|
|||
Жануарлар қылын қабылдау және сұрыптау4.4 Жануарлар қылын қабылдау және сұрыптау Жұмыстың мақсаты: Қылды қыбылдау, сұрыптау, теңдеу және сақтау әдістемесін меңгеру, сонымен қатар ГОСТ талаптарымен жұмыс істеуді және қолдануды білу. Жұмысқа керекті:Қылдардың үлгілері, қайшылар, сызғыштар, динамометр, қысқыштар, сүзгі қағаз, ГОСТ 12859-67 және 12857-78 шошқаның әртүрлі топографиялық бөліктерінен алынған қылдың үлгілері, техникалық таразы, құрғатқыш шкаф, пинцеттер, сода ерітіндісі, ГОСТ 13682-77 «Күйдірілген қыл» және ГОСТ 22384-77 «Құрама қыл».
Қылды қабылдау партия бойынша жүргізіледі. Партия дегеніміз сапасы жағынан бір құжатпен толтырылған қылдың кез-келген мөлшері. Сомы қылшық (щетина -сырец) дегеніміз теріден немесе денеден алынған бірақ, әлі өңделмеген қылтүрлері. Осы қыл дайындалуы бойынша 3 санаттарға бөлінеді. Қыл - оригинал, түлеу қыл және сұрыпталған қыл (ақырғысы тағыда 3 сортқа бөлінеді). Оригинал қыл- ол денеден немесе теріден жылу арқылы алынған сортталмаған қыл. Түлеу қыл - сұрыпталмаған аралас қыл. Ол құрғақтау, жіңішкелеу және күңгірттеу арқылы ерекшеленеді. Сұрыпталған қыл 3 сұрыпқа бөлінеді. Бірінші сұрып - жоталық түзу, серпімді және қайраттылау келеді;екінші сорт-бүйірлік иілген, қайратты емес және қайратсыздау;үшінші сорт – упаль(шошқа түбіті) - кішілеу, иілген, жұмсақ және аралас. Сұрыпталған қылдың бірінші, екінші сұрыпын қабылдау кезінде сортталған анықтау бүкіл қыл партиясын қарау арқылы жүргізіледі, ал үшінші сұрыпт қылды қарау партияның 10-15 пайызына жүргізіледі. Бірінші екі сұрыптың қылдарын жіңішке жіппен салмағы 100-200 г болатындай буады. Тері өңдеу өндірісінде шошқа терісінен алынған қылдарды жұлынған (дерганная) және химиялық (намазная) деп бөлінеді. Қазіргі кезде қылдарды химиялық әдіспен алу тәсілі ұзындығы 6 см дейінгі қылдары дайындауға рұқсат етілген. Жоғарыда айтылғандай қабылдау және сорттаудың негізгі ережелері ГОСТ 13681-77, ГОСТ 22384-77 арқылы жүргізіледі.
|
|||
|