Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





а) Күйдірілген қылдағы бөгде қоспаларды анықтау.



а) Күйдірілген қылдағы бөгде қоспаларды анықтау.

Бұл үшін қылдан 100 г алып,  0, 1г дәлдікпен өлшейді. Сосын оны кальции сода ерітіндісінде екі сағат бойы жібітеді (5г дроб литр,  90оС) жібітуден кейін қылды ағынды суға жуып,  қайтадан кальции сода ерітіндісіне 1 сағат бойы салып қояды. Одан кейін қыл үлгілерін 40 минут қайнатып, таза ақ қағаз үстінде майда елекпен елейді. Сосын үлгілерді 4-5 рет ағынды суға жуып температурасы 105-110оС құрғатқыш шкафында тұрақты құрғақ массаға дейін кептіреді. Кептірілген қылды таза ақ қағаз үстінде көп эпидермис жинау үшін тарақпен тарайды. Жиналған эпидермисті 0,1г дәлдікпен өлшеп, мына формула арқылы есептейді. (ГОСТ 13681-77, 8 беттегі қосымша)

 

М=( м1-мв)+ мп\м+мп;

Мұндағы: м1-анализге алынған үлгінің тұрақты құрғақ массасы,  г;

мв- жуылған және таралған үлгінің тұрақты құрғақ массасы,  г;

м- анализге алған үлгінің бастапқы массасы,

мп-100 г үлгіден алынған бөгде заттар.

ә) Қылдың ылғалдылығын анықтау.Алдынала құрғатылған және өлшенген металл бюкстерге 2-3 г қылды қойып немесе қылды салып 0,01г дәлдікпен өлшейді. Сосын құрғату шкафында 125-130 градус температурада үш сағат бойы кептіреді. Металл бюкстерде эксикаторға қойып бөлме температурасына дейін салқындатып өлшейді. Өлшенген қылды тұрақты массаға дейін кептіреді. Кептірілген қылдың бастапқы және соңғы салмағы 0,01 граммнан аспауы қажет.

  Ылғалдылықты мына формуламен анықтайды В=(м1-м2\м1) 100%; мұндағы м1- қылшықтың бастапқы массасы,г; м2- қылдың тұрақты құрғақ массасы,г. Қылдың екі үлгісінен анықталған ылғалдылықты орта арифметикалық әдіспен табылады.

б) Майлылығын анықтау.Оны Сокслет немесе зайченко аппаратында анықтайды.  Ол үшін массасы 2-3грамм болатындай қылдың үлгісін сүзгіш қағазына орап екі патрон дайындалады.  Осы екі патронды аппаратқа салып үстіне күкірт эфирін құйып,  40-50 минутқа қыздырады. Эфирлер үлгідегі майды ерітіп қылды майсыздандырады. Осы жұмыс біткен соң патрондарды алып,  тарту шкафында кептіреді(бір тәулік). Сосын кондициялық аппаратта 105оC температурада тұрақты құрғақ салмағына дейін кептіріп 0,01 г дәлдікпен өлшенеді. Қылдың бастапқы салмағы мен кейінгі салмағының айырмашылығы қылдағы май мөлшері болып табылады.  Қылдың майлылығын мына төмендегідей формуламен есептейді.

Ж=(м1\м) 100; м1- май мөлшерінің салмағы,  г; м- қылдың салмағы. Екі анықтаудан кейінгі көрсеткіштер орта арифметикалық нәтижелер болып табылады.

В) Қысқа және ұзын қылдар үлесін анықтау.Қылдағы бөгде заттарды анықтағаннан кейін,  0,01 г дәлдікпен өлшеп, жіңішке жіппен оны буып,  арнай пышақ арқылы суыру операциясына дайындайды. Ол үшін қылдың бумасына ұзындығы 50 мм болатын сызғышты кіргізіп, көрсетілген ұзындықтан ұзын қылдарды біртіндеп суыра бастайды. Бұл операция буманың үстіңгі жақ деңгейі сызғышпен бірдей болғанша жүргізіледі. Бөлінген ұзындығы 51мм астам немесе одан кем қылдарды жеке-жеке 0,01г дәлдікпен өлшейді. Ұзын және қысқа қылдардың үлесін пайыз бойынша мына формуламен есептейді: Щ=(м1\м)100; м1 қысқа немесе ұзын қылдардың үлесі,  г; м-қыл бумасының салмағы, г.  1 және 2 сорт қылдарды жалаушасымен бір жаққа жатқызып, салмағы 100-200 г болатындай етіп буады.  Әрбір бума жіңішке жіппен буылады. Барлық шикізат тығыз су өтпейтін қаптарға салмағы 40 кг болатындай салынып,  үстіне 3-5 г нафталин себіліп буылады. Әрбір қапқа қыл түрі,  брутто және нетто,  қаптың нөмірі мен стандарты,  дайындау мекемесінің аты жазылған мата тігіледі. Қылдарды тасымалдау ережесін сақтай отырып кез келген көлік түрімен тасымалдайды. Буып-түйілген қылдар жабық құрғақ қоймаларда ағаштан жасалған еденде немесе арнайы сәкілерде сақталады.

 

Тапсырмалар:

Жұмыстың орындалуы:1. ГОСТ және ТШ талаптарына сәйкес қылдарды қабылдау мен сорттау ережелерін біліп меңгеру.

2. Қылдың бөгде заттарын анықтау.

3. Қылдың ылғалдылығын анықтау.

4. Қылдағы май мөлшерін анықтау.

5. Қысқа немесе ұзын қыл мөлшерін анықтау.

6. Қылдарды буып-түю,  таңбалау және сақтау.

7. Дәрістен немесе әдеби оқу құралдарынан қылдардың түрлерін оқып білуі керек. Жоғарыда көрсетілген стандарт талаптары бойынша қылдарды сыртқы түрі,  типі және қолданылуы арқылы бөлу қажет. Сондықтан жануарлар қылдары шикізат және өңделген болып бөлінеді. Олар тиісінше жылқы, ірі қара, қодас және борсық (ақ тиін, ақкіс, т. с. с.) қылдары арқылы ерекшеленеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.