз таңдақтары жіберіледі. Дорба жақсы тұздалған лас заттармен бөгде қоспаларсыз әрбір кесіндінің ұштары мұқият кесілуі тиіс түсі ашық қызғылттан көкшілге дейін табиғи иісі 1 байламда 10 дана ішектер болуы қажет. Шеңбер талаптарына сәйкес ұзындығы 10 м ден кем емес және қабырғалары берік шіріген иіссіз ашық қызғылттан көкшіл түске дейін әрбір кесіндінің ұзындығы 0, 5 м ден кем емес 6 ішек бір будаға байланады. Күшті бүлінген ішектер браққа шығарылады. Артқы тесік майсызданған кілегейлі қабықсыз және ұзына бойы бұлшық ет қабатынсыз қабырғаларында 2 тесік жіберіледі жақсы тұздалған бір байламда 10 данадан аспайтын ішектер болуы тиіс. Несеп қуығы тұздалған және құрғақ болып бөлінеді. Тұздалған несеп қуығы ішкі лас қалдықтардан арылған майсызданған және сірілі қабықсыз болуы керек. 1 сорт құрғақ қабырғасы берік майысқақ бөгде қоспаларсыз кеміргіш жәндіктердін бұзған жерлерінсіз тесіксіз ақшыл алтын түстес бір байламда 25 данадан. 2 сорт бірінші сорт сипаттамасындай бірақ майысқақ емес жылтырлығы әлсіз ашық қоңыр түстес. Қой және ешкілердің ішек жиынтіғы (15082-87 МССТ ы ) түтікке дорбаға және қуысқа бөлінеді. Осы ішек жиынтығы ірі қара ішектеріне арналған техникалық шарт талаптарының сипаттамасын қанағаттандыруы керек. Құйрықты қойлардан алынған ішек түтіктері өте ұзын болғанымен және қабырғаларының беріктігімен ерекшелінеді. Ішек қабырғалары берік шіріген иіссіз таттану мен тесіксіз қой және ешкі түтіктері кондициялық деп есептеледі. Ал қабырғалары әлсіз қара және жасыл түсті таттанған және күшті бұжырланған ішектер браққа жатқызылады. Қойдың ішек түтіктері 2 түрген бөлінеді 1 топқа қабырғалары берік ұзындығы 24 м ден кем емес құйрықты қойлардың ішек түтіктері ал 2 топқа қабырғалары онша берік емес ұзындығы 22м ден кем емес басқа қой тұқымдары мен оның будандарының ішек түтіктері жатқызылады.
Кесте - Түтік сорттарының сипаттамасы
Қой және ішкі түтіктерінің барлық сорттарының сараптық және физикалық көрсеткіштері-ашық немесе күңгірт көкшіл түсті, табиғи өзіне тән иісті, шіріген немесе басқа иіссіз, таттану, зеңдену, қызғылттануы жалпы аумақтың 10 пайызынан артық емес, сирек және майда бұжырлан- ған, патологилық ақаулар(іріңді ісік, жара, бітісіп қалған, т. б. )жоқ болуымен сипатталады. Дорба отокадан бөлінген, ішкі май мен лас заттардан ада, сумен жуылған, 13830-81 МССТы бойынша бірінші сортты №2 тұз үгіндісімен тұздалған, 40-см-ден кем емес ұзындығы болуы керек. Төмендегі кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес дорбаның сараптық және физикалық көрсеткіштері мынадай болуы керек.
кесте- Дорба сорттарының сипаттамасы
Қуыстар (гузенки) сортқа бөлінбейді, бірақ олар отокадан бөлінген, майсызданған, ішкі қалдықтардан арылған, сумен жуылған және таза тұзбен тұздалған, қзындығы-60см-ден кем емес, ашық қызғылт немесе көкшіл түсті, қабырғалары берік, тесіксіз, таттану-10%, қызғылттану мен ішкі және сыртқы қалдықтар 20%-тен артық емес (жалпы аумақтан), шіріген иісі мен патологиялық ақаулары бар қуыстар өндіріске жіберілмейді. Қой және ешкі ішек түтігінің сорттарын белгілеу үшін өру немесе байлау кезінде тиісті сортта сәйкес түйіндер түйіледі:мысалы –І сорт-1түйін, ІІ сорт-2 түйін, ІІІ сорт-3 және IV сорт -4 түйін. Дорба сорттарын белгілеу үшін байланған жіп ұштарын жоғарыдағыдай етіп түйеді. Қуысты қосымша бір түйінмен байлайды. Шошқа ішек жиынтығы 10. 02. 01. 147-91 техникалық шарт бойынша түтікке, бітеу және қуысқа бөлініп сортталады. Шошқаның ішек түтіктері (черевы) жалпы ұзындығы 12м-ден кем емес будаға буылады. Кесінді саны 3 (І сорт) және 6 кем емес (ІІ сорт). Будадағы кесінділер ұзындығы 0, 5 м-ден кем емес (ІІ сорт), ал 1, 0 м-ден кем еместігі-1сорт. Шала өңделген шошқа түтігі сортқа бөлінбейді, фабрикат-түтіктер-2сортқа және жартылай фабрикатқа бөлінеді. Ішкі қалдықтары мен таттану 5%-тен аспауы керек. Ал қабырғалары берік, түсі әртүрлі, тесіксіз, іріңді ісік пен жарасыз, шіріген иісі жоқ ішектер кондициялық болвып саналады. Шошқа бітеу (глушки) ішектерінің қабырғалары берік, тесіксіз, іріңдеген ісік, жарамсыз, шіріген иіссіз, жалпы аумағының 10%-інен аспайтын сыртқы ластану жіберіледі. 10. 02. 01. 147-84 техника-лық шарт бойынша шошқа бітеуі сорттарға бөлінбейді. Шошқа қуыс (гузенки) ішектері, бітеу ішектер сияқты, стандарт талаптарына сәйкес болуы ке-рек. Бір байламда 10 данадан кем болмайтын қуыс пен бітеу болуы шарт. Қуыстың басы бұзылғаны, майда таттану (жалпы аумақтың 10%) мен қызғылттану жіберіледі. Жылқы ішек жиынтығы (10. 02. 01. 150-91 техникалық шарт) жоғарыда айтылғандай жылқының ішектерінің ішінде тек қана ішек түтігі іске жаратылады. Жылқының ішек түтігі (шала өңделген өнім, фабрикат - І-ІІ сорты, жартылай фабрикат) будада 10м-ден кем емес, қабырғалары берік болуы қажет. Іріңдеген безеу, жара, ісік, бітіскен жерлері, шіріген иісі жоқ болса ғана жіберіледі. Шала өңделген ішек түтігі стандарт талаптарына байланысты сорттарға бөлінбейді. Түтік-фабрикат сапасы бойынша Іжәне ІІ сортқа бөлінеді. Өңделген ішек (фабрикат)сорттау және калибровкалау. Ішек фабрикатының сапасын анықтау екі операциядан-сорттау жіне калибровкалаудан тұрады. Калибровка дегеніміз ішектердің енін (диаметрін) әрбір екі метрден кейін өлшеу. Сорттау дегеніміз олардың ақауларын тексеріп ішектерді белгілі сорттарға бөлу. Әртүрлі ақаулар мен кемістіктер көзбен қарап, ауа немесе суды қысыммен үрлеу арқылы анықталады (әсіресе қой жіне ішек түтіктері). Әртүрлі ішектердің калибрге бөлінуі барлық техникалық шарттарда көрсетілген.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|