Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лпек жүнді (мехтық) қой терісінің тауарлық қасиеттері



6.3 Үлпек жүнді (мехтық) қой терісінің тауарлық қасиеттері

Сабақтың мақсаты. Студенттерге мехтық және тондық жүнді қой терісінің тауарлық қасиеттерімен таныстырып, сапа көрсеткіштерін игерту.

 

Тондық және былғарылық қой терілерінен үлпек жүнді қой терісінің айырмашылығы - тері ұлпасы едәуір болбыр, жүні қою, әрі жұмсақ. Үлпек жүнді қой терісі аумағының көпшілік бөлігі немесе тұтастай жүні біркелкі келеді, не аздаған майда қылшығы бар түбіт талшықтан тұрады. Мұндай қой терісінен өңделген жартылай фабрикаттардан үлпекті жағалар, бас киімдер, әйелдер мен балалардың пальтосын және басқа бұйымдар тігуге болады.

Жүні әркелкі қылшық жүнді қойлар мен қылшық жүнді қойларды будандастырудан алынған бірінші ұрпақтан басқа барлық қой тұқымы- ның терілері үлпек жүнді қой терісіне жатады.

Үлпек жүнді қой терісінің жүн жабыны мен тері ұлпасының сапасы қойдың тұқымына, жас мен маусымдық өзгерісіне, тірі кезіндегі және сояр алдындағы күтіп-бағу жағдайына, теріні сыдыру, алғашқы өңдеу тәсілдеріне байланысты. Сонымен қатар теріні өндірісте өңдеу техно- логиясына да байланысты болады.

Үлпек жүнді қой терісінің сапасын айқындайтын көрсеткіштерге жүннің біртектестігі, жіңішкелігі, иректілігі, қоюлығы, ұзындығы, біркелкілігі, түсі, жылтырлығы қатарлы көрсеткіштер жатады.

Біртектестігі.

Жіңішкелігі.

Жүннің иректілігі.

Жүннің қоюлығы.

Біркелкілік.

Жылтырлығы.

Түсі.

Жүннің ұзындығы. Үлпек жүнді тері өндірісінде жүннің ұзындығы 10 мм-ден асатын үлпек жүнді қой терілері пайдаланылады. Ал жүннің ұзындығы 10 мм-ден кем қой терілерінен сапасы төмендеу жартылай фабрикаттар өндіріледі. Үлпек жүнді қой терісі жүнінің тым ұзын болуы да сапалық көрсеткіш емес. Өйткені, мұндай жағдайда оны өңдеу қиынға түседі, ал кейбір жағдайда жүні тым ұзын терілер жоғары сапалы бұйым өндіруге жарамайды. Жүні тым ұзын терілердің алынатын себебі, мұндай терілер көбінесе қыстың аяғында немесе көктемде өлген, не сойылуға мәжбүр болған қойлардан алынады. Етті-биязылау жүнді қойларды жүні қалыпты жетілген кезде сойғанның өзінде жүні ұзын болады.

Үлпек жүнді тері өңдеу өндірісі үшін ең жақсы шикізат жартылай жүндес терілер.

Үлпек жүнді қой терісіне тұтастай сипаттама беру үшін, оның аумақтық және салмақтық көрсеткіштерінің мәнін білу қажет. Бұл көрсеткіштердің қойдың тұқымы мен жасына қарай едәуір айырмашылығы бар. Әрбір тұқым мен буданда терінің аумағы мен салмағы түрліше келеді. Мұндай ауытқушылық ең алдымен сойылған қойдың жасына байланысты.

Қойдың жынысы мен жасы да жүн жабынының тауарлық сапасына әсер етеді. Бір тұқым ішіндегі саулыққа қарағанда, қошқар терісінің жүні ірілеу, ал тері ұлпасы, әсіресе оның желке және жота терісі қалыңдау келеді. Мұның өзі тері қасиетін әркелкі етіп, оны өңдеуді және пайдалануды қиындатады. Саулыққа қарағанда қошқар терісі ірілеу. Қойдың жас ерекшелігі терінің аумағына да әсер етеді. Ересек қойға қарағанда, жас төлдің жүні едәуір жұмсақ, ал тері ұлпасы анағұрлым жұқа келеді.

Үлпек жүнді қой терісінің жүн жабыны механикалық және серпімділік, созымдылық қасиеттерімен ерекшеленеді.

Тері ұлпасының қалыңдығы. Үлпек жүнді қой терісі шикізаттары үшін тері ұлпасы қалыңдығының елеулі маңызы бар. Өйткені, өңделетін терілердің басым көпшілігі ересек қойдікі болатындықтан, олардың тері ұлпасы қалың келеді де, терінің, әрі одан жасалатын бұйымның салмағын арттыра түседі.

Әртүрлі қой тұқымдары мен түрліше жас-жыныс топтарынан алынатын терілердің қасиетін зерттегенде тері ұлпасының қалыңдығында едәуір айырмашылық (0,55-тен 2,0 мм-ге дейін) болатындығы анықталған. Биязы жүнді ересек қой терісіндегі мұндай айырмашылық 0,7-0,96мм (орта есеппен – 0,85 мм) аралығында.

Биязылау жүнді қой терісінің қалыңдығы да едәуір ауытқиды. Өйткені мұндай тері әр түрлі қой тұқымдары мен будандарынан алынады. Биязылау жүнді қой терісі ұлпасының қалыңдығы 0,06-1,5 мм, орташа қалыңдығы 0,92 мм. Ұяң жүнді қой терісі ұлпасының қалыңдығы едәуір жоғары - 0,8-1,7 мм, орта есеппен 0,95 мм.

Беріктігі. Өңделген үлпек жүнді қой терісі ұлпасының беріктігі едәуір ауытқиды. Өйткені оның өзі жүннің біркелкілігін, жіңішкелігіне және тері жабынының құрылымына (тығыз, болбыр) байланысты.

Терінің беріктігі жүннің біркелкілігіне, қоюлығына және жіңішкелігіне байланысты: жүн неғұрлым біркелкі, қою, әрі жіңішке болса, терінің механикалық беріктігі соғұрлым әлсіз келеді. Себебі жүн неғұрлым қою болған сайын терідегі емізікті қабаттың коллаген талшықтарының үлесі азаяды да, жүн түбірі, баданасы және безді түзілістер көбейе түседі. Жүннің біркелкі, әрі өте жіңішке болуынан майда түбіт талшықтардың баданасы тері қабатында бірдей тереңдікте орналасады да емізікті және торлы қабат арасындағы байланыс әлсірейді.

Серпімділік және созымдылық қасиеті негізінен алғанда тері ұлпасының гистологиялық құрылымына, коллагендік құрылымның даму дәрежесі мен өрілу сипатына, созылу қабілетіне, сондай-ақ теріні өңдеген кезде жұмсару дәрежесіне байланысты. Болбыр құрылымды қой терісі едәуір серпімді, ал тері ұлпасының құрылымы тығыз болса – созымды келеді.

Теріні өндірістік өңдеу технологиясының дұрыс жүргізілмеуінен және биязы жүнді қой терісіне тән жүннің нәзіктігі мен тері құрылысының өзіндік ерекшелігіне байланысты терінің беткі қабаты беріктігінің кемуі, емізікті және торлы қабаттар байланысынің әлсіреуі, осының салдарынан терінің жарылуы және өңдеу кезінде беткі қабатының қыртыстануы қатарлы кемістіктер (ақаулар) орын алуы мүмкін.

Сонымен қоса, биязылау жүнді қой терісінің басым көпшілігі ұзын, әрі жүндес қойлардан алынады. Жүннің қоюлығы жоғары болатындық- тан үлпек жүнді қой терісі қажетті тығыздықты қамтамасыз ете алмайды.

Қой терісі сапасының маңызды көрсеткіші – шикізаттың ақаулық дәрежесімен сипатталатын сорттылығы. Ақаулы қой терісін өңдеу өндірісте жарамсыз терілердің санын көбейтіп жартылай шикізаттың сапасын түсіреді.

Үлпек жүнді қой терісі ақаулық дәрежесіне қарай төрт сұрыпқа бөлінеді. ІV сұрыпты қой терілері жартылай өнім әзірлеуге жарамайды.

Үлпек жүнді қой терісінің сапасы көбінесе шикізатты консервілеу әдістеріне байланысты. Мысалы құрғақтай әдіспен консервіленген шикізатта өңдеу процесінде ғана байқалатын жасырын ақаулар болады.

Теріні консервілеудің негізгі техникалық талаптарының бұзылуы, әсіресе жас терінің консервіленбей ұзақ (2 сағаттан көп уақыт) жатып қалуы шикізат сапасын едәуір кемітеді.

 

 

Тапсырма 1.

 

Тапсырма 2.

 

 

Бақылау сұрақтары

 

Әдебиеттер:

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.