Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жүннің жіңішкелігін анықтау



1.4 Жүннің жіңішкелігін анықтау

 

Сабақтың мақсаты. Жүннің жіңішкелігі – оның өндірістік шикізат ретіндегі құндылығын білдіретін негізгі қасиеттерінің бірі. Сондықтан да студенттен жүн талшығы туралы түсінікті, оның өндіріс қажеті үшін маңызын, жүн жіңішкелігінің оның басқа да қасиеттерімен байланыс- тылығын, жүн жіңішкелігіне әсер ететін факторларды, оларды анықтау әдістерін оқып-меңгерту.

 

Сабақтың мазмұны. Жүн жіңішкелігі екі түрлі әдіспен анықталады: лабораториялық (микроскоптың, ланометрдің көмегімен) және сараптық (көзбен). Лабораториялық әдістің мәні – жүн құрамына кіретін жеклеген талшықтардың диаметрін қлшеу және жүн жіңішкелігінің орташа көрсеткішін микрометр есебімен, содан кейін біртекті жүннің Советтік классификация сапасымен шығару.

Микроскопты әзірлеу.

Жүннің жінішкелгін лабораториялық жолмен өлшеген кезде микроскопты окулярлы микрометрмен жабдықтайды. Объективтің нөмеріне байланысты окулярдың нөмері мен микроскоп тубусының биіктігі окулярлы микрометр шкаласымен бір бөлігінің құны өзгереді. Сондықтан да жұмысты бастарда алдымен белгілі үлкендікте әр микроскоп үшін окулярлы микрометр шкаласының бір бөлігінің құны белгіленеді, оның өзі микроскоптың ауыспалы коэффициент дегеннен тұрады. Окулярлы микрометрдің бөліктерінің құнын (ауыспалы коэффициент) белгілеу үшін микросптың жұмыс үстеліне ортасына шкалалы бөліктері бар металл пластинкадан тұратын объективті микрометрдің қояды. Объективті микрометрдің бір бөлігінің құны 0,01 мм, немесе 10 микрометрден тұрады. Ол металл пластинкада көрсетілген.

Кіші (шағын) үлкендікте микроскоптың көру кеңістігінде объективті микрометрдің шкаласын табады, бұдан кейін микроскопты жүн талшықтарын өлшеуге пайдаланатын үлкейіткіш мөлшерге көшіреді. Осыдан соң микроскоптың окулярына окулярлық сызғыш қойылады. Микроскоптың көру кеңістігінен бір-бірінен сызықтарының ұзындығынан ажыратуға болатын екі шкаланы табады (объективті және окулярлы микрометрлердің).

Шкалалардың горизонтальды оське параллель орналастырады. Әр түрлі екі учаскеде екі шкаланың да бөлу сызықтарыңың қатан сәйкес келуін табады. Екі шкаладағы сәйкес келетін сызықтардың арасындағы бөліктер санын есептейді және окулярлы микрометрдің бөлігінің құнын (Х) мына формуламен анықтайды.

 

 

 

Бұдан шығатын қорытынды, окулярлы микрометрдің бір бөлігі осы үлкейту мөлшерімен алғанда 2,44 микрометрге тең.

Окулярлы шкала бір бөлігінің размерін түпкілікті белгілеу үшін баяндалған әдіспен объективті және окулярлы шкалалардың сәйкес келетін учаскелері екі айқындаушы жүргізеді және орта арифметикалық есебін жүргізеді (13-кесте). Табылған үлкендік мөлшері берілген объективті, окуляр мен тубус биіктігіне сәйкес осы микроскоп үшін тұрақты болып табылады.

Тапсырма 1. Берілген микроскоп үшін күшті ұлғайту кезіндегі ауыспалы коэффициентті (окулярлы микрометрдің бір бөлігінің құны) табу (13-кесте).

 

13 кесте - ауыспалы коэффициентті табу

 

Тубус-тың биік-тігі

Объективтің №

Окулярдың №

Сәйкес келетін бөліктердің саны

Екі айқындаушы бойынша орта есеппен

Микрос-

коптың ауыс-

палы коэффи-

циенті

Объек- тивті микро- метрдің Окуляр- лы микро- метрдің Объек- тивті микро- метрдің Окуляр- лы микро- метрдің

Объективті микро-

метрдің

Окулярлы микро-

метрдің

1-анықтаушы

2-анықтаушы

     

 

 

     
     

 

 

     
                   

 

Жұмысқа қажетті: микроскоптар, окулярлы микрометр, объективті микрометр.

Тапсырма 2. Микроскоптың көмегімен жүннің жіңішкелігін анықтау әдісі және көбейту тәсілі бойынша вариациялық статистика әдісімен мәліметтерді өңдеу.

Микроскоптың көмегімен жүннің жіңішкелігін өлшеу үшін жабағының бүйір бөлігінен 40-60 грамм жүн қажет. Оны бірдей етіп үлгі ретінде үш бөлікке бөледі. Оның біреуі негізгі, екіншісі - бақылау ретінде, үшіншісі артығымен алынады. Алғашқы екі бөлікке жүн жіңішкелігіне жасаған байқау нәтижесінде екуінің арасындағы айырмашылық биязы жүн үшін 1-1,5 мкм және биязылау жүн үшін 2-2,5 мкм-ден аспайтын болса, көрсеткіштер қанағаттанарлық деп есептеледі. Ал, керісінше жағдайда байқауға алынған үшінші үлгі өлшенеді де, үш үлгі бойынша орташа мәлімет шығарыларды.

Әдетте тәжірибе жасау мақсатында биязы жүннің 100-150 қиындысы, биязылау жүннің 200-250 және әртекті жүн үшін 300 тал қиындысын өлшейді.

Жұмысқа қажетті: микроскоп, оклярлы микрометр, заттық және жабынды әйнек, аралстырғыш ине, қайшы, глицерин, жіңішкелікті өлшеуге арналған біртекті жүн үлгілері.

Зерттеуге арналған жүн үлгілерін ластан және шайырынан тазарту үшін алдын ала эфирмен немесе авиабензинмен жуады. Үлгіге алынған талшықтарды олардың параллель орналасқан қалпын өзгертпей мұқият араластырады. Жүн талшықтарының бірінің ұшы келесісінің түбімен (негізімен) қатар келетіндей болған жөн. Содан кейін талшықтарының бумасын тең бөліп қояды. Жүн бумасының әр жерінен (шет-шетінен және ортасынан) өткір қайшымен 0,5 мм шамасындай ұзындыққа қиып алынады.

Осы қиындыларды сағаттық шыныға немесе заттық шыныға тамызылған бірнеше тамшы глицеринге араластырғыш инемен аралас- тырады. Араласқан қоспаның шетінен шыны таяқшамен бөліп алып, таза заттық шынының үстіне салады. Оған бір тамшы глицерин қосып үстінен жабынды шынымен бастырады.

Жүн талшығының жіңішкелігін окулярлы микрометр шкаласының бөліктермен, көзге көрініп тұрған талшықтың көлденең кесіндісі алып жатқан бөліктер санын есептеу арқылы өлшенеді. Микроскоптың көру кеңістігінде орналасқан қиындылардың әрқайсысын, біреуі де қалдырыл мастан өлшенеді.

Бір өлшенген қияндысын қайталап өлшемес үшін микроскоптың көру кеңістігін белгілі бір тәртіппен (иректеп) қажетті дәлдікке қойып алады.

Жүн талшығы кеңістігінің жіңішкелігін өлшеген кезде микрометрдің окулярын әр талшықты зерттеген сайын зерттеліп отырған талшыққа оның шкаласы міндетті түрді перпендикуляр жағдайда болатындай етіп бағыттап отырады. Жүн талшығының көлденеңін алып жатқан, окулярлы микрометрдің бөліктерінде көрсетілген шкала бөлігінің саны ізделініп отырған жіңішкелік болып табылады.

Өлшеніп отырған талшық кесіндісінің шет-шеті фокустан айқын көрінуі тиіс. Бұл үшін әр қиындыны өлшеген сайын микровинттің көмегімен фокусты тауып алған дұрыс. Сондай-ақ микроскоптың тубусы белгіленген қалпынан ауытқымағанын қадағалап отыру керек.

Өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістемесі ГОСТ 21645 сәйкес жүргізіледі.

 

14 кесте - Талшықтың жіңішкелігін өлшеу нәтижелерін есептеу үлгісі

 

Микрометр окулярының бөліктеріндегі жіңішкелік кластары Кластары бірдей болып өлшенген талшықтар саны

 

 

Көмекші мөлшерлер

2 (S1) 3 (S2) 4 (S3) 5 (S4)
6,1-7,0
7,1-8,0
8,1-9,0
9,1-10,0
10,1-11,0
11,1-12,0
12,1-13,0
13,1-14,0
14,1-15,0
15,1-16,0
16,1-17,0
17,1-18,0

 

Көмекші мәліметтер төмендегіш жолмен алынған: төменнен санағанда бірінші жолдың саны 2 бағанның бірінші жолының санына тең, төменнен санағанда екінші жолдың саны 3 бағанның бірінші жолы мен 2 бағанның екінші жолындағы сандар жиынтығына тең, төменнен санағандағы үшінші жолдың саны 3 бағанның екінші жолы мен 2 бағанның үшінші жолдарындағы сандардың жиынтығына тең және т.б. 4 бағана бойынша қосымша үлкендікте де осылайша табады.

Көмекші мәліметтер

Ауыспалы коэффициент 2 микрометрге тең.

 

 ;

 

 

Студент зерттелген жүнді стандарт талаптарына сәйкес және біртекті жүнді классификациялау мәліметтерімен салыстыру жолымен бағалауы керек.

Вариациялық қатар құру және талшықтардың жіңішкелігіне қарай қисық сызу жолымен бөлу әдістемесі. Жүн жіңішкелігінің қисығы вариациялық статистика әдісімен жіңішкелікті өлшеу нәтижелерін өңдеуді ескере отырып алынған мәліметтер негізінде құрылған.

Тапсырманы орындау. Зерттелген жүн талшықтары жіңішкелігінің вариациялық қатары әр класс шекарасының орташа үлкендігін микрометрге ауыстыру коэффициентінің көмегімен көшіру жолымен құрылады, содан кейін өлшенген талшықтардың барлық санының әр класындағы пайыз есебімен кқрсетілген талшықтар саны есептеледі және 15-кесте толтырылады.

 

15 кесте -  Вариациялық қатары (үлгі)

 

Окулярлы сызғыш бөліктеріндегі орташа жіңішкелігі   5,5   6,5   7,5   8,5   9,5   10,5   11,5   Барлығы
Кластағы талшықтың орташа жіңішкелігі, мкм   13,4   15,9   18,3   20,7   23,2   25,6   28,1  
Кластағы талшықтың саны                
Пайызбен алғандағы

 

Осы вариациялық қатардың мәліметтері бойынша талшықтарды жіңішкелігіне қарай бөлудің қисық сызығы салынады. Бұл үшін абсцисс осіне микрометрмен көрсетілген жіңішкелік класы салынады, ординат осіне-барлық өлшенген талшық санының пайызбен өрнектелген саны.

Студент бір биіктікке сызылған жинақы қисық биязы және биязылау жүннің олардың талшықтарын құрайтын жіңішкелігі біркелкілігін көрсететіндігін біле отырып, қисық сызық бойынша жүн сипаттамасын айыры (оқи) алуға үйренуге міндетті. Созылған, бірнеше биіктігі бар қисық біркелкі емес және әртекті жүнге тән.

 

Тапсырма 3. Микроскоптың көмегімен жүннің жіңішкелігін анықтау. Алынған мәліметтерді вариациялық статистика әдісімен көбейту тәсілін пайдалана отырып өңдеу (16-кесте)

 

16 кесте - Мәліметтерді тіркеуді 14-кесте үлгісі бойынша жүргізу

 

Окулярлық микрометр бөліктеріндегі жіңішкелік класы Класс ішіндегі өлшенген талшықтар саны

Көмекші мөлшерлер

       

 

Тапсырма 3. Жүн жіңішкелігін өлшеу мәліметтері бойынша (немесе талшықтың жіңішкелігі бойынша қисық бөлу) вариациялық қисық құрастыру (17-кесте)

 

17 кесте - Жүн жіңішкелігінің вариациялық қатары

 

Окулярлық микрометр бөліктеріндегі жіңішкелік класы         барлығы
Микрометрмен алынған жіңішкелік          
Кластағы жүн талшығының саны          
Пайызбен алғанда          

                     



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.