Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бөлім. ТЕРІ ШИКІЗАТЫНЫҢ ТАУАРЛЫҚ ҚАСИЕТІН ЗЕРТТЕУ



1.4 Жүннің үзілуге беріктігін, созылғыштығын, серпімділігі және майысқақтығын, реңі, жұмсақтығы, қоюлығы, жылтырлығын анықтау

 

Сабақтың мақсаты. Жүннің беріктігі, созылғыштығы, серпімділігі және майысқақтығын анықтау.

 

Сабақтың мазмұны. Жүннің беріктігі сияқты маңызды физика-техникалық қасиеттерін оқып-игерудің зоотехникалық және өндірісітік тәжірибеде маңызы зор. Жүннің беріктілігі кейбір жағдайларда тұқымдық ерекшеліктердің көрсеткіші болып саналғанымен де, айтарлықтай дәрежеде малды азықтандыру мен бағып-күту жағдайларына да байланысты.

Жүн шикізатының сапасы жүннің беріктігіне байланысты.мұның өзі одан дайындалған бұйымның сандық және сапалық көрсеткішіне тікелей әсер етеді. Жүннің беріктігі дегеніміз талшықтың оны үзуге бағытталған күщке қарсы тұра алуы және сол күш шамасымен өрнектеледі.

Жүн талшығының созылғыштық немесе ұзарғыштық қасиетіне оның ұзындығының ұлғаюы немесе оның ирегін жазғаннан кейін үзу күшінің әсерінен созылуы жатады. Жүннің механикалық әсер ету күші тоқтатылғаннан кейін бастапқы размері мен пішінің қалпына келуі оның серпімділік қасиеті деп аталады.

Жүннің майысқақтығы – оның серпімділігі арқасында бастапқы қалпына келу жылдамдығын білдіреді.

Икемділігі – жүннен жасалған бұйымның оған ылғал мен темпуратура әсер еткен кезде өз формасын сақтап қалу.

Жүннің беріктігі екі түрлі әдіспен анықталады: сараптық және лабораториялық.

Жүн беріктігін сараптау арқылы анықтау. Жүн беріктігін сараптау әдісімен анықтау тәсілі.Жұмысқа қажетті: беріктігі әртүрлі жүн үлгілері. Жүн талшығының ықшамдап алған бумасын екі қолмен екі жағынан бас бармақ пен сұқ саусақтың арасына қысып ұстап созады (үзбейді). Осылайша созып ұстап тұрған талшықтарды ұрған кезде ол үзілмесе және жоғарғы тонды дыбыс шығарса, жүн мықты деп саналады. Егер ұрған кезде ол үзілсе және төмен тондағы дыбыс шығарса беріктігі нашар деп есептеледі. Ал тартылған күйде ұрғанда орташа тондағы дыбыс шығарып, жүн бумасы түгел дерлік бүтін, үзілмеген қалпын сақтаса, беріктігі қалыпты немесе орташа болып саналады.

Салыстыруға алынатын көрсеткіштердің аларда қажетті нәрсе зерттелетін жүн. Үлгілерінің бумаларының жуандығы бірдей, зерттеу алдында әрбір бумадағы жүн ұштарын қолдың саусақтарында бір-бірінен бірдей қысылуы керек. Осы тәсілді пайдалана отырып, алдын ала жаттыққаннан кейін, біртекті 5 бума жүннің үзілгіштігіне сынақ жүргізу керек (20-кесте).

 

Тапсырма 1. Жүннің беріктігін сараптау әдісімен анықтау

 

20 кесте - Жүннің беріктігін сараптау әдісімен анықтау нәтижелері

 

Үлгі Үзілгіштігі (өте берік, орташа, әлсіз) Дыбыс орташа тоны (жоғары тон, орташа, төмен) Ескерту  
       
       
       

 

Ескерту бағанында жүн бумасының белгілі бір тұсында беріктігі осалдау жері байқалмай ма және жүннің жалпы жағдайының сипатын – қалыпты немесе кемістігі бар көрсеткен дұрыс.

Жүннің беріктігін лабораториялық әдіспен анықтау тәсілдері (ГОСТ 20269-93). ДШ-3М және ДШ-3М-1 динамометрлермен жүн талшықтары бумасының беріктігін анықтау әдістері.

Тұтас жабағыдағы немесе бір бөлік жүннен бүір, жауырын және мойын тұсынан трафарет -тор принципі бойынша әрқайсысында 10-15 граммнан жалпы салмағы 200 грамм келетіндей етіп зерттеу материалына арнап бірнеше бөлік жүн алынады. Лабораториялық зерттеу материалы 45-50оС температурадағы сабынды-сода ерітіндісімен жауды. Ертініді құрамы: 1 литр суға 2 г сабын, 3 г кальцийлендірілген сода.

Жуылған жүн кептіру шкафында 60-70оС температурада 1 сағат бойы кептіріледі. Бұдан кейін талшықтарды параллель кептіру үшін темір тарақпен тарайды. Бұдан иректілігі түзелген күйінде 25 мм ұзындықта 30 бума жүн қиындысын дайындап алады. Бумаларды 3-4 сағат бойына 20оС температура және осыған сәйкес 65% ылғалдылық жағдайда ұстайды.

Әр буманың массасы 3-4 мг болуы керек. 25 талшық бумасын үзу арқылы үзілетін салмағын анықтайды. Жүн бумасын пинцетпен планшеттен алып, оның бір ұшын (оның ұзындығының жартсыныа дейін) үстіңгі қысқышқа ұстатады. Буманың екінші ұшын қысулы тұрған бумадағы барлық талшық бірдей тартылып тұратындай етіп төменгі қысқышты жылдамдығы 4 мм/сек болатындай қозғалыспен іске қосады.

Барлық талшықтар бумасы үзілгеннен оларды түгелдей жинап алып, аналитикалық таразымен өлшейді.

Үзу салмағын (P1) килограмм – күшпен мына формула бойынша есептейді.

 

,

мұнда P-бумаларды үзу салмағы шкалаларды көрсеткішінің жиынтығы (КГС), n – бумалар саны.

 

Үзілу ұзындығын     (L) километр есебімен мына формула бойынша есептеледі:

,

мұнда L – 25 мм тең талшық бумасының ұзындығы, m - үзілген бумалардың салмағы, кг.

 

2017-Д-0,006 модельді дозаланғыш қысқышты динамометрмен біртекті жүн талшықтары бумасының беріктігін анықтау әдісі.

Бұл әдіс тек қана біртекті биязы және биязылау жүнге қолданылады. Лабораториялық байқауға алынған жуылған жүннен әрқайсысында жеті штапельден үш үлгі (зерттеу материалы) әзірленеді. Олардың әрқайсысында екеуі-қатар зерттелетін, үшіншісі-артық анықтау қажет болған жағдайға есептеліп алынады. Байқау жұмысын бастамас бұрын динаметр белгілі бір деңгейге келтіріп қойылады. Дозалағыш қысқыш қажетті аралыққа келтіріледі (калибрлеу жасалады) яғни көрсеткішті биязы мериносжәнемеринос еместер үшін жеке буманың көлденең қимасының ауданына пропорциональды, буданды, цигай, кроссбред және кроссбред типтес биязылау жүндер үшін жеке белгілейді. Калибрлей жаңа аспаппен жұмысқа крісіер алдында, аспапты әрбір жөндеуден өткізген сайын. Сондай-ақ пайдаланғаннан кейін жүргізіледі. Калибрлеу 25 жүн бумасынан өткізеді. Әрбір жүн бумасын бөлек-бөлек калибрлеу жасау үшін жеке дозалағыш қысқыштар арасын 10 мм дәлдікке келтіреді. Бұдан кейін талшық бумасын динамометрдің иректі пышағымен кесіп шығады, буманы үзбей, қысқыштан боастып, қырқылған талшықтардан бөлектейді. Кескіштің немесе шаблонның көмегімен бумадағы қалған жүннен 25 мм ұзындықта талшықтар кесіп алады.

Барлық бумаларды өлшеп, буманың миллиметрмен алғндағы орташа салмағы (м) есептеп шығарады. Үзу ұзындығын (Lp) км –мен есептейді, килограмм-күшпен үзу салмағын бере (P1) отырып, мына формуламен шешеді:

 

,

 

мұнда Lp – 25 мм тең буманың ұзындығы, n - 1 буманың саны.

 

Бумадан кейін мынадай формада калибрлеу кестесін құрасытырады

 

Үзу салмағы P, кгс Үзу ұзындығы, км
1,0 1,1 1,2 1,3 және т.б.  

 

Үзілу ұзындығын әр бума үлгіден 5 талын үзіп алу арқылы анықтайды. Әр тал жүнді қолмен түзулеп, дозалағыш қысқышқа мынадай есеппен ұстатады. Талшықтың болжалынған, үзілуге бейім, осал жері қысқыштардың аралығына келуі тиіс. Қысқыш құрылғыны қысу шотында нысана (сигнальный риск) көрінгенге дейін бұрап қатайта береді. Штапельді бекіткеннен кейін қысқыштарда дозировка жасалады. Бұл үшін иректі пышақты коғалысқа келтіреді, ол талшықтардың артық бөлігін кесіп тастайды. Дозировка жасалғаннан кейін пассивті қысқышты боастып, активті қысқышты қозғалысқа келтіреді де үзеді. Үзу салмағының мәнін құралдың шкаласы бойынша анықтайды. Калибрлік кесте бойынша әр штапельге сәйкес келетін үзілу ұзындығын табады, содан кейін әр үлгіден бес штапель бойынша орташа арифметикалық шамасын есептеп шығарады. Егер екі қатар айқындаудың нәтижелері арасындағы айырмашылық 1,0 км алшық болса, онда үшінші-артық алынған үлгінің үзілу ұзындығы анықталады, қорытынды нәтиже ретінде үш анықтау нәтижелерінің орташа арифметикалық шамасы алынады.

Үзілу ұзындығы түрінде ізделініп отырған беріктік көрсеткіші жоғарыда келтірілген формула бойынша есептеледі.

Келтіріп отырған мысал бойынша жүннің үзілу ұзындығы мынаған тең болады.

 

Жүннің үзілу ұзындығын арнап үш есеп шығару.

   Есеп 1. Зерттеліп отырған жүннің 25 бумасын динамометрмен үзген кезде (бумалардың әрқайсысының орташа салмағы 4,5 грамм және ұзындығы 25 мм) төмендегідей сандар алынады (үзілу салмағы кг есебімен): 1,4. 1,56. 1,34. 1,1. 1,48. 1,61. 1,44. 1,01. 1,28. 1,37. 1,54. 1,48. 1,51. 1,64. 1,49. 1,38. 1,58. 1,50. 1,44. 1,49. 1,31. 1,45.

Барлық жүн бумаларының жалпы салмағы – 112,4, салмақ жиынтығы – 33,15

Есеп 2. Зерттеліп отырған жүн бумасы партиясының келесі 25 бумасын үзілген кезде үзу салмағы мына аралықта ауытқып отырады (кг): 2,18. 2,45. 1,97. 2,81. 1,7. 2,15. 1,84. 2,35. 1,91. 2,45. 2,71. 1,98. 2,74. 1,98. 2,74. 2,1. 2,45. 1,91. 2,1. 2,1. 2,15. 1,95. 2,83. 2,40. 2,25. 2,65. 2,55. 2,34.

 

   21 кесте - Динамометрмен жүн беріктігін анықтаған кездегі тіркеу мен есептеу үлгісі

 

Рет нөмері Буманың ұзындығы, мм Үзілгеннен кейінгі жүн бумасының салмағы, мг Үзілу салмағы
4,5 1,16
5,0 1,54
4,5 1,18
4,0 1,28
4,5 1,28
5,0 1,28
4,5 1,18
4,0 1,35
5,0 1,28
4,5 1,80
4,5 1,34
4,5 1,32
4,5 1,38
4,5 1,40
4,0 1,48
4,0 1,16
5,0 1,25
4,5 1,53
4,5 1,40
4,0 1,23
4,5 1,17
4,3 1,10
4,9 1,39
5,0 1,50
4,0 1,35

 

Есеп 3. Зерттеліп отырған жүн бумаларының тағы партиясындағы буманы үзген кезде үзу салмағының төмендегідей көрсеткіштері алынады (кг): 1,73. 1,35. 1,65. 1,84. 1,95. 1,58. 1,74. 1,85. 1,69. 1,58. 1,91. 1,91. 1,82. 1,77. 1,85. 1,94. 1,58. 1,88. 1,79. 1,84. 1,68. 1,88. 1,89. 1,90. 1,70. 1,65.

Барлық үш жағдайда да жүннің беріктігін анықтап, оның үзілуі ұзындығын көрсету. Биязы жақсы жүннің беріктігі 12 км дейін, ал биязылау жүндік- айтарлықтай үлкен екенін ескере отырып, беріктік сатысына баға беру.

 Тапсырма 2. Жүннің үзілу ұзындығын (беріктігін) анықтау (22-кесте)

 

22 кесте - Жүн беріктігін динамометрмен анықтаған кезде тіркеу мен есептеу.

 

Рет

Буманың ұзындығы, мм

Үзілгеннен кейінгі жүн бумасының салмағы, мг

Үзу салмағы, кг

1-тапсыр ма 2-тапсыр ма 3-тапсыр ма

Барлық жүн бумаларының жалпы салмағы, мг

Салмақ жиынтығы, кг

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

-Жүннің табиғи ұзындығы дегеніміз не (штапельдің биіктігі)?

-Жүннің нақты ұзындығының сипаттамасы, оны анықтау техникасы.

-Жүннің ұзындығын өлшеу техникасы.

-Жүн иректілігінің формаларын атау.

-Иректердің қандай пішіні қалыпты деп саналады.

-Ілмек немесе жіпше тәрізді иректердің сипаттамасы мен маңызы.

-Жүн иректілігінің қандай маңызы бар?

-Жүннің қысылған және маркиртті иректілігінің сипаттамасы.

-Жүннің иректілік күшін қалай анықтауға болады?

-Жүн талшығының ұзындығы бойынша қисық сызық бөлу деген не?

-Жүн талшығының ұзындығы бойынша қисық сызық бойымен бөлу техникасы

-Жүннің беріктігі деген не?

-Жүн беріктігін анықтау әдістері.

-Жүн беріктігіне әсер ететін факторлар.

-Жүн беріктігін анықтаудың сараптық әдісі.

-Жүннің майысқақтығы деген не?

-Жүннің беріктігі қандай өлшем бірлігімен өрнектеледі?

-Жүннің икемділігі деген не?

-Жүннің созылғыштығы деген не?

 

Әдебиеттер:

 1 Қ.С.Сәбденов., Т.К. Бексейітов және т.б. Қой шаруашылығы. Алматы, 2011.

2 Қ.С.Сәбденов, С.Қ,Шәуенов, Б.Т.Құлатаев. Қой шаруашылығы және жүн, қаракөл мен қой етін өндіру технологиялары. Алматы, 2006.

3 К.Е.Елемесов., М.Д.Закиров т.б. Қаракөл елтірісі, аң терісі және тондық қой терісі шикізаттарының тауартануы. 1-2 кітап. Алматы, 1993.

 

2 бөлім. ТЕРІ ШИКІЗАТЫНЫҢ ТАУАРЛЫҚ ҚАСИЕТІН ЗЕРТТЕУ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.