|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Биязы жүнді, биязылау жүнді, ұяң жүнді және қылшық жүнді қой терілерінің ақаулары3.8 Биязы жүнді, биязылау жүнді, ұяң жүнді және қылшық жүнді қой терілерінің ақаулары
Биязы жүнді, биязылау жүнді, ұяң жүнді және қылшық жүнді қой терілерінің сапасына қойылатын талаптар ГОСТ 28509-90 стандартында көрсетілген. Осы стандарт бойынша қой терісінің жүн жамылғысының ұзындығы келесі кестенің талаптарына сәйкес келуі керек.
Кесте - Жүн жамылғысының ұзындығы
Үлпек жүнді, тондық және былғарылық қой терілерінде болатын ақауларды келесі кестеде берілген бірліктер бойынша бағалайды.
Кесте - Ақауды бағалау бірліктері
2 - кестенің 1 және 3 ішкі тармағында көрсетілген бір ақаудың аумақтың шекті өлшемі төмендегі мәндерден аспауы тиіс: Үлпек жүнді қой терісі үшін 60 см2; Тондық және былғарылық қой терісі үшін 30 см2. Кестенің 2,4 және 5 ішкі тармақтарын көрсетілген ақаулардың ұсындығы бойынша шекті өлшемі төмендегі мәндерден аспауы тиіс: Үлпек жүнді қой терісі үшін 20 см; Тондық және былғарылық қой терісі үшін 8 см. 6-дан 17-ге дейінгі ішкі тармақтардың ақаулары олардың өлшеміне тәуелсіз түрде бағаланады. Қой терілеріндегі аяз сорғаннан пайда болған азғантай дақтар есептелмейді. Үлпек жүнді және тондық қой терісіндегі мынадай ақаулар ескерілмейді: жалпы саны 20 данадан аспайтын беткі қабаттағы жалғыздаған тікенектер, терінің шеткі және аяқ жақтарындағы қи-қоқыстар, пұшпақ, құйрық, шаптағы, сондай-ақ тері шетінен 3 см қашықтықта орналасқан ақаулар. Қой терісінде ауданымен есептелетін 20 см2-ге дейінгі ақаулар, сондай-ақ өлшемі 5 см дейінгі саны 2 –ден көп емес сызықты ақаулар ескерілмейді (жидіген, жүн, тері құрттарына желінген, терең қабатқа дейінгі қызару, жүннің түсіп қалуын есепемегенде). Топтасып орналасқан ақауларды олардың алып жатқан жалпы ауданы немесе жалпы ұзындығы бойынша есептейді. Бір-бірімен қатар орналасқан, бірдей бағаланатын және жалпы көлемі (ауданы) немесе ұзындығы бойынша берілген өлшемдерден аспайтын бірнеше ақаулар бір ақау болып саналады. Егер ақаудың ауданы немесе ұзындығы берілген шектен асатын болса, онда әрбір келесі толығымен немесе толық емес түрде зақымдалған аудан немесе ұзындық жартылай өлшеммен бағаланады. Бірнеше ақаулар қабаттасқан жағдайда (ақаудың үстіндегі ақау), қатаң бағаланатын ақау бойынша бағалайды. Аяз сорған, арық-тұрақ немесе өлген малдың терісіндегі қабаттасқан басқа ақаулар бар болған жағдайда қатаң бағаланатыны есепке алынады. Жалпы ауданның 1/3 бөлігінен аспайтын, жетіспейтін аумағы бар, кем дегенде үш пұшпағы бар қой терісін бүтін тері ретінде қабылдайды. Жетіспеген аумақтарын «тесік» ақауы деп есептеп жетіспеген көлемін жалпы ауданнан алып тастайды. Жарты қой терісін және тері бөліктерін салмағы бойынша өлшейтін қалдықтарға жатқызады. Қой терісінің шетіндегі үш ақау оның негізгі бөлігіндегі бір ақауға теңестіріледі. Қой терісінің шеті ретінде келесілер саналады: мойын бөлігі жағынан алдыңғы пұшпақтарының жоғарғы ойықтарына дейінгі арақашықтық, жая жағынан артқы пұшпақтардың артқы ойықтарын өзара қосқан сызықтан 5см қашықтық және қарын жақ шетінен 5см қашықтық. Ақаулардың санына және олардың орналасу орнына байланысты қой терісінің сұрыптары келесі талаптарға сай болуы тиіс.
Кесте - Қой терісінің сұрыптарына қойылатын талаптар
Ескерту. Пайдалы аудан деп, қандай мақсатта пайдаланылатынына қарамастан өнеркәсіпте қолданылуға болатын терінің ақауы жоқ бөлігі аталады. Тікенектерімен зақымдалған 5 дана ақауы бар, басқадай ешбір ақауы жоқ қой терісін 1 сұрыпқа жатқызады. Ақаулар саны бойынша IV сұрыпқа жатқызылатын қой терісін егер ол ақаулар терінің шет жақтарында орналасқан болса олардың санына қарамастан III сұрыпқа жатқызады. Сойғаннан соң жүні қырқылған қылшық жүнді қой терісін(өлі қырқу), сондай-ақ әр түрлі «терең қызыл» ақаулары бар қой терісін ІІІ сұрыптан жоғары бағаламайды. Жалпы аумағының 50%-нан көбінің жүні ұйысқан үлпек жүнді қой терісін IV cұрыпқа жатқызып жүнін алуға жібереді. Үлпек жүнді, тондық және былғарылық, құрысып кепкен, түтінделген, тұрмысқа қолданылған, арық-тұрақ қой терісі, сондай-ақ IV сұрыпқа сай келмейтін қой терісі, жүні қатты ұйысқан, жүннің ұзындығы 1,0 см және одан да қысқа болатын, немесе жүн талшықтар түбінен 1,0 см және одан да аз қашықтықта жіңішкерген, сирек жүнді (1 см2 –та 1500 талшықтан аз), ауданының 50% және одан да көбінің өң беті сыдырылған, жүні түсіп жатқан терілерді жарамсыз деп есептейді.
Тапсырма 1.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қ.С.Сәбденов., Т.К. Бексейітов және т.б. Қой шаруашылығы. Алматы, 2011. 2. К.Е.Елемесов., М.Д.Закиров т.б. Қаракөл елтірісі, аң терісі және тондық қой терісі шикізаттарының тауартануы. 1-2 кітап. Алматы, 1993. 3. С.Қ.Шауенов, Ж.Құржықаев, С.Нарбаев. Тері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы (практикум). Астана, 2008. 4. А.Н.Беседин, С.А.Каспарьянц, Товароведение и экспертиза меховых товаров. Москва, 2007. 5. З. Сайт, Ж.Сейітқажы. Мал және аң терілері шикізатының тауартануы. Астана, 2014.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|