|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жүннің химиялық құрамыЖүннің химиялық құрамы Жүннің химиялық құрамы мен қасиеті. Жүн талшықтары тұтастай дерлік ақуыздың кератин тобынан тұрады, сондықтан онда басқа ақуызды заттарға қарағанда күкірт едәуір көп. Жүннің химиялық құрамы шамамен мынадай (%): · көміртегі - 50%; · сутегі - 6-7%; · азот - 15-21%; · оттегі - 21-24%; · күкірт - 2-5%; · күлді заттар - 1-3% Жүн кератині құрамына 18 аминқышқылы кіреді. Ал пайыз есебімен төмендегідей болады: цистин -13,1%, глютамин - 12,9%, лейцин - 11,5%, арганин - 10,2%, гистидин - 6,9%, тирозин - 4,8%, прамин - 4,4%, аланин - 4,4%, серин - 2,9%, лизин - 2,8%, валин - 2,8%, аспарагин - 2,3%, триптофан - 1,8%, глицин - 0,6%. Әртүрлі типтегі жүн талшықтары амин қышқылдарының түзілуіне байланысты ажыратылады. Әртүрлі жүн талшықтарында жеке аминқышқылдарының мөлшері бірдей болмайды, тіпті біртиптес талшықтардың гистологиялық әр қабатында түрліше болады. Жүн кератині: А кератині және С кератині болып екіге бөлінеді. А кератині қабыршақты қабат, С кератині - қыртысты қабат пен өзек заттарын түзеді. С кератині тирозин аминқышқылын түзентіндігімен А кератинінен ерекшеленеді.
1 кесте - Жүндегі амин қышқылының түзілуі, (100 г жүндегі көлемі, г)
Жеке жүн талшықтары күкірттің мөлшері жағынан бір-бірінен өзгеше келеді, басқа қабаттарға қарағанда өзекте күкірт аз. Түбітте ірі қылшық пен өлі талшыққа қарағанда күкірт көп. Құрғақ биязы жүнде шамамен 4% күкірт болса, қылшықты жүнде 3-3,3%. Жүндегі күкірттің мөлшері көбейген сайын, жүннің иірілу қасиеті жақсара түседі. Сілтілер мен қышқылдар жүннің құрамындағы заттармен бірге химиялық қосындылар құрап, жүннің физикалық қасиетін, кейде құрылысын да өзгертіп жібереді. Күйдіргіш сілтілердің жүнге тигізетін әсері қышқылдарға қарағанда анағұрлым көп. Сілтінің әсерінен жүн талшықтары бұзылады, ал өсімдік талшық- тар (зығыр, мақта, вискоза және т.б.) сақталады. Әлсіз қышқыл ерітіндіде жүн құрамы өзгермейді, ал өсімдік талшықтары бұзылады. Жануар мен өсімдік талшықтарының табиғатын осындай жолдармен анықтауға болады. Өнеркәсіпте әртүрлі талшықтарға химиялық әдіспен әсер етуді пайдаланады. Мысалы, жүн қиын алынатын арамшөппен (ошағын т.б.) ластанған болса оны 7% күкірт қышқылы ерітіндісінде (H2SO4) жуса, жүн құрамы бұзылмайды, ал өсімдік қоспалары (былғаныш тары) ериді. Бұл үрдіс жүн карбонизациясы деп аталады. Жүнді өсімдік қалдықтарынан химиялық жолмен тазарту үшін қолданылатын 7%-дық күкірт қышқылы жүн талшығының сапасына онша әсер етпейді. Ал 10%-дық күкірт қышқылының ертіндісі жүннің беріктігін 30% шамасына кемітеді. Суық су, сондай-ақ 100-105оC шамасындағы ыстық суда жүн беріктігіне, созылғыштығына және ажарына кері әсерін тигізбейді. Ал 120оC-тан жоғары температура жүн сапасын бір шама кемітіп жібереді.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|