Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жүн талшықтарының гистологиялық құрылымы



   1.2 Жүн талшықтарының гистологиялық құрылымы

Сабақтың мақсаты:түрлі жүн қабаттарының құрылымы мен функциясын оқып-үйрену, әртүрлі жүн талшықтарын гистологиялық құрылымының көрінісі бойынша өзара салыстыру.

Жұмысқа қажетті материалдар: жуылған қой жүнінің әртекті үлгілері, қысқыш, түрлі типтегі жүн талшықтары мен микроскоп.

Сабақтың мазмұны. Әрбір жүн бумасынан 20-30 талшықтан алып, қатар-қатар түзулеп жазылған күйінде қояды. Заттық әйнекке шыны таяқшамен бір тамшы глицерин жағып, оған жүн бумасының әр жерінен 0,5 мм қиып алынған жүн талшығының 15-20 қиындысын орналастырады. Осы жүн талшықтарының кесінділерін глицеринмен араластырғыш инемен жақсылап араластырады да, жабынды әйнектің үстіне қояды. Зерттелінетін жүн талшықтары кесіндісін микроскоптың жұмыс үстеліне орналастырады да алдымен аздап үлкейтілген күйінде, содан кейін өте-мөте үлкейтілген күйінде зер сала қарайды.

Бұл кезде жүн талшығының қабаттарына, олардың өзара қатынасына, қабыршақты қабаттардың құрылымының сипатына көңіл бөледі.

Студент өзінің жеке байқауларының нәтижесі мен теориялық мағлұматтарды негізге ала отырып, әртүрлі жүн талшықтары құрылымының микроскоптық көрінісін суреттеп береді және олардың арнайы формадағы өзіне тән ерекшеліктерін белгілейді (6-кесте).

 

6 кесте - Жүн талшықтарының гистологиялық құрылымы

 

Талшықтың түрлері Суреттері Талшық құрылымының өзіне тән ерекшелігі
     
     
     
     

 

Тапсырма 1. Талшықтарының түрлері басым түсетін қой жүнінің гистологиялық құрылымы бойынша топтарын анықтау.

Тапсырманы орындау: Әр топқа жататын жүн бумаларының әр қайсысынан 20-30 талшықтан алып, қатар-қатар түзулеп жазылған күйінде қояды. Заттық әйнекке шыны таяқшамен бір тамшы глицерин жағып, оған жүн бумасының әр жерінен 0,5 мм қыйып алынған жүн талшығының 15-20 қиындысын орналастырады. Осы жүн талшықтарының кесінділерін глицеринмен араластырып инемен жақсы- лап араластырады да, жабынды әйнектің үстіне қояды. Зерттейтін жүн талшықтары кесіндісін микроскоптың жұмыс үстеліне орналастырады да алдымен аздап үлкейтілген күйінде, содан кейін өте-мөте үлкейтілген күйінде зер сала қарайды. Әр топқа жататын жүн бумасынан алынған препаратты жеке жеке зерттейді.

Микроскоп арқылы қараған кезде ең басты мәселе ретінде осы топқа жататын жүн талшығының құрамына назар аударады.

Гистологиялық зерттеулер мен теориялық мағлұматтарды негізге ала отырып, зерттеуге алынып отырған төрт түрлі жүн үлгісінің әр қайсысын құрайтын талшықтардың түрін белгілейді (6-кесте).

 

6 кесте - Жүн талдауының нәтижелері

 

Үлгінің номері Микроскоптық көрініс үлгісіндегі талшықтар түрі Қой жүнінің топтары
     
     
     
     
     
     
     

 

Тапсырма 2. Жүн талшықтарының көлденең кесіндісінің пішінімен және құрылымымен танысу.

Студент алдын ала теориялық мағлұматтардан жүн талшықтарының түрінің көлденең кесіндісінің пішіндерін түсініп алады. Түбіт және аралық талшықтың көлденең кесіндісі неғұрлым тиімді болып саналатын цилиндр пішінге жақын келетінін, қылшық жүнмен өлі жүннің көлденең кесіндісі одан аутқитынын байқайды. Жүн талшықтың пішініне жүнді иірген кезде және иірген жіптің сапалық қасиеті тікелей байланысты болады.

Тапсырманы орындау: Жуылған жүннен әртүрлі 20-30 тал жүн алынады да қатарластыра жайып қояды. Алынған жүн бумасын сол қолымен соза отырып, шыны таяқшаның көмегімен коллодийге батырады да 2-3 минут бойына коллодий суығанша осы күйде ұстап тұрады. Бұдан кейін жүн бумасын тығынды тіліп, арнайы істелінген тілікке қысып тұрып, өткір алмаспен бірнеше жерден мүмкіндігінше ең төменгі жіңішкелікте араластырғыш иненің көмегімен заттық әйнектің үстіне тамызылған глицеринге салынады да жабынды әйнекпен бастырып, микроскоппен қарайды.

Жүн талының көлденең кесіндісінің пішініне, кесіндінің пішінімен талшық жіңішкелігінің байланысына, сондай-ақ әртүрлі талшықтардың өзекше кесіндінің микроскоптық көрінісін суреттеу (7-кесте).

 

7 кесте - Жүн талшығының көлденең кесіндісінің пішіндері

 

Түбіт Аралық талшық Қылшық Өлі жүн
       
       

Тапсырма 3. Кейбір кең таралған тоқыма талшықтардың гистологиялық құрылымымен танысу: мақта, зығыр, жібек, жасанды және синтетикалық талшықтар.

Жүннен басқа тоқыма өндірісіне арналған талшықтар өзінің гситологиялық құрамымен табиғи қой жүнінен айтарлықтай ерекшеленеді. Мақта талшығында өзекшесі бар бұратылған таспа түріндегі өсімдік жасушасы бар. Зығыр талшығы ірі өсімдік жасуша- ларынан тұрады. Жібек талшығының пішіні ұзына бойын қуалай түскен штрихтері айқын көрінетін таспа тәрізді. Жасанды және синтетикалық талшықтардың құрылымы болмайды, бұларды микроскоп арқылы қарағанда өзіне тән жолақшалар болады.

Жұмысқа қажетті: мақта, зығыр, жасанды және синтетикалық талшықтардың бумалары, сондай-ақ бірінші тапсырманы орындау кезінде пайдаланылған барлық материалдар.

Тапсырманы орындау. Мақта, зығыр талшықтары, жібек жіпті және химиялық талшықтарын алдымен жәй көзбен микроскоп арқылы қарайды. Зерттеуге алынатын талшықтар жүн талшықтарын микроскоп- пен қарауға әзірлесе, сол бойынша даярланады. Жоғарыдағы аталған талшықтардың гистологиялық құрылымын табиғи жүн талшықтарымен салыстырады. Жүннен басқа талшықтардың микроскопиялық құрылымын суреттеп жазады (8-кесте).

 

8 кесте - Әртүрлі талшықтардың құрылымы

 

Талшықтың аты Зерттеу материалының көрінісі Құрылымының ерекшелігі
     
     

 

Тапсырма 4. Матаның немесе иірілген жіптің үлгісін зерттеп, оның талшықтың құрамын анықтау.

Маталар талшық құрамына қарай біртекті және қоспа (аралас) болып келеді. Біртекті маталар шикізатының құрамы жағынан бір түрдің жібінен тоқылады, матаның негізі (желі жібі де), көлденеңінен түсетін арқаулығы да.

Аралас матаның негізгі бір түрге жататын жіп болса, арқаулығы басқа бір түрдің жібінен болады. Аралас мата талшықтар қоспасынан тұратын жіптерден тоқылуы да мүмкін.

Жұмысқа қажетті: материалдардың немесе жіптердің үлгілері және микроскоптың құрал-жабдықтары.

Тапсырманы орындау:

Үлгіге алынған матадан бірнеше бойлық және көлденең жіптерін суырып алады. Инемен әр жіп оларды құрастырып тұрған тіндерге ажыратады. Олардан зерттеу материалын жайындайды және оларды микроскоппен қарайды. Осылайша жіптің құрамын анықтауға да болады (9-кесте).

 

9 кесте - Матаның (жіптің) талшықтық құрамы

 

Рет номері Жәй көзбен қарағандағы байқау нәтижесі Гистологиялық зерттеу нәтижелері Жіп немесе мата үлгісінің құрамы Жіптің немесе матаның құрамы
         
         
         

 

Тапсырма 5.Көшірме бедер әдісімен қабыршақты қабатты, ыдырау әдісімен қыртысты қабатын, ауаны ығыстыру әдісімен өзек қабатын табатын зерттеулер.

Қабыршақты қабатты оқып түсіну үшін көшірме бедер әдісі желатин ерітіндісін пайдалана отырып жүргізіледі. Зерттеу жұмысына арналған шыныны қыздырып алып, үстіне біркелкі қалындықта ерітінді жағылады. Жағылған желатинге батып қалады. Желатин қатқаннан кейін талшықты бөліп алып, олардың көшірме бедеріне қарап қабыршақты қабатты зерттейді.

Жүн талшығының қыртысты қабатының ыдырау (жидуі) концентрациялы күкірт қышқылын немесе күйдіргіш сілтіні пайдалана отырып жүргізіледі. Бұл үшін заттық шынының үстіне жидіткіш сұйықты тамызып, оған жүн талшығының қиындысын батырады, содан кейін үлкен үлкейткішпен ұршық тәріздес жасушаларды қарайды.

Қылшық жүн талшығының өзекше қабатынан ауаны ығыстырып шығару түзіліп тазартылған (дистилденген) су мен спиртті пайдалана отырып жүргізіледі.

Қылшық жүн талшығының қиындыларын тазартылған судың тамшысына салып, үстінен жабынды шынымен бастырады, шынының бір шетінен сүзгіш қағазбен сорып алынады. 5-6 рет сорғызып алғаннан кейін өзекше қабаттан ауа ығыстырылып шығарылады да оның орнын спирт басады.

 

а-сурет б-сурет в-сурет
     

 

Бақылау сұрақтары:

- Әртүрлі талшықтардың әрқайсысының гистологиялық құрылы мын суреттеп, сипаттама беріңіздер.

- Қой жүні талшықтарының әртүрлерінің көлденең кесіндісінің ерекшеліктерін сипаттау.

- Мақта, зығыр, жібек, жасанды және синтетикалық талшықтардың гистологиялық құрылымын сипаттау және түсіндіру.

- Жүн талшығының гистологиялық құрылымының меңгерудің техникасын сипаттау.

 

Әдебиеттер:

1 Қ.С.Сәбденов., Т.К. Бексейітов және т.б. Қой шаруашылығы. Алматы, 2011.

1. К.Е.Елемесов., М.Д.Закиров т.б. Қаракөл елтірісі, аң терісі және тондық қой терісі шикізаттарының тауартануы. 1-2 кітап. Алматы, 1993.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.