Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жүн жіңішкелігін анықтаудың сараптық әдісі



Жүн жіңішкелігін анықтаудың сараптық әдісі

Қазіргі кезде бұрыңғы КО-да бекітілген біртекті жүннің жіңішкелігі бойынша советтік классификация (жіктеу) қолданылады. Ол бойынша біртекті жүн жіңішкелігі бойынша жүн сапасы деп аталатын 13 класқа бөлінеді.

Сараптық жолмен жүн жіңішкелігін анықтау тәсілдері

Жұмысқа қажетті: жіңішкелігі анықталған (белгілі) жүн үлгілері, жаттығу жұмыс үшін жүн бумасының жиынтығы, микроскоп, заттық және жабынды шыны, глицерин.

Жүн жіңішкелігін сараптау бойынша анықтау дегеніміз – талшықтың жіңішкелігін көз мелшермен анықтау және жүнді біртекті жүннің жіңішкелігі бойынша советтік классификацияға сәйкес келетін сапаға жатқызу.

 Жүннің жіңішкелігін сараптау жолымен анықтаудың тәртібі мен техникасын анығырақ түсіну үшін алдымен барлық жүн үлгілері жоғарыдан төмен сапаға дейін рет-ретімен (80-нен 32 сапаға дейін) міндетті түрде тексеріп, қарап шығып, жекелеген сапалардың өзара айырмашылықтарын байқау керек. Бумаларды тексеріп қараған кезде, жүн талшығын суырып алып, екі қолмен түзулеп ұстаған жөн. Бұл жіңішкелікті анықтауды айтарлықтай жеңілдетеді.

 Бұдан кейін ұсынылып отырған жүн үдгілерінен талшықтың жіңішкелігін анықтайды. Сонымен бір мезгілде жүннің 1 см иректердің санын шығарып алып, талшықтың иректілігіне көңіл аударады.жүн бумасындағы иректердің пішініне, талшықтың жіңішкелігі мен иректілігінің арасындағы байланыстың сипатын анықтайды.

Көз мөлшермен анықтаудың дұрыстығын кейбір жағдайларда міндетті түрде микроскоптың көмегімен тексеру қажет және де мұндай бақылау екі әдістің нәтижелері сәйкес келетіндей нәтижеге қол жеткізгенге дейін қажет болады.

Біршама қалыптасып (дағдыланып) алғаннан кейін зерттеуге алынған жүннің жіңішкелігі үлгімен (эталон) салыстырмай-ақ анықтайды (18-кесте).

 

18 кесте - Біртекті жүн жіңішкелігінің Советтік классификациясы

 

Сапасы Орташа жіңішкелік (микрометр) Сапасы Орташа жіңішкелік (микрометр)

Биязы жүн

Биязылау жүн

14,5-18,0 29,1-31,0
18,1-20,5 31,1-34,0
20,6-23,0 34,1-37,0
23,1-25,0 37,1-40,0

Биязылау жүн

40,1-43,0
25,1-27,0 36* 43,1-55,0
27,1-29,0 32* 55,1-67,0

 

Тапсырма 4. Жүннің жіңішкелігінің Советтік классификация бойынша үлгілерді пайдалана отырып анықтау (19-кесте).

 

19 кесте - Жүн жіңішкелігін сараптық жолмен анықтаудың нәтижелері

 

Үлгі нөмері Жүн иректерінің пішіні Жүннің 1 см–дегі иректердің саны

 

Жүн жіңішкелігі

      Сапалық Микрометр

 

Бақылау сұрақтары:

-Жүннің жіңішкелігі дегеніміз не?

-Жүннің жіңішкелігін анықтау әдістері.

-Жүннің жіңішкелігін лабораторияды анықтау техникасы.

-Жүннің жіңішкелігін сараптық жолмен анықтау техникасы.

-Ауыспалы коэффициент дегеніміз не және ол қалай анықталады?

-Жүннің жіңішкелігін эксперттік әдіспен анықтаған кезде қандай өлшем бірлігі қолданады?

-Жүн талшығын жіңішкелігіне қарай вариациялық қисық бөлуге арналған техникалық әдісі

-Биязы жүн қандай сапаларға бөлінеді?

-Жүн талшықтарын жіңішкелігіне қарай қисық бөлу нені белгілейді?

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.