Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мамықты-үлпек жүнді аң терілерін стандарттау, сорттау принциптері. Мамықты-үлпек жүнді аң терілерінің ақаулары



   3.7 Мамықты-үлпек жүнді аң терілерін стандарттау, сорттау принциптері. Мамықты-үлпек жүнді аң терілерінің ақаулары

   Сабақтың мақсаты. Мамықты-үлпек жүнді аң терілерін стандарттау, сорттау принциптері. Мамықты-үлпек жүнді аң терілерінің ақауларымен таныстыру.

Мамықты-үлпек жүнді аң терілерінің сапасын стандарт талаптарына сәйкестігі бойынша, органолептикалық әдістермен анықтайды. Стандарт мамықты-үлпек жүнді аң терілерінің бір немесе бірнеше түріне арналады. Мамықты-үлпек жүнді аң терілеріне тек мемлекеттік стандарт жасалады. Осы стандарт жалпы стандартқа сәйкес үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімі – «Техникалық талап» - 5-10 пункттен (шикізаттың түріне және сорттау талабының күрделілігіне байланысты) және келесідей көрсеткіштерден тұрады:

1. Шикізаттың түрі, аңдардың сапқатары (отряд) және бағалы аң тұқымдастары.

2. Терінің сыртқы көрсеткіштерінің ерекшеліктерін бейнелеу: бояу түсі, жабынды тылшықтарының биіктігі және жұмсақтығы.

3. Терінің алғашқы өңдеудің талаптары: сыпыру, майсыздандыру, керіп-түзеу, консервілеу.

4. Терінің сапасына талап. Мамықты-үлпек жүнді аң терілерінің тауарлық қасиеттері, олардың маусымдық өзгергіштігіне, түріне байланысты (географиялық, жеке, жыныстық, жасына, маусымдық).

Стандарттың екінші бөлімінде шикізатты қабылдау ережесі және сапасын бақылау әдісі берілген.

Стандарттың үшінші бөлімінде тері шикізатын буып-түю, таңбалау, тасымалдау ережесі және қандай шикізатты буып-түйгенде, таңбалағанда немесе тасымалдағанда қандай стандартқа

Түтікшелеп сылу тәсілімен жүнін сыртына қаратып дайындалған түлкі, бұлғын, сусар терілерін үстелге қойып, сұрыптаушының сол қол жағына қарай, бас терісін сұрыптаушыға қаратып жатқызады. Қаракөл елтірісін керісінше құйрық жағын сұрыптаушыға қаратып жаяды.

Мамықты-үлпек жүнді терілерді сұрыптағанда ең әуелі жүн жабынын тексеріп, содан кейін тері ұлпасына назар аударады.

Тері ұлпасы (шел жағы) сыртына қаратылып дайындалған қоян, тиін, ондатр терілерін сұрыптаған кезде олардың тауарлық қасиетін тері ұлпасын тексеруден (бағалаудан) бастайды. Яғни терінің қалыңдығын, серпінділігін, түсін, көкшіл дақтардың бар-жоғын, олардың орналасу жағдайын және ақауларын тексереді. Сосын жүн жабынының жай-күйін байқайды. Қарау барысында терінің қай өңірге жататынын (кряж), мөлшерін, түсін, сұрыпын, ақау топтарын анықтайды. Көптеген мамықты аң терілерін негізгі үш түрлі мөлшерлі топқа бөледі: ірі, орташа, шағын.

Бітеу (түтікшелеп немесе шұлықтап) сылынған терілердің ауданын анықтау үшін оның ені көз аралығынан бастап құйрық түбіне дейінгі ұзындығын терінің орта бөлігінің жалпы енімен көбейтеді. Терінің енін орап немесе бір жақ енінің өлшемін екі еселеп алуға да болады. Жазып сылынған терінің ауданын есептегенде екі көздің арасынан құйрық түбіне дейінгі ұзындығын орта бөлігінің енімен көбейту арқылы анықтайды. Мамықты терілердің сұрыпын анықтағанда негізінен жүн жабынының жағдайына баса назар аударады, яғни жүннің ұзындығы, қоюлығы, жұмсақтығы, реңі мен жылтырлығы т.б. Сонымен қатар көпшілік жағдайда тері ұлпасының жай-күйін де (қалыңдығы, түсі, тығыздығы т.б.) ескереді.

Тері ұлпасы мен жүн жабынында кездесетін ақаулар да шикізаттың сапасы мен сұрыпына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан көпшілік стандартта ақаудың мөлшеріне байланысты оларды қалыпты, кіші, орташа, үлкен ақауларға топтайды. Ақау топтарын анықтау үшін терінің жүн жабыны мен тері ұлпасын мұқият қарай отырып, анықталған ақауларды өлшейді. Содан кейін өлшеу нәтижелерін стандарт нормаларымен салыстырады. Тиісті нормадан асатын ақаулар бар терілер жарамсыз деп танылады.

Мамық жүнді аң терілерінің көптеген түрлері жүн жабынының сапасы мен тері ұлпасының жай-күйіне байланысты үш немесе екі сұрыпқа бөлінеді. Сұрыптар саны мен оларға жатқызылатын тері сапасының негізгі көрсеткіштері стандарттарда белгіленген.

Тапсырма 1. Мамық жүнді бағалы аң терісіне арналған стандарттармен жұмыс жүргізу. Әр студентке

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.