Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бақылау сұрақтары



Бақылау сұрақтары

1 Соны қауырсын сипаттамасы

2 Жатыңқы қауырсын сипаттамасы

3 Аз қолданылулы қауырсын дегеніміз не

4 Көп қолданылулы қауырсын дегеніміз не

5 Қауырсынның иісін қалай анықтайды

6 Қауырсындағы ылғалдылықты анықтау техникасы

7 Бөгде қоспаларды анықтау техникасы

8 Қауырсын мамық біркелкілігін анықтау техникасы

 

 

4.6 Қауырсын мамық шикізатын қабылдау және сұрыптау

Сабақтың мақсаты: ТШ  92.1800 бойынша қауырсын мамық шикізатын қабылдау сұрыптау және сақтаудың негізгі ережелерін оқып үйрену.

Жұмысқа керекті материалдар: ОЕП. ТШ 92.1800 қауырсын мамық шикізаты,  олардың әртүрлі үлгілері, 49. 186-82 ССТ құжаты.

 

Қауырсын мамық шикізатын қабылдау мен сұрыптау ОЕП. 92. 1800 техникалық шарт бойынша жүргізіледі.  Бұл шикізатты қабылдау партия бойынша жүргізіледі. Партия дегеніміз сонылығына және қауырсын мамықтың түріне қарай бір құжатпен тіркелген шикізаттың кез келген мөлшері.

Қауырсын мамықты қабылдау жиегінің биіктігі см арнайы ұзындау тарлау келегн столда табиғи жарықта көзбен мұқият қарап жүргізіледі. Қауырсынды қарау үшін олар тиелген қаптың кез келегн жерінен бір қос үлгі алынады да әрбір үлгі жеке жеке алдымен сыртынан,  сосын ортасын жарып жүргізіледі.  Түрі бойынша сортын анықтау мынадай негізгі белгілері бойынша жүргізіледі:

Біркелкілік сипау арқылы анықталады;

Бөгде заттың жоқтығы көз мөлшермен бөгже қоспа мөлшері анықталады; сонымен қатар жұмсақ қауырсында қанатасты мен мамық үлесі,  мамықта қауырсын мөлшері анықталады.  Талас туған жағдайда аналитикалық бақылау жүргізіледі; ол үшін 50 - 100 г қауырсынды өлшеп алып әрбір қауырсын категорисын жеке жеке өлшейжі.  Бөгде заттар мөлшері стандарт талаптарының аспауы қажет.  Қауырсынның барлық бөліктері толық піскен,  таза серпінді болуы керек.  Шикізат бірдей әрі өзіндік иісі болмауы қажет.  Сонымен қатар шаң тозаң мөлшері 1, 5 ұйысқан бөліктер 5 пайыздан аспауы керек;

 - ылғалдылық - 12 пайыздан көп емес;

 - сонылығы – 10. 02. 01. 06-87Е ТШ бойынша қауырсын мамықтың барлық түрлері мынадай талаптарға сай болуы керек;соны сортталмаған,  соны сортталған және қолданылған.  Олардың сипаттамасы жоғарыда көрсетілген ТШ келтірілген;

- серпінділік салмағы 15 кг болатын мамық және 20 кг қауырсннан бір қос уыс үлігіні алып қолмен қысады да жібереді. жіберген кезде қауырсын мамық қайтадан орнына келуі керек.

Содан кейін оны таза салмағы нетто 50 кг болатындай қаптарға салып теңдейдң.  Тенделген немесе қапталған шикізаттардың сыртына қауырсын мамықтың түрі,  сұрыпы,  салмағы,  дайындаған және қабылдаған мекеменің аты,  стандарт нөмірі жазылған кішкене таяқша немесе мата тігіліп қойылады.  Қапталған немесе тенделген шикізаттың сыртын ССТ49. 186-82 салалық стандарт бойынша таңбалайды.

Қауырсын мамық шикізатын арнайы жасалған арасы ашық үлдіріктерге орналастырып сақтацды.  Үлдіріктің биіктігі 3 м аспауы қажет.  Қойманың температурасы 15 С,  ылғалдылығы 65 – 67 пайыздан аспауы керек.  Қауырсын мамық шикізатын кез келген транспорт түрімен тасымалданады.  Дайындалған шикізатқа аурумен ауырмаған деген малдәрігерлік анықтама қажет.  Қауырсын мамық шикізатын қабылдаушы осы партияға тапсырыс беріп құжат толтырады.  Егерде стандарт талаптарын қанағатандырмайтын шикізат болса,  арнайы анықтама толтырып себебін көрсетеді.

Тапсырманы орындау.Қауырсын мамық шикізатын қабылдау мен сорттауды біліп зерттеу үлгілер арқылы осы шикізаттың әр түрі және категориясына байланысты жүргізіледі.  Техникалық шартты пайдалана отырып студенттер қауырсын мамық шикізатының үлгілерін талдап,  қабылдау мен сорттауды жүргізіледі.  Қабылдау кезінде стандарттың негізгі талаптарын қатаң сақтау керегін түсінуі қажет.  Қабылданған шикізатқа тиісті формадағы нормативті техникалық құжаттар толтырылады.

Студенттер қауырсын мамық шикізатының үлгілерін оқытушыдан алып,  ТШ талаптары бойынша берілген шикізатқа сорттау жүргізіп, 12 кестеге түсіреді:

 

Қауырсын-мамық түрлері Қысқаша сипаттамасы мен сұрыпы
   
   
   
   
   
   

 

Осы жұмысты бітіргеннен кейін студенттер Техникалық шартты және баға көрсеткішті пайдалана отырып төмендегі есептерді шығаруы керек:

1. Техникалық шартты пайдалана отырып, қауырсын-мамықтың тауарлық категориясын анықтап айтып беріңіз:

- Құстың құйрық пен қанат қауырсыны;

- Құстың үлкен басқару қауырсыны;

- Құстың майда жорамал қауырсыны;

- Құс қанатының сермеуші үлкен қауырсыны;

- Тауық пен күркетауық қанаты мен құйрығының қауырсыны.

2. Техникалық шартқа байланысты әртүрлі тәсілмен жиналған қауырсын-мамықтың жіктелуін атаңыз:

- Сойыс пунктінде сойылған құстардың шикізаты;

- Құс комбинатында сойылған құстар шикізаты;

- Халықтың сатып алынған құс шикізаты;

- Ұяда немесе атып алынған жабайы құс шикізаты.

3. Техникалық шарт талаптарына сай келетін әртүрлі тәсілмен жиналған қауырсын-мамық шикізатының бағасын анықтаңыз:

- Соны қаз мамығы, ақ түсті -55кг;

- Соны қаз мамығы, көк түсті-7 кг;

- Қаздың майда және орташа қауырсыны, ақ-31кг;

- Үйрек мамығы, көк-15кг;

- Үйректің майда қауырсыны,  көк-27 кг;

- Тауық қауырсыны-13кг;

- Маймаққаз мамығы-3кг.

- Аққу мамығымен қауырсыны-

Егерде студенттердің көшпелі сабақтары құс өнімдерін өндіретін өндіретін комбинатында өтетін, онда студенттер мына төмендегідей сұрақтарға көп көңіл бөлуі керек:

1. Осы мекемеде қандай қауырсын-

 мамық шикізаты өндріледі;

2. Шикізатты қабылдау мен сорттау қалай жүргізіледі;

3. Шикізатты сорттау қандай жағдайда жүргізілуі керек;

4. Шикізатты қабылдау мен сорттау кезінде қандай әдістер қолданылады;

5. Шикізатты сақтау, буып-тию, таңбалау және тасымалдау жағдайы.

 

Бақылау сұрақтары:

1 Қауырсын, мамық шикізаттың негізгі тауарлық сипаттамасы;

2 Қауырсын-мамық шикізаты қандай белгісі бойынша сортталады;

3 Соны сортталмаған шикізаттың негізгі физикалық және көзмөлшерлік көрсеткіштері;

4 Бақылау үшін үлгілерді қалай таңдайды;

5 Қабылданған шикізаттың партиясы дегеніміз не.

 

Әдебиеттер:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.