Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бөлім. ЖҮН ШИКІЗАТЫ ТАЛШЫҚТАРЫНЫҢ ТАУАРЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ



КІРІСПЕ

 

Малдан алынатын шикізат өнімдерін қалдықсыз сапалы өңдеу бүгінгі күннің ең негізгі мәселелерінің бірі болып отыр.

 

Мұндай жағдайларда, ауыл шаруашылық мамандарына, оның ішінде өнімді өңдеу технологтарға теориялық бағытта дайындауда және алған білімді белсенді түрде тәжірибеге енгізуде, күрделі ғылыми және тәжірибелік мәліметтер ішінен ұтымды шешім табуда қойылатын талаптар күннен-күнге жоғарылауда.

Жоғары оқу орындарында бакалавриат мамандығын дайындауда, оған байланысты кредиттік оқу жүйесін енгізуде, оқу үдерісінде жаңа және күрделі мәселелер пайда болды.

Олардың негізгілері: оқу және оқыту бағытын қалыптастыру оқуға бөлінген уақытты тиімді пайдалану, студенттердің сабаққа өзіндік дайындық дәрежесін жоғарылату. Осы талаптар, ұсынылып отырған оқулықта біршама деңгейде қамтылды ғой деген ойдамыз. Практикум «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығына мал шикізатын тауартану және сараптамасы пәнінің типтік оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.

Сонымен қатар кейбір көлемді тақырыптар ветеринарлық санитария, стандарттау, метрология және сертификаттау, биотехнология және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандықтарында оқитын студенттерге де пайдалы. Мал шаруашылық өнімдерін өңдеумен шұғылданатын мамандарға, сөз жоқ, жақсы материал.

Туындыгерлер осы оқулық жайлы, оқырмандардың пікірлерін, ақыл-кеңес, ұсыныстарын күте отырып, алдын ала алғыс білдіреді.

 

1 бөлім. ЖҮН ШИКІЗАТЫ ТАЛШЫҚТАРЫНЫҢ ТАУАРЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

1.1 Жүн шикізатының негізгі түрлері, ассортиментін зерттеу және олардың салыстырмалы сипаттамасы

 

Сабақтың мақсаты: осы тақырып бойынша тапсырманы орындап шығу студентке мата өндірісінде қолданылатын талшықтардың айрықша морфологиялық ерекшеліктерін меңгеруге, әртекті жүнді біртектіден, биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүндердің өзіне тән сипаттық белгілерін айыра білуге және басқа малдардың жүнімен және жүннен басқа тоқыма өндірісінде қолданылатын талшықтармен, сондай-ақ оларды өзара салыстыра білуге үйрету.

Жұмысқа қажетті материалдар: жуылған қой жүнінің әртекті үлгілері, қысқыш, миллиметрлік сызғыш, түрлі типтегі жүн талшықтары мен планшет. Ешкі, түйе, сиыр және жылқы жүндерінің, қоян түбіт, сондай-ақ химиялық талшықтардың үлгісі.

 

Қой жүні. Тұқымы әртүрлі қойдан қырқып алынған жүннің сапасы мен технологиясының қасиеті бірдей болмайды. Сондықтан тоқыма өнеркәсібінде қажетті шикізат ретінде әр түрлі бағаланады. Алынған жүнді дұрыс бағалап, өнеркәсіпте тиімді пайдалану үшін жуылмаған жүн сапасына қарай топқа, түрге және олардың қалпына қарай класқа, класс тармағына және сортқа бөлінеді. Жүннің технологиялық қасиеті мен сапасына қарай бөлуді классификация (жіктеу) деп атайды. Жүн көптеген белгілері бойынша: табиғи жүн, өлген қойдан және теріден қырқылған жүн, зауыттық жүн деп жіктейді.

Табиғи жүн деп, тірі қойдан алынған және өзінің қалыпты сапасын жоғалтпаған жүнді айтады.

Өлген қойдан және теріден қырқылған жүн біршама сапасын, ажарын, серпімділігін, мықтылығын жоғалтады. Оның өзіне тән өзгеше иісі болады.

Зауыттық жүн деп тері өнеркәсібінде өңделіп, терілерден химиялық әдіспен алынған жүнді айтады. Бұл жүн негізінен киіз бұйымдар жасауға пайдаланылады.

Технологиялық қасиеті жағынан қой жүні биязы жүн, биязылау жүн, ұяң жүн және қылшық жүн болып төртке бөлінеді.

1) Биязы жүн біртекті түбіттен құралады, тұтас жүннің негізгі бөлшектеріндегі (бүйірі, арқасы, жауырыны) талшық жіңішкелігі 60, ал қошқарлардың жүні 58 сападан төмен болмау керек. Мұндай жүн беретін қойларды биязы жүнді немесе меринос қойлар деп атайды. Меринос қойларға: аскания, кавказ, ставрополь, сальск, грозненск, алтай, азербайжанның таулымериносы, қазақтың арқар мериносы, прекос, қазақтың биязы жүнді қойы, кеңес мериносы, оңтүстік қазақ мериносы, солтүстік қазақ мериносы және т.б. қойлар жатады.

Биязы жүн тоқыма өнеркәсібі үшін ең бағалы шикізат болып есептеледі. 1 кг жуылған таза биязы жүннен, осындай мөлшердегі қылшық жүнге қарағанда, кездеме (метр есебімен)-3-3,5 есе көп алынады, оның сапасы да анағұрлым артық болады. Биязы жүннің бір ерекшелігі қойдың негізгі (тұтас) жүнінің құрылымы штапель тәрізденіп келеді және ол жіңішкелігі, бұйралығы, жұмсақтығы, майысқақтығы, серпімділігі, ұзындығы жағынан бір келкі жүн талшықтарынан тұрады. Оның түсі ақ, шайыры басым болып келеді.

2) Биязылау жүнге: биязы және қылшық жүнді қойды будандандастырғаннан кейін, Куйбышев, дегерес, латвияның қара басты қойынан, опарин, Горьковск, Грузия, Дағыстанның таулы және қазақтың етті-жүнді қойынан қырқылады. Биязылау жүн біркелкі түбіт пен аралық қылшықтан құралады, бірақ олар биязы жүндікіне қарағанда ірілеу, жуандау келеді. Тұтас жүннің негізгі бөліктеріндегі (бүйірі, арқасы, жауырыны) талшықтардың жіңішкелігі 58-50 сапада болады. Тұтас жүннің сырт құрылымы негізінен штапель тәрізді, бірақ кейде ауытқып штапель тұлымды болып келеді. Биязылау жүннің түсі ақ, технологиялық қасиеті жағынан биязы жүнге ұқсайды және негізінен камвольді мата тоқу үшін қолданылады.

3) Ұяң жүн талшықтарының құрамына қарай біртекті және текті болып екіге бөлінеді. Біркелкі ұяң жүн жылына бір рет қана көктемде қырқылады. Оның сырт құрылымы штапель тәрізді немесе штапель тұлымды болып келеді. Тұтас жүннің негізгі бөліктеріндегі (бүйірі, арқасы, жауырыны) талшықтарының жіңішкелігі 48-46 сапада болады. Таза тұқымды қойлардың жүні ақ, сонымен қатар олардың қылшық жүнді қойлармен будандарының жүні ақ, тағы басқа түсті болып келеді.

Ал әр текті ұяң жүнді жылына екі рет - көктемде және күзде қырқады. Тұтас жүн тұлымданып келеді де, түбіті қыл және аралық қылшықтан тұрады. Мұндай жүн көбінесе қылшықты болғанымен, қылшығының мөлшері нағыз қылшықты жүнді қойлардікінен кем болады және нәзіктеу келеді, әрі түбіті мен аралық қылшықтары басымырақ және шайыры көбірек болып келеді.

4) Қылшық жүнді қойлар да жылына екі рет - көктемде және күзде қырқады. Қылшықты тұтас жүн тұлым тәрізді болып келеді де, жүн талшықтарының бірнеше түрінен құралады. Осы талшықтардың (түбіт, аралық қылшық, қыл, өлі және құрғақ қыл) жүндегі ара салмағы қылшық жүнді қойлардың тұқымына, типіне, жасына, дербес ерекшелігіне байланысты әртүрлі болып келеді. Қылшық жүн шикізаттық құны төмен бағаланады.

Қырқылған қойдың жасына қарай, жүн - ересек қой жүні және қозы жүні болып, екіге бөлінеді.

Қырқылу мерзіміне қарай, жүн - көктемде қырқылған, күзде қырқылған және қозының жүні болып, үшке бөлінеді. Көктемгі жүн қойдан тұтас қалпында, ыдыратылмай қырқылып алынады. Күзем жүн ұяң және қылшық жүнді қойлардан қырқылады. Қозы жүні шілде-тамыз айларында 5-7 айлық қозылардан қырқылады.

Қой жүні тұтас жүн, бөлшек жүн және төменгі сортқа бөлінеді. Тұтас жүн деп көктемде қырқылған, сорты төмен, тұтас күйде тұрған жалпы жүнді айтады. Тұтас жүн қатарына толық емес (яғни жартылай) және тұтас жүнге оралған (одан бөлініп түскен), таза, былғанбаған жүн бөліктері жатады. Биязы және биязылау жүннің салмағы 150 граммнан, ал ұяң және қылшық жүннің салмағы 100 граммнан төмен, ластанбаған бөліктері үкіметке бөлек (тұтас жүнге оралмай) өткізілсе, онда олар тұтас жүннің қатарына жатпайды ол бөлшектенген жүн болып есептеледі. Төменгі сорттарға тұтас жүн айналасындағы шетіндегі былғанған және өсімдік қалдықтарымен араласып, ластанған жүн жатады.

Биязы және биязылау (биязы-қылшық жүнді қойлардікі) жүннің төменгі сорттарына: жұлма жүн – қой қырыққанда, тұтас жүннен бөлініп түскен бөлек және тұтас жүннің ластау келген шеттерінен алынған ұсақ жүн; құйрық жүн – қойдың тұтас жүнінен бөлек қырқылып алынатын құйрық жүні санының ішкі бетінен қырқылатын балақ және маңдай жүні және қой қоздату мерзімінде желінінің айналасынан қырқып алынатын жүн; пұшпақ жүн – қой аяқтарынан, тілерсегінен төмен қарай өсіп, қырқылған жүн; қи аралас жүнге нәжіс жабысып, бір-біріне жабысып қалған жүн жатады.

Кроссбредті, кроссбред типті және цигай қойларынан қырқылған жұлма жүн, құйрық жүн және қимен ластанған жүндер алынады.

Ұяң және қылшықты жүннің тезекті, ластанған ұсақ, пұшпақ және бауыр жүні болады.

Ешкі жүні әртекті және біртекті болып бөлінеді. Әртекті ешкі жүні түбіттен, аралық талшықтан және тұрпайы қылшықтан тұрады. Өлі талшықтар да кездеседі. Қылшықтың технологиялық сапасы төмен болады. Сондықтан ешкі жүнінің негізінен түбіті пайдаланылады. Ол трикотаж және тоқыма бұйымдары үшін шикізат болып табылады. Ешкі түбіті қойдікіне қарағанда жіңішке келеді. Талшығының жіңішкелігі 10-19 мкм аралығындағы, көбінесе 10-12 мкм болады.

 Жіңішкелігі 27-40 мкм аралық талшықтан тұратын біртекті ешкі жүні ангор және советтік жүнді ешкілерден алады. Біржолғы қырқым кезінде жүннің ұзындығы 21-22 см жетті. Біртекті ешкі жүні қой жүніне қарағанда жылтыры күшті, мықты (берік) болады және басылымдылығы одан кем болады. Ол драп жасауға, бұйымдарды қаптау немесе тастауға арналған маталар, пүліс, көрпе, кілем, жасанды мех және драп жасауға пайдаланылады.

 Түйе жүнінің түсі сарғыш-бурыл болады, түрі және қасиеті жағынан ол әртекті қой жүніне өте жақын келеді. Түбіт мөлшері 22-25 пайыз аралығында болады, өлі жүн кездеспейді, құрғақ талшықтарды байқауға болады.

 Түйе жүні мықтылығы және созылғыштық қасиетімен сапалы саналады. Түйе жүнінен негізінен трикотаж бұйымдары, бобрик дайындалады, ал қой жүнімен араластырылып жоғары сапалы мата тоқылады. Түйенің мойны, маңдайы, өркеші мен алқым жүндерінен (шудасынан) жетек белдеулерін, престеуге арналған салфеткалар, тағы басқа мақсаттарға арналып техникалық бұйымдар жасалады.

 Қоян түбіті жылу жібермейді және дыбыс ұстағыш қасиетімен бағаланады. Фетр (шуға) өндірісінде және трикотаж бұйымдарына пайдаланылады.

 Сиыр жүні өте қысқа (3-4 см) және қылшықты. Жіңішкелігі 40-140 мкм. Ол негізінен киіз өндірісіне пайдаланылады.

 Жылқы қылы қой және сиыр жүнімен араластырылып ат-әбзелдеріндегі киіздік бұйымдарға пайдаланылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.