Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бөлім. ТЕХНИКАЛЫҚ ШИКІЗАТТАРДЫҢ ТАУАРЛЫҚ ҚАСИЕТІ



4 бөлім. ТЕХНИКАЛЫҚ ШИКІЗАТТАРДЫҢ ТАУАРЛЫҚ ҚАСИЕТІ

4.1 Ішектің тауарлық қасиеті және құрылысы

Сабақ мақсаты.Студенттерге мал ішектерінің жіктелуін, олардың құрылысымен таныстыру.

Малдың ішек шикізаты екі үлкен топқа бөлінеді: аш ішек және тоқ ішек. Аш ішек он екі елі ішек, мықын ішек және ащы ішекке бөлінсе, ал тоқ ішек-соқыр ішек, бүйен және тік ішекке бөлінеді. Олар алынуына байланысты ірі қара, жылқы, қой, ешкі және шошқа ішектеріне бөлініп, ірі қара, жылқы, қой, ешкі және шошқа ішек шикізаттары болып аталады.

Жануарлар денелері ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару, көбею жүйелерінен тұратыны белгілі. Бұл жүйелер организмнің көкірек, құрсақ және жамбас қуыстарында орналасып , сыртқы ортамен табиғи тесіктер арқылы байланысады. Мысалы, осы тақырып бойынша ішкі ағза-ас қорыту мүшелері бүкіл дене бөлігінің бойымен өтіп, кіреберіс тесігі-ауыз және дененің құйрық жағында орналасқан шығаберіс тесігінен тұрады. Ішкі ағза жүйелерінен маңызды іс атқаратын ішек түтігі - аш және жуан ішек деп бөлінеді. Аш ішекке - он екі елі, ащы және мықын ішектер жатса, ал жуан ішекке - бүйен, тоқ, және тік ішектер жатады.

Ішек құрылысы. Ішек малдың ас қорыту жүйесінің негізгі бөлігі болып саналады. Оның негізгі жұмысы- ас қорыту бөлігінде орналасқан бездерден бөлінген сұйықтық көмегімен азықты жібіту, араластыру, қорыту және организмге сіңіру. Ішек - түтікше орган, малдың құрсақ қуысында орналасып, көптеген бұрылыс пен тұзақтардан тұрады. Ол қарыннан басталып артқы қуыспен аяқталады. Түтікше орган - ішек қабырғасы ішкі - кілегейлі, кілегей-асты, ортаңғы-етті және сыртқы-сірілі қабықтан тұрады.

 

Сурет 33. Сүт корек тілердің ішектің көлде нең (А) және ұзына бойы-көлденең

(Б) қимасының жинақ талған схемасы

1-шажырқай, 2-күрделі ас қорыту бездері, 3- безі жолы, 4-ішек ойығы, 5-кілегейасты нерв өрімі (Мейсснер), 6-бұлшықет аралық нерв өрімі (Ауэрбах), 7-етті қабықтың көлденең қабаты, 8-етті қабықтың айналма қабаты, 9-кілегейлі қабықтың өзіндік пластинка, 10-жалғыз-жалғыз лимфа түйіншек, 11-кілегейасты қабық, 12-сірілі қабық, 13-кілегейлі қабық, 14-кілегейлі қабықтың бүкпелер, 15-бүртіктер,

 

Кілегейлі қабық ішектің ішкі бетін астарлап жатады және оның бетінде кілегейлі қабатқа кірігіп кеткен көптеген бүртіктер және осылардың арасында орналасқан крипталар болады. Осы бүгілістер, бүртіктер, крипталар ішекке тән күрделі жұмыстарды - олар ішектің тиісті азықты сіңіру жұмыстарын атқару кезінде созылып, қысқарып, кеңейіп және тарылып тұруына жағдай туғызады және сіңіру қасиетін жоғарылатады. Бұл ерекшелік тек қана аш ішекке тән, ал жуан ішекке осындай қатпарлар мен бүртіктер жоқ, бі-рақ олардағы крипталар ішек қабатына тереңірек орналасқан безді түтікше тәрізді болып келеді. Ішектің кілегейлі қабығы 4 қабаттан түзілген - эпителий, өзіндік пластинка, етті және кілегейасты қабаттар.

 Эпителий қабаты клеткаларының арасында орналасқан, сұйық бөліп шығаратын бокал тәрізді бездер бар. Олардан тереңірек орналасқан, ірілеу келетін Панет бездері де көп кездеседі. Кілегейлі қабаттарда ас қорытуға керекті сөл бөлетін бездер, сол ағза жұмысына ат салысатын қан және лимфа тамырлары, артериола (артерияның қылтамырларға ұласатын ұсақ шеттік тармақтары) мен олардың қызметін реттейтін жүйкелер де орналасқан.

Бұлшық етті қабық-кілегейлі қабықтың сырт жағында орналасқан. Ол өз кезегінде ішкі сақина тәрізді және сыртқы ұзынша қабаттардан тұрады. Осы қабаттардың алма-кезек жиырылуы нәтижесінде ішектің толқылдалған жұмысы ұлғайып, ішектегі азықтың алға қарай жылжуына ұлғайып, ішектегі азықтың алға қарай жылжуына жағдай жасалынады. Бұл қабық дененің өңешінде және тік ішегінде көлденең жолақты, ал қалған ішектерде-біріңғай салалы ет тканьдарынан түзілген.

Сірілі қабық- ішектің сыртқы қабығы. Бұл түтікше мүшелерді сыртынан қаптап жатады және өзінен сірі сұйықтығын бөліп отырады. Сірілі қабық екі қабаттан - ішкі жұқа дәнекертканьді және сыртқы бірқабатты эпителийден құралған. Осыларға қосымша май шыжырқайлары да кездеседі. Ішектің жоғарыдағы аталған қабықтарының ең маңыздысы - кілегейлі және бұлшық еті қабықтары ішек фабрикатын дайындауға ат салысады. Кейде сірілі үлпек қабыршығы қолданылады.

Ішек шикізатының жіктелуі, ішек шикізатының сипаттамалары.Малдың ішек шикізаты екі үлкен топқа бөлінеді: аш ішек және тоқ ішек. Аш ішек он екі елі ішек, мықын ішек және ащы ішекке бөлінсе, ал тоқ ішек-соқыр ішек, бүйен және тік ішекке бөлінеді. Олар алынуына байланысты ірі қара, жылқы, қой, ешкі және шошқа ішектеріне бөлініп, ірі қара, жылқы, қой, ешкі және шошқа ішек шикізаттары болып аталады.

Жануарлар денелері ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару, көбею жүйелерінен тұратыны белгілі. Бұл жүйелер организмнің көкірек, құрсақ және жамбас қуыстарында орналасып , сыртқы ортамен табиғи тесіктер арқылы байланысады. Мысалы, осы тақырып бойынша ішкі ағза-ас қорыту мүшелері бүкіл дене бөлігінің бойымен өтіп, кіреберіс тесігі-ауыз және дененің құйрық жағында орналасқан шығаберіс тесігінен тұрады. Ішкі ағза жүйелерінен маңызды іс атқаратын ішек түтігі - аш және жуан ішек деп бөлінеді. Аш ішекке - он екі елі, ащы және мықын ішектер жатса, ал жуан ішекке - бүйен, тоқ, және тік ішектер жатады.

Малдардың ішегі аш және жуан бөліктен тұрады. Осы екі бөлігінің тоғысар жерінде соқыр ішек бар.

Аш ішек. Аш ішек бөлімі қарын мен бүйенің аралығында орналасқан ас қорыту жүйесінің ортаңғы бөлігі.

Орналасу орны мен азық қорыту процесінің жылдамдығына байланысты аш ішек үш бөлікке бөлінеді. Азықтың белсенді қорытылуы осы аталған аш ішек бөліктеріне қарай бездердің бөлетін сөлдерінің құрамындағы ферменттердің қатысуымен жүреді. Ол бездер қабырғалық және қабырғадан тыс болып бөлі-неді. Осы бездер бөліп шығарған сөлдердің құрамындағы әр түрлі ферменттердің әсерінен азықтағы қоректік заттар ыдырап, аш ішек бүрлерін-дегі эпителий қабаты, сорылып, қанға және лимфаға сіңеді. Себебі, аш ішектің қабырғасы қан мен лимфа тамырларымен жеткілікті дәрежеде дамыған. Және аш ішектің ішкі бетіндегі коптеген қатпарлар мен бүртіктері ішкі беті ауданының көлемін кеңейтіп арттырады.

Қолданылатын азықтар түріне байланысты малдардың ішектерінің ұзындығы әр түрлі болады. Жануар текті азықпен қоректенетін малдардың ішегі қысқа, өсімдікпен қоректенетін малдардың ішегі өте ұзын болады. Талғаусыз азықтанатын шошқаның ішегі орташа ұзындықты болады.

Он екі елі ішек - аш ішектің қарыннан кейінгі қысқа шажырқайға ілінген алғашқы бөлігі. Малдарда ол негізінен құрсақ қуысының оң жақ аумағында орналасқан. Он екі елі ішектің ұзындығы әр түрлі малдарда әрқалай және басқа аш ішек бөліктерімен салыстырғанда, онда айқын көрінетін тұзақтар мен бүгілістер болмайды. Бауыр мен ұйқы безінің негізгі өзектері осы ішектің алдыңғы бөліктеріне біріге ашылып, он екі елі ішектің үлкен бүртігін жасаса, ал ұйқы безінің қосымша өзегі он екі елі ішегінің артқы бөлігіне ашылып, осы ішектің кіші бүртігін құрайды.

Он екі елі ішектің гистологиялық құрылысы төмендегідей болады. Бұл ішек-те бүртік пен крипталар күшті дамып, кілегейасты қабығында орналасқан ерекше бруннер бездерінің барлығы.

Ащы ішек - ұзын шажырқайға ілінген, көптеген бөлшектерден тұрады. Ол өз кезегінде он екі елі ішектен басталып, мықын ішекке ауысады. Ішектің бұл бөлігі - өте ұзын және ұзына бойына ащы ішек көптеген ілмектер құрап, иілістер жасайды. Бұл ішектің бір ерекшелігі-бруннер бездері жоқ және бүртіктердің мөлшерінің аздығы.

Мықын ішек - аш ішектің ең қысқа бөлігі. Оның жуан ішектің тоқ ішегіне ашылар аузының қабырғасында мықын ішек бүртігінің негізін құрайтын қысқыш бұлшық ет болады. Мықын ішек құрсақ қуысының оң жағында орналасқан, жуандағы мен гистологиялық құрылысы жағынан ащы ішекке ұқсайды, бірақ өте күрделі ілмектер құрамайды.

Жуан ішек үш түрлі ішектен құралған, олар-бүйен, тоқ және тік ішектер. Жуан ішек бүйеннен басталып, артқы қуыс тесік арқылы сыртқы ортаға ашылады. Жуан ішектің аш ішектерден біраз ерекшеліктері бар. Диаметрі үлкен, бүртіктері жоқ, эпителийде бокал тәрізді клеткалар көп, панет клеткасының жоқтығы және тік бұлшық етті қабығының жақсы дамығаны. Осы ішектер аш ішектер сияқты күрделі ілмектер мен иілістер жасамайды. Жуан ішекте аш ішектерден түскен азық одан әрі қорытылып, ыдырау процесі жүріп, қоректік заттар, су және еріген тұздар крипталар арқылы сіңіріледі. Осы процестің нәтижесінде қорытылмаған азықтар қалдығынан нәжіс пайда болып, сыртқа шығарылады.

Бүйен ішек - жуан ішектің тұйық қалта тәрізденіп басталатын бөлігі және ол жуан және аш ішектердің шекарасында. Әр малда бұл ішектің көлемі әртүрлі және бірдей дамымаған.

Тоқ ішек -жуан ішектің ортаңғы бөлігі. Әр малда бұл ішектің ұзындығы мен жуандығы олардың қоректену сипатына байланысты. Мысалы, шөлқоректілерде - ұзын, талғаусыз малдарда - орташа, жыртқыштарда - қысқа.

Тік ішек - жуан ішектің қысқа соңғы бөлігі. Ол жамбас қуысында құйымшақ астында шажырқайға ілініп, артқы тесікпен аяқталады. Анусқа өтер алдында кішкене кеңейіп, тік ішек ампуласын құрайды. Тік ішектегі сыртынан сірілі қабық тек құйымшақ астында ғана қаптап тұрады.

Әр малдардан алынатын ішектердің құрылысы өте күрделеніп ерекше болып құралғандықтан, ішек өндірісінде қолданылатын ішектерге жеке-жеке тоқталуымызға тура келеді.

Ірі қара мал ішегі. Ересек ірі қара малдың он екі елі ішегінің ұзындығы 1-2м, ал жуандығы ішектің басталар кезінде 0, 5-0, 7м және соңында 0, 25-0, 45м. Он екі елі ішек ұлтабардан 9-11 қабырға тұсында басталады да, тік жоғары көтеріліп, бауырдың жанында S-тәрізді иілісті түзейді. Сонан соң ол бауырдан оң бүйректің төменгі жиегін бойлай жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылады. Осы тұста ол солға және алға иіліс жасап қайтадан бауырға бағыт түзеп барып ащы ішекке ауысады. Он екі елі ішекке бауырдың және ұйқы безінің өзектері ашылады да бөліп шығарған сөлдерін құяды.

Ащы ішектің көптеген ілмектері бар, ірі қараның осы ішегінің ұзындығы 15-40м аралығында, диаметрі 2, 5-5, 0 см. Ол түгелімен құрсақ қуысының оң бөлі-гінде орналасқан.

Мықын ішек ащы ішектің соңғы ілмегінен басталып, бүйен және тоқ ішек-тің соңғы иілімі арасында орналасқан. Ол 4-ші бел омыртқа тұсында тоқ ішектің артқы оң жағына, бүйен мен тоқ ішек шекарасына келіп ашылады. Оның ұзындығы 0, 1-0, 3м , диаметрі -3, 5см. Осы ішектің қабырғалары жуандау және нығыздау болып келеді.

Бүйен ішек ірі қара малында күшті дамыған. Оның ұзындығы 0, 3-0, 7м, кейде 1, 0 м аралығында, ал жуандығы - 0, 2 м төңірегінде болады. Оның ішінде цилинд тәріздес, тегіс қабырғалы болып, құрсақ қуысының оң бүйіріндегі аумағының жоғарғы жағында орналасады. Бүйен ішектің артқы ұшы белдің орта тұсына дейін созылады. Осы ішектің сірілі қабығы жуан және нығыз болғандықтан, иіс су флакондарының тығынын қаптауға арналған бодрюш жасауға қолданылады.

Ірі қараның тоқ ішектерінің пішіні диск немесе конус тәріздес болып, құрсақ қуысының оң жағында орналасады. Олар алдыңғы ілмек спиральді диск және артқы ілмек болып бөлінеді. Ілмектер саны-1-5. Алдыңғы ілмек оң бүйректің астынан алға қарай созылып, кенеттен артқа бұрылып, жамбас қуысына дейін барып, спиральді дискіге ауысады. Ал ол ішек қарын оң жағындажатады, тік иректік спираль жасайды.

Осы жерде артқы бөлікке ауысып, жамбас қуысына қарай созылып, кішкене алға иілім жасап, сосын артқа бұралып тік ішекке ауысады. Тоқ ішектің ұзындығы5-12м, даиметрі-алдыңғы ілмекте-5-7 см, спиральді дискте­ - 4-6см, артқы ілмекте - 3-5см. Тоқ ішектің қабырғалары тегіс болып құралған.

Тік ішек құйымшақ тұсынан басталып , артқы тесікке жақындағанда S-тәрізді иіліс жасайды. Оның ұзындығы -1м, диаметрі -20-40см аралығында.

Қой және ешкі ішектері. Өз құрылысы жағынан осы малдардың ішектері ірі қара ішектеріне өте ұқсас.

Аш ішектердің ұзындығы қойда18-35м, ешкіде 16-28м. Диаметрі 1, 5-3, 0 см аралығында. Ерекшелігі , құйрықты қойлардың аш ішектері өте ұзын, ал биязы жүнді қойларда қысқалау болады. Ешкінің аш ішектер диаметрі қойлардікі-нен жуандау болады. Қой және ешкідегі аш ішектер көптеген ілмектерден тұратын спиральді кешендер түзеді.

Қой мен ешкінің жуан ішектерінің ұзындығы 0, 3-0, 8м және 0, 5-0, 75м болып, тура ірі қараның ішектері сияқты орналасқан. Қабырғалары тегіс, тік ұзынша келген етті қабықтары жоқ, тек қана -көлднең етті қабығы жақсы дамығын.

Жылқы ішегі. Он екі елі ішектің ұзындығы жылқыда 1метрдей болып, диаметрі -5-6 см болады. Ол қарыннан басталып құрсақ қуысының оң бүйірінде бауырдың бетімен төмен қарай таға тәрізді иілім жасайды. Ішектің осы тұсы оның төмендеген бөлігін құрайды. Сосын ол бауырды бойлай оң бүйрекке қарай көтеріле, өрлеме бөлікті жасап, 2-3 бел омыртқа тұсында ішек оң бүйректің артын ала солға бұрылып, құйрық жағындағы иілімді түзейді, шажырқай арасымен көлденең бөлікті бөлікті жасап барып, ащы ішекке ауысады.

Ащы ішектің ұзындығы 16-25м, диаметрі 6-7см, бүйеннің алдыңғы жағында ұзын шажырқайға ілініп тұрады. Ол көптеген ілмектер жасап құрсақ қуысының сол жақ жартысының үстіңгі және ортаңғы бөлігін алып жатады.

Жылқыда мықын ішектің ұзындығы 30 см, диаметрі ащы ішектей, құрсақ қуысының оң бүйір аумағында орналасқан. Мықын ішек екі бөлімнен тұрады. Оның алдыңғы бөлігі ащы ішекпен жалғасып, бірнеше ілмек жасаса, екінші бөлімі тура ілмек құрамайды және қабырғалары нығыз болып сипатталады. Ол бүйенге тікелей осы кіші иін жағынан ашылады.

 Жылқының буйен ішегі өте жақын жетілген, ұзындығы 1метрдей, диаметрі 40см-ге жетеді, пішіні утір тәрізді иіліп келеді. Бүйеннің негізгі бөлігі улкен және кіші бүйен иіндерін түзеп, бүйен денесіне, одан әрі жіңішкеріп барып, бүйен төбесіне ауысады. Жылқының басқа малдардан айырмашылығы мықын ішек тесігінің тікелей бүйенге ашылуы. Бүйеннің артқы ұшы жамбас қуыстың кіреберісінде, ал алдыңғы ұшы төс сүйектің аяғына қарай орналасқан және ол оң жағымен он екі елі ішекке және құрсақ қабырғасына жанасады.

Тоқ ішек үлкен және кіші тоқ ішек болып екіге бөлініп, үлкен тоқ ішек құрсақ қуысының астыңғы бөлігіне орналасып, бір-бірінің үстінде жататын екі үлкен таға тәріздес ілмектерден құралған. Үлкен тоқ ішектің соңғы ілмегінде қарын тәрісдес кеңейіп, тоқ ішек ампуласын түзіп, бүйеннің алдыңғы жағында қуысы тарылып, кіші тоқ ішекке ауысады. Кіші тоқ ішек ұзын шажырқайға ілінген. Осы ішек қабырғасында екі қатар еттаспалары және екі қалта қатпарлары болады. Ол үлкен тоқ ішектің оң және сол бөліктерінің аралығында ілмек жасай тік ішекке ауысады. Тоқ ішектің ұзындығы мен диаметрі ірі қара ішегімен шамалса, бірақ оның қабырғалары майлылау, және тегіс келеді.

Тік ішектің ұзындығы 0, 4-0, 6 м. Ол жамбас қуысында тоқ ішектің кішісінен басталып, тікелей сыртқы тесікпен аяқталады.

Шошқа ішегі. Ол құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасады. Он екі елі ішек қарыннан басталып, оң бүйректі айналып өтіп, алға бұрылып барып, оң жамбас тұсында ащы ішекке ауысады.

Шошқада ащы ішектің ұзындығы 15-20м, диаметрі 20-40 см, көптеген ілмектерден тұрады.

Мықын ішек тоқ ішектің алдыңғы оң жағының үстіңгі бетінде шөлмек тәрізденіп орналасады және ол ащы ішектен басталып, жамбас қуысында жоғары және оңға бұрылып бүйенге барып жалғасады. Оның ұзындығы онша көп емес, 0, 5м аралығында.

Шошқаның бүйені қысқа, пішіні конус тәрізді , жуан болады. Ұзындығы орта есеппен 0, 35-0, 6 м. Қабырғасының қалыңдығы біркелкі емес, үш қатар ет тасталады және олардың арасында үш қатар қалталар бар.

Шошқада тоқ ішектің пішіні конус тәрізді. Конустың табаны бел бұлшық еттеріне және оң бүйрекке, ал төбесі құрсақтың кіндік аумағына бағытталған. Ұзындығы 2-3, 5 м. Қабырғалары тегіс, екі қатар таспалары мен қалталары бар.

Шошқада тік ішек жуан ішектің соңғы бөлігі, оның ұзындығы 0, 7-1, 6 м, диаметрі 0, 7-10 см. Ол жамбас қуыста орналасқан.

Ішектерді өңдеу кезінде байқалғандай, ішектердің сапасы малдың тұқымына, жасына және жынысына байланысты.

Малды бордақылау және малдың қоңдылығы да ішектердің сапасына өте үлкен әсер тигізеді.

Мысалы, тамаша сапалы ішектер құйрықты қойлардан алынады. Олар ұзын (кейде 28-30 м-ге дейін жетеді), енді, тығыз және ішек қабырғасының беріктігімен ерекшеленеді. Будақ және биязы қойлардың ұзындығы, ендігі және тығыздығы жағынан құйрықты қойлардан кемдеу келеді. Ірі қара ішектер ұзындығы жағынан құйрықты қойлардікінен қысқалау. Жоғары сапалы ішектерді өгіздерден, етті және етті-сүтті ірі қара тұқымдарынан алады. Сүтті ірі қараның ішектер сапасы бойынша кемдеу болады.

Мйлы және етті-майлы шошқа тұқымдарының ішектері ұзындау және жуандау болып келеді. Тұқымы нашар (тегі белгісіз) шошқалардың ішектері – төмен сапалы болады. Ірі азықпен азықтанған малдардың ішектері ұзын және енді болады.

Мал ішегінің тауарлық категориялары.Жұмыстың мақсаты: Ішек шикізатының түрін, категориясын көзбен сараптап, анықтауды үйрену.

Жұмысқа қажетті материалдар мен көмекші құралдар – ішек шикізатының үлгілері, плакат, слайдтар, 15082-69 МССТ-ы; 10. 02. 01. 148-91, 10. 02. 01. 147-91, 10. 02. 01. 150-91 техникалық шарттары.

Жоғарыда айтылғандай, әр түрлі ауылшаруашылық малдарының ішектері мөлшерімен, аумағы, ұзындығы, енділігі, қабырғаларының құрылысы және техникалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан ішектерді кезінде оларды өндірісте қолдану бағытына қарай және арнайы тауарлық аттарға бөлуге тура келеді. Бір малдан алынған барлық ішектерді (қарындарды қоспайды) ішек жиынтығы деп айтылады. Сойылған малдардың түріне қарай ішек жиынтығы – ірі қара, жылқы, қой, ешкі және шошқа ішек жиынтығы деп бөлінеді.

Ірі қара ішек жиынтығы, 10. 02. 01. 148-91 техникалық шарт (ШТ) талаптарына сәйкес мынадай категорияларға бөлінеді (1-сурет).

Жуан түтік (толстая черева) – он екі елі ішекке сәйкес. Өңделген түтіктің ұзындығы – 1, 0-1, 5м, ал ені 3-6см. Ол қайнатылған шұжықты қаптау үшін жұмсалады.

Ірі қара түтігі ащы және мықын ішектерінен тұрады. Өңделгеннен соң оның ұзындығы 24-25м (кейде одан да ұзын), ені – 2, 5-5, 0 см төңірегінде ауытқиды. Ірі қара түтігі сарделка, жартылай ысталған шұжықтарды, кейде пісірілген шұжықтарды қаптауға жұмсалады. Бракталған түтіктер жүн түтетін жіптермен тігетін жіптерді жасауға арналады.

Дорба (синюга) – бүйен ішек және оған жалғасқан тоқ ішектер кеңейтілген бөлігін қамтиды. Дорбаның тұйықталған жағын «бітеу» деп, ал тоқ ішек жағын «ашық» деп аталады. Дорбаның мықын ішекпен қосылған тұсын «кіндік» дейді. Дорба майдаланған еттер (фарш) салынған пісірілген шұжықтарды қаптауға қолданады.

Шеңбер (круг) – тоқ ішектің кеңейтілген жағынан басқасы және тік ішектің басым көпшілігі (артқы тесіктің аз аумағынан басқасы). Шеңбердің дорбамен жалғасқан алдыңғы жағы «қалақша», ал артқы бөлігі «артқы тесіктің ұшы» деп аталады. Шеңбердің ұзындығы 5-12м, ені – 3-6, 5см. Әртүрлі шұжықтарды қаптау үшін қолданылады.

Артқы тесік (проходник) жуан ішектің қысқа соңғы бөлігі. Сыртқа байланысар тесіктің алдында ол сәл кеңейеді. Оның ұзындығы 0, 4-0, 8м, ені – 20см-ге жуық.

Ірі қара ішек жиынтығына кейде дорбаны өңдеген кезде алынатын сірілі қабығын – «пердені» (пленка) де жатқызады. Тіпті қажет болған жағдайда шеңбердің пердесін де іске жаратады. Олар шұжықтың тесілген жерлерін тігу үшін қолданылады.

6 айдан асқан бұзаулардың ішек жиынтығы діл ірі қаранікі сияқты бөлінеді. Бірақ олардың ішектерінің қабырғалары нәзік болғандықтан қолданылмайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.