|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жүннің иректілігі мен ұзындығын анықтау1.3 Жүннің иректілігі мен ұзындығын анықтау
Сабақтың мақсаты - ирек-ирек болып келген пішіндерді анықтау және иректілігінің табиғи құбылысын (заңдылығын) сондай-ақ ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып жүннің табиғи және нақты ұзындығын анықтау техникасы. Студент жүн иректілігінің малдың дене бітімімен, талшықтаың физикалық қасиеттері мен, жүн шикізатының тауарлық түрімен, сол жүннен істелінген мата және бұйым сапасымен байланысын түсіндіру қажет. Жұмысқа қажетті материалдар: планшетке орналастырылған иректілігі түрліше болып келген жүн бумалары (үлгі ретінде), жаттығу жұмысына арналғанбіртекті жүн бумаларының жиынтығы. Сонымен бірге біртекті жүн бумалары (кроссбред типіне жататын биязылау жүн), сызықтары бар қағаз (ұзындығы 30 см қара қағазға жолақтар көрсетілген әйнектің астына қойылады), вазелин немесе глицерин, араластырғыш ине, пинцет.
Тапсырма 1. Жүн ирегінің пішіні мен иректіліктің табиғи заңдылығын анықтау. Студент алдын ала арнайы әдебиетпен танысып, мыныған көңіл аударады. Жүн талшықтары ирегінің пішіні және ірілігі әр түрлі болады. Иректер қалыпты, күшті және әлсіз болып бөлінеді. Иректердің барлық жиынтығы жүннің иректілігі деп аталады. Түрлі типке жататын талшықтардың иректілігі де түрліше болады. Тегіс, жайпақ, созылған, қалыпты, биік, маркиртті және ілмекті (жіпше). Тапсырманы орындау Үлгілерді пайдалана отырып, жүн ирегінің түрлі пішіндермен міндетті түрде танысу. Содан кейін жаттығу жұмысына арнап алынған бумадан жүн ирегінің пішіні мен жүн иректілігінің табиғи заңдылығын анықтау. Табиғи заңдылық түсінігінің арқасында жүн талының ұзына юойындағы иректерінің шамасы мен пішінінің сипатын білуге болады. Иректілікті табиғи жүн үлгісіне қарап көз мөлшерімен анықтайды, талшықтың 1 сантиметрдегі иректерді санап шығады. (10 - кесте).
10 кесте - Жүннің иректілігін зерттеу нәтижелері
Тапсырма 2. Жүн үлгісіне қарап талшықтың табиғи және нақты ұзындығын анықтау, иректілік күшін есептеу. Студент міндетті түрде жүннің табиғи және нақты ұзындығын анықтауды үйрену қажет. Жүннің табиғи ұзындығы – қойдың терісінен немесе шатепльдің түбінен жүн қабатының үстіңгі ұшына дейінгі табиғи (иректелген) күйінде алынған штапельдің биіктігі. Жүннің нақты ұзындығы деп жекелеген жүн талшығының түзулеген (созып өлшенген емес) күйіндегі ұзындығын айтады. Тапсырманы орындау. Алдымен бумадағы жүннің табиғи ұзындығын миллиметрлік сызғышпен 0,5 см дәлдікпен өлшейді. Лаборатория жағдайында жүннің нақты ұзындығын өлшеу үшін жүн үлгісінен әрқайсысында 500-ден 1000-ға дейін жүн талшығы болатындай етіп үш үлгі алынады. Олардың екеуі зерттеледі, үшіншісін артығымен алады. Үшінші алдындағылардан үлкен айырмашылық байқалған жағдайда (10 пайыздан үлкен) зерттейді. Жұмысқа кірісерде астыңғы бетінде миллиметрлік белгісі бар қағаз жапсырылған әйнектің үстіңгі бетінде жұқалап вазелин немесе глицерин жағады. Зерттелетін үлгіден араластырғыш инемен бір талшықты бөліп алып, оның бір үшін әйнектің шетіне, миллиметрлік қағаздың нөлдік деңгейіне келтіре сол қолмен, ал екінші ұшынан пинцетпен түзулеп ұстайды. Осы арада милиметрлік қағаздан 1 мм дәлдікпен талшықтың нақты ұзындығына сәйкес келетін санды белгілеп алады. Осылайша үлгідегі қалған талшықтардың нақты ұзындығын өлшейді (11 кесте) Өлшей аяқталғаннан кейін орташа ұзындықты есептеп шығарады. Осы мақсатпен ұзындықты өлшеу нәтижелерін тәртіп бойынша тіркеп, әр талшықтың жүн ұзындығының белгілі бір класына жатқызады. Ұзындықтың минималды класы ретінде табиғи ұзындығы немесе миллиметр есебіменштапельдің ұзындығы алынады. Кластар арасындағы интервалдар әдетте 10 мм белгіленеді.
11кесте - Талшықтың нақты ұзындығын есептеу үлгісі
Жүннің табиғи ұзындығы 70 мм. Жүннің орташа ұзындығы формуласы бойынша анықталады. Мұндағы: S – барлық кластарға жататын талшықтардың ұзындығының жиынтығы, n – өлшеген талшықтардың саны.
Біздің мысалымызда .
Ұзындықтары бойынша жүн талшықтарының біркелкілігін анықтау үшін талшықтарды ұзындығына қарай ажыратуға болатынқисық сызылады. Бір биіктікке бағытталған қисық сызық жүннің талшықтары- ның ұзындығы бойынша біркелкілігінің тәуір екендігін білдіреді. Бұдан басқа, жүн иректілігінің күші анықталады, бұл үшін жүннің нақты ұзындығы мен табиғи ұзындығының айырмасы пайыз есебімен нақты ұзындыққа қатынасы алынады. Биязы жүнде бұл көрсеткіш 20-25 пайыз аралығында ауытқиды және одан да жоғары болады, ал биязылау жүнде 20 пайыздан төмен.
Үлгі ретінде алынған жүн талшығының табиғи және нақты ұзындығын анықтау (12-кесте). Жүннің табиғи ұзындығы ______ см.
Алынған мәліметтерді пайдалана отырып, жүннің иректілік күшін анықтау (нақты және табиғи ұзындықтардың арасындағы айырмашылықтың нақты ұзындыққа пайыздық қатынасы).
12 кесте - Талшықтардың нақты ұзындығын өлшеу мен есептеу нәтижелерін талдау
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер: 1 Қ.С.Сәбденов., Т.К. Бексейітов және т.б. Қой шаруашылығы. Алматы, 2011. 2 К.Е.Елемесов., М.Д.Закиров т.б. Қаракөл елтірісі, аң терісі және тондық қой терісі шикізаттарының тауартануы. 1-2 кітап. Алматы, 1993.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|