Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





d. Сізге ресми бағалау туралы не білу керек



d. Сізге ресми бағалау туралы не білу керек

 

Мүмкіндіктері шектеулі немесе дамуында бөгелістері немесе ауытқушылықтары бар болуы мүмкін балаларға ресми бағалауды әдетте арнайы дайындықтан өткен кәсіби мамандар жүргізеді. Көбінесе бағалау рәсімін бірінші болып педиатр бастайды, ол басқа салалармен қоса баланың физикалық денсаулығына баға береді.

 

Ресми бағалау әдетте кешенді (барлық даму салалары немесе олардың көпшілігі бағаланады) болып табылады және оны өткізуге алаңдаушылық тудыратын айрықша жайттар болуы себепті шақырылған өзге мамандар (аудиолог, офтальмолог, балалардың психикалық денсаулығы жөніндегі маман, физиотерапевт, логопед және т.б.) қатыса алады. Көптеген елдерде маман саны шектеуді болатынын ескере отырып, мұндай бағалау аздаған орталық орындарда, яғни, ел астанасындағы мамандандырылған медициналық мекемелерде, бейүкіметтік ұйымдарда өткізілуі мүмкін. Бағалау маманы немесе ұжымы көбінесе елде немесе аймақта стандартталған және бекітілген құралдарды пайдаланады.

 

Бүгінгі таңда бағалау рәсіміне ата-аналарды және/немесе маңызды отбасы мүшелерін қатыстыру озық әдіске айналып барады,себебі, олар баланың күнделікті өмірде тіршілік ету қабілетін, оның мықты және әлсіз тұстарын, ұрымталдығын және оңтайлы дамуы үшін қажет ететін қолдау шаралары туралы ең жақсы білетін ададмар болып табылады. Отбасын бағалау рәсіміне қатыстыру, яғни, отбасына бағдарланған рәсімотбасы мүшелерінің баласына қатысты алаңдаушылықтары, оның болашағына артатын үміттері, сонымен қатар, оларда баланың дамуына көмектесу қабілеті және ниеті дамуға септесетін немесе кедергі келтіретін аса маңызды факторлар болып табылады.

 

Егер, өкінішке орай, сарапшылар отбасыны бағалау рәсіміне қатыстырмаған болса және отбасының қолына тек оның нәтижелері туралы есеп қана тисе, онда отбасы мүшелері сізді кейбір нәтижелерді және нәтижелердің бала үшін нені білдіретінін және болашақта нені білдіретінін, олар кеңес етілген араласу қызметтеріне қалай қол жеткізе алатынын және, егер бала құқылы болса, жеңілдіктерді және мүгедектерге арналған жәрдемақыны қалай ала алатынын түсіндіріп береді деп үміттенетін болады. Сізге бағалау нәтижелері туралы есеппен танысып шығу және бағалауға қатысқан негізгі маманнан түсіндіріп беруін сұрау қажет.

 


 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.