Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Былғарылық тері шикізатының ассортиментін зерттеу



2.1 Былғарылық тері шикізатының ассортиментін зерттеу

Сабақтың мақсаты.Студенттерді түрлі былғары жасау өндірісінде қолданылатын тері шикізатының ассортименттерімен таныстырып, сапа көрсеткіштерін игерту.

Жұмысқа қажетті материалдар:Түрлі жануарлардың тері шикізатының, жартылай былғары және былғары терілерінің үлгілері (мүйізді ірі қара, жылқы, түйе, ешкі, қой және шошқа), метрлік лента, ГОСТ 28425-90 «Былғары шикізаты» ТШ, ГОСТ 28509-90 «Өңделмеген қой терісі» ТШ, ГОСТ 382-91 «Өнеркәсіпте өңдеуге арналған сұрыпталған былғары шикізаты» ТШ.

Сабақтың мазмұны. Былғарылық тері шикізатына мүйізді ірі қара, бұлан, кодас, бұғы, жылқы, түйе, есек, қашыр, шошқа терілері, ауданы 24м2 және одан үлкен көлемді үй және жабайы ешкілердің терісі, сондай-ақ тондық бағытта қолдануға жарамайтын қой терілері жатады.

Былғары шикізат ГОСТ 28425 техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс. Осы стандарт бойынша былғары шикізаты жануарлардың түріне және терілердің салмағына байланысты ұсақ, ірі және шошқа терісі шикізаты болып бөлінеді.

Ұсақ былғары тері шикізаты тобына бұзаудың, құлынның, ботаның (10 кг), сонымен қатар қозы және лақтың тері түрлері жатады.

бұзау терісі:

- жылбысқы (склизок) – тумаған немесе өлі туған бұзау терілері,

- бұзау былғарысы (опоек) – түлемеген, алғашқы жүні бар бұзау терілері, 

- өскін тері (выросток) - бұзаулардың түлеген жүні бар терілері, 10 кг-ға дейінгі

бота терісі: 10 кг-ға дейінгі салмағы бар түйе төлінің терісі,

құлын терісі:

- жылбысқы (склизок) - тумаған немесе өлі туған құлындардың терілері,

- жас құлын терісі (жеребок) – желін еметін және жүріп жайылуға жарайтын 5кг-ға дейін салмағы бар құлын терілері

- құлын терісі (выметка) – жылқы төлінің салмағы 5кг-нан 10 кг-ға дейінгі терілері, 

 

Ешкі терісі:

Лақ терісі - нанды және далалық болып бөлінеді.

Нанды лақ терісін сүтті және сүтті-түбітті ешкілерден негізінен ТМД-ның еуропалық бөлігінде дайындайды. Терісі сыпырылған жануардың жасына қарай үлпекті бұйым жасауға арналған ешкі және лақ терісі деп бөледі. Лақтан шевро, лакті шевро, астарлық, галантерейлік былғары жасайды.

Далалық лақ терісін ТМД-ның шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында дайындайды. Күздік терілер түбітке бай болып келеді. Тон тауарларын жасауға қолданылмайтын далалық лақ терісін шевро өндіруге жібереді. Одан астарлық, галантерейлік тауарлар жасалады.

Бұл топқа салмағы 10 кг-ға дейінгі жабайы жануарлар төлінің терілерін де жатқызады.

Ірі тері шикізаты - бұл салмағы 10 кг жоғары болатын жануарлардың, шошқадан басқа, сонымен қатар есек пен қашардың терісі. Келесі түрлерге бөлінеді: жартылай тері, бұқашық, қысыр қашар, бұқалық, қодас, бұлан, жылқы, есек және түйе терісі.

Ірі былғары шикізатына салмағы 10 кг-нан асатын терілердің барлық түрлері:

- жартылай былғары (полукожник) – салмағы 10-13 кг, ірі қара мал баспақтары мен еркек тана терілері,

- өгізше терілері бұқашық. (бычок) – салмағы 13-17 кг өгізше терілері,

- қысыр сиыр терісі (яловка) - сиыр терілері, салмағы: жеңіл -13-17кг, орташа - 17-25кг, ауыр 25кг-нан жоғары.

- өгіз терісі (бычина)- кестірілген өгізше терілері, салмағы: жеңіл - 17-25 кг, ауыр 25кг-нан жоғары.

- бұқа терісі (бугай) - бұқалардың терілері, салмағы: жеңіл - 17-25 кг, ауыр 25кг-нан жоғары;

- енеке (буйвол), қодас (як), бұғы (лось) терілері - ірі қара малдыкі сияқты салмағы бар енеке, қодас, бұғы терілері.

Жылқы терісі (конина) - салмағы: жеңіл – 10-17 кг, ауыр 17кг-нан жоғары.

Жылқы терісінің алдыңғы бөліктері (конский перед) - салмағы: жеңіл - 12 кг-ға дейін, ауыр 12кг-нан жоғары.

Жылқы терісінің артқы бөліктері (конский хаз) - салмағы: жеңіл - 5 кг-ға дейін, ауыр 5кг-нан жоғары.

Түйе терісі - салмағы: жеңіл -10-17кг, орташа - 17-25кг, ауыр 25кг-нан жоғары.

Есек (осел), қашыр (мул) терісі – есек, қашырдың барлық салмақтағы терілері.

Шошқа терісі. Үй және жабайы шошқа, қабанның ұсақ, орта, ірі терілері: салмағы ұсақ-30-702 дм, орташа-71-1202 дм, ірі-120 дм2-ден жоғары;

Шошқа терісінің крупоны (жон терісі) - салмағы: жеңіл – 30-50 дм2, ауыр 50 дм2-дан жоғары.

Ет комбинаттарында 60 кг жоғары шошқа ұшаларынан крупон, мойын, бүйір, арқа терілерінің бағалы бөліктері алынады.

Сондай-ақ былғарылық терілерге әр қайсысының салмағы 10 кг-нан төмен емес қодас, бұлан, бұғы терілері, салмағына байланыссыз есек, қашыр терілері жатады.

Қой терісі. Қой терілері «Өңделмеген қой терілері» ГОСТ 28509 бойынша былғарылық (кожевенная), тондық (шубная) және үлпек жүнді (меховая) қой терісі болып үш топқа бөлінеді.

Қой терісінің былғарылық шикізаты тондық және үлпек жүнді бұйымы жасайтын шикізат стандартының талабына сай болмайды. Оған негізінен қылшық жүнді қой мен олардың будандарының терілері, кейде биязы және биязылау жүнді қойлардың терілері жатады. Былғарылық тері шикізатына қырыққаннан кейін әлі жүні толық өсіп жетілмеген тақыр қойлар терілерін, жүні ошағанды, оны тазартуға болмайтын қой терілерін, жүнін күйе жеген терілерді, жүн талшықтарының, түлеу белгісі бар, жүні жатып қалған және басқа да кемістіктері бар терілерді пайдаланады.  

Терісі шикізатқа кететін қозыларды қойдың тұқымы мен көбейту немесе өсіру аймағына байланысты орыс және далалық деп бөледі.

 

Тапсырма 1. Төмендегі суретте келтірілген тері шикізатының шекті нүктелерін анықтап жазыңыз.

 

Сурет 3. Терінің шеткі бөліктерін ажырату сызықтары: АБ -   БВ -   АГ -   ГВ -  

 

    Тапсырма 2.Жылқы терісінің алдыңғы және артқы бөліктерін ажыратыңыз.

Сурет 4. Жылқы терісінің алдыңғы және артқы бөліктерін ажырату тілім сызықтары: АБ -   ВГ -  

 

Бақылау сұрақтары:

1. Былғары шикізаты деген не?

2. Былғары жартылай фабрикат өндіруге қандай мал тері шикізаты қолданылады?

3. Былғары жартылай фабрикаттан қандай бұйымдар өндіріледі?

4. Ірі қара терісі туралы айтыңыз

5. Бұлан терісі туралы айтыңыз

6. Қодас терісі туралы айтыңыз

7. Бұғы терісі туралы айтыңыз

8. Жылқы терісі туралы айтыңыз

9. Түйе терісі туралы айтыңыз

10.  Есек терісі туралы айтыңыз

11.  Қашыр терісі туралы айтыңыз

12.  Шошқа терісі туралы айтыңыз

13.  Қой терісі туралы айтыңыз

Әдебиеттер:

1 Қ.С.Сәбденов., Т.К. Бексейітов және т.б. Қой шаруашылығы. Алматы, 2011.

2 К.Е.Елемесов., М.Д.Закиров т.б. Қаракөл елтірісі, аң терісі және тондық қой терісі шикізаттарының тауартануы. 1-2 кітап. Алматы, 1993.

3 С.Қ.Шауенов, Ж.Құржықаев, С.Нарбаев. Тері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы (практикум). Астана, 2008.

4 А.Н.Беседин, С.А.Каспарьянц,. Товароведение и экспертиза меховых товаров. Москва, 2007.

5 З. Сайт, Ж.Сейітқажы. Мал және аң терілері шикізатының тауартануы. Астана, 2014.

6 ГОСТ 28425-90 «Былғары шикізаты» ТШ

7 ГОСТ 28509-90 «Өңделмеген қой терісі» ТШ

8 ГОСТ 382-91 «Өнеркәсіпте өңдеуге арналған сұрыпталған былғары шикізаты» ТШ

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.