Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ішектерді теңдеу, таңбалау, тасымалдау және сақтау режимі



Ішектерді теңдеу, таңбалау, тасымалдау және сақтау режимі

Жоғарыда көрсетілген әрбір ішектердің техникалық шарттарында келтірілген ережелерге байланысты ішектерді буып-түю (теңдеу) жүргізіледі. Дайындалған ішек түрлеріне қарамастан ішектерді буып-түю-теңдеу тек қана ағаш кеспектерде жүргізіледі, бірақ еменнен жасалған кеспекке салынбайды, өйткені бұл ағашта бояушы заттар көп.

Ішек жиынтығын таңбалау әрбір кеспектің қақпақтарына жазылып, онда-ішек түрлері мен аттары, буда немесе байлам саны, сорты мен калибрі, теңдеу мерзімі, МССТ-ысы көрсетіледі. Ал шектерді тасымалдау (ГОСТ 14192-88 на сәйкес) жүргізіледі.

Ішек жиынтығының түрлеріне байланыссыз (несеп қуығынан басқасы) қойма бөлмелерінде сақтау режимі қатаң сақталуы тиіс (ауа температурасы 5оС аспауы, салыстырмалы ылғалдылық 85-90 пайыз болуы қажет). Сақтау ұзақтығы ішек шикізатына байланысты болады.

Қабылданған ішек жиынтығының нормативті-техникалық құжаттары мынадай тәртіппен жүргізіледі:

-малдәрігерлік куәлік;

-ішек шикізатының тізімі көрсетілгентауар-транспорттық анықтама;

-сапасы анықталған талдау парағы.

 

 

4.3 Жануарлар қылының тауарлық және физалық-механикалық қасиеттері

 

Сабақтың мақсаты. Студенттерді жануарлар қылының (шошқа, ірі қара, жылқы) тауарлық және физалық-механикалық қасиеттерімен таныстыру. Қылдың физика-механикалық қасиеттерін анықтау әдістерін және оларды жіктеп, үйреніп дағдылану

Жұмысқа қажетті құралдар мен материалдар: әртүрлі қыл үлгілері, қайыш, сызғыштар, Шоппер динамометрі, сүзгіш қағаздары, қыл стандарттары.

 

Жылқы,  ірі қара малы және жабайы жануарлардың кейбір тері бөлігінде өзіне тән размері,  құрылысы мен тауарлық қасиеттері жағынан ерекшеленетін талшықтар өседі. Олар құйрық қылдары жал,  кекіл және аяқтың төменгі артқы жағындағы - шаша ( жылқыда), ірі қара малындағы құйрық, құлақ ішіндегі қылдар және қодастың бүйір мен құйрық қылдары,  борсықтың желкесіндегі қылдар,  т.с.с. Осыған байланысты қылдар мына типтерге бөлінеді: жылқы, ірі қара малы, қодас және борсық.

Жылқы қылдары ұзындау, жуан, серпінді, үзілуге төзімді болғандықтан,  әртүрлі сырлауыш пен щеткаларды, тастарды немесе металлдарды тегістейтін шарықтарды, сырт киімдердің жағасын тіктейтін қылшық, жиһаз бенматрац ішін толтыру, қыл арқан, музыкалық аспаптар ішектерін, қармақ жіптерін,  майлы дәндерді салуға арналған қаптарды, сүзгілерді дайындауда таптырмайтын шикізат болып табылады.  (4-сурет)

 

Сурет 42. Жылқы қылдарының категориялары: А – қалыпты құйрық, Б-косица, В – подкос, Г – обруб, Д – жал (грива), Е - қытай әдісімен өңделген жылқы қылдары.

 

Ірі қара малы қылдары құйрық, құлақ ішіндегі қылдар және кекілге бөлінеді. Олар көбіне жиһаз, матрац ішін толтыру, сурет қаламдарын дайындауға жұмсалады. Қодас қылдары дененің астыңғы жағында өскен бүйірлік және құйрық болып бөлініп, ірі қара малының қылдары сияқты қолданылады.

Борсық қылдары (ақтиін, ақкіс,  қылдары, т. с. с. ) көркем өнер қаламы және сақалды жібітуге арналған сылауышты дайындауға таптырмайтын шикізат болып саналады. Ол қылдар борсықтың жотасынан құйрығына дейін созылып, серпінді қылшықтан құралады.

Жабайы және үй шошқаларынан алынатын қайратты қылдарды шошқа қылы деп атайды. Шошқаның жамылғы жүнінде қылдан басқа бірқатар иректелінген жіңішке түбіттер де кездеседі.

Шошқа қылы өзінің тамаша серпінділігімен, беріктігі және құрылым ерекшеліктеріне байланысты, әртүрлі щеткаларды (техникалық, киімдік, әсемдік, т.с.с), сыршы сылаушы, етік щеткасы және басқа да бұйымдарды дайындау үшін таптырмайтын шикізат болып табылады. Шошқа қылшығына әлемдік саудада сұраныс көп, сондықтан бағалы экспорттық шикізат болып та ерекшеленеді.

Шошқа қылы екі негізгі бөлік – сабағы мен тамырдан тұрады. Терінің үстіңгі жағында өсетін бөлігін сабағы деп атайды. Терінің буылтық қалтасында өсіп-өнетін бөлігін – тамыр дейді. Қылдың сабағы сүйір формалы (ұшына қарай жіңішкере береді) болады. Сабағының ұштары бірнеше жұқа талшықтарға бөлінеді, оны жалауша деп атайды. Қылдың сабағы эпидермистің құрғаған сүйелденген жасушаларынан құралған. Сабағы бір-бірімен қатты біріккен үш қабатты жасушалармен қоршалған. Қыл сбағаның сыртқы жағы жұқа, таспа тәрізді, көпбұрышты немесе бұзылған түссіз жасуша – кутикуламен қоршалған. Кутикула қылды әртүрлі сыртқы орта әсерінен қорғайды. Оның астында күшті жетілген ұзындау ұршық тәріздес жасушалардан құралған қыртысты қабат орналасқан. Осы қабаттың астында ауамен толыққан тарлау келген өзек қабаты жатады. Қылдың тамыры терінің буылтық қалтасында орналасқан және дерма (негізгі тері) мен дәнекер ұлпалары көптеу келген майлы қабат шекарасының ортасында жатады. Қыл тамыры теріде құйрық жаққа қарай көлбеу орналасып, кейде жалғыз, кейде 2-3 талшық болып топтасып өседі.

Сурет 44. Шошқа қылы (Б.А.Кузнецов бойынша) 1 Қыл сабағы 2 Қыл жалаушасы 3 Қыл тамыры 4 Қыл буылтығы 1 Қыл жалаушасы 2 Қылдың бойлай қиындысы 3 Қылдың көлденең қиындысы А – қутикула Б – қыртысты қабаты В - өзек

Қылдың негізгі заты – кератин ақуызы, ол қышқыл, сілті, фермент әсеріне өте төзімді. Оның құрамына көміртегі 51%, сутегі 7%, азот 18%, оттегі 20% және күкірт 4% кіреді. Кератин ақуызының басқа ақуызға қарағанда бір ерекшелігі – күкірт мөлшерінің молдығы. Кератин ыдырағанда (гидролизденгенде) мынадай аминқышқылдарына бөлінеді – цистин, гютамин, лейцин, аргинин, гистидин, тирозин, пролин, аланин, серин, лизин, валин, аспарагин, глицин, триптофан және басқалары. Әр малдың ағзаларындағы кератиндер амин қышқылы және химиялық құрамдарымен ерекшеленеді. Мысалы, кератин А – өте төзімді, тіпті аяз кезінде күшті қышқыл мен сілті әсер ете алмайды, мұндай ерекшелік шошқа қылы кератиніне, кейде тырнақ кератиніне тән.

Кератин В – А кератинімен салыстырғанда, төзімділігі әлсіз, араласқан сілті мен аммиакта еріп, қышқылда тұнбаға түседі. Мұндай кератин эпидермистің қатты тығыз қабатында бар.

С кератині - төзім әлсіз, пепсинде қорытылады және ксантопротеиндік реакция түзеді. Қылдың қыртысты және өзек қабатына тән. Қорыта келгенде шошқы қылының сырты химиялық активті заттарға төзімді келетін кутикуламен қоршалып, қыртысты және өзек қабаттарын сыртқы орта әсерілерінен қорғайтын ерекшелігі бар екендігі белгілі болды.

Стандартқа сәйкес шошқы қылының ылғалдылығы 12 пайыздан аспауы тиіс. Май жәнемай бездерінің межелі мөлшері жалпы салмақтың 5 пайызынан аспауы қажет.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.