|
|||
c. Баланың дамуына ерте балалық шақта әсер ететін өзге факторларға мониторинг жүргізуc. Баланың дамуына ерте балалық шақта әсер ететін өзге факторларға мониторинг жүргізу
Даму ауытқушылықтарына ата-ананың психикалық денсаулығы және үйдегі жағдай сияқты бірқатар факторлар себепші болуы мүмкін және кейбір патронаж қызметтері төменде қысқаша сипаттамасы келтірілген құралдарды пайдаланады:
Ананың аман-саулығы. Босанудан кейінгі депрессияның Эдинбург шәкілі(EPDS) босанғаннан кейін 6-8 аптадан соң, аналарда босанудан кейін депрессияны анықтауға арналған. Осы қысқа (10 тармақты) өз бетінше толтырылатын құрал бастапқыда жергілікті қоғам деңгейінде әйелдерде босанудан кейін депресиия бар-жоғын анықтауға арналған болатын, дегенмен, ол жүктілік кезінде де және басқа кезеңдерде, сонымен қатар, әкелермен жұмыс жасау үшін де қолданылады. Ол бірнеше тілге аударылған. Шәкіл депрессия белгілерін, соның ішінде, жабырқау, қорқыныш, мазасыздану, өзін-өзі кінәлау және ұйықтауға қатысты қиындықтар сынды тұстарды өлшейді. Бұл құрал, сондай-ақ, әкелермен жұмыс жасау үшін де қолданылады.
Үйдегі жағдай. Ең жиі қолданылатын құрал болып Қоршаған ортаны өлшеу үшін үйде бақылау(HOME)[ii] табылады. HOME балаларға көрсетілетін күтімнің, қамқорлықтың және ынталандырудың көлемін анықтау үшін үйде пайдаланыла алады. Ол Сербияда, Македонияда, Ресейде және Түркияда қолданылады. Нәрестелерге/бөбекжай жасындағы балаларға арналған HOME тізіміне (IT) алты қосалқы шәкіл кіреді: 1) ата-аналардың елгезектігі, 2) баланы қабылдау, 3) қоршаған ортаны ұйымдастыру, 4) оқу материалдары, 5) ата-аналарды қатыстыру және 6) тәжірибенің сан-алуандылығы. Ол балаға үйде көрсетілетін ынталандыру мен қолдаудың сапасы мен көлемін өлшейді. Басты көңіл үйдегі балаға және отбасылық ортамен байланысты нысандардан және орын алатын оқиғалар мен әрекеттерден ақпарат алушы ретінде баланың рөліне бөлінеді.
Осы құралдарды пайдалану үшін дайындық керек, бірақ олар бірқатар елдерде патронаж қызметкерлерімен қолданылады.
|
|||
|