Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





КҮТІЛЕТІН ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ



     КҮТІЛЕТІН ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

Осы модульды аяқтаған соң:

· Сіз даму мониторингі, скринингі және бағалау құрамына не кіретінін түсінетін боласыз.

 

· Сіз мониторинг сатылары және құралдары сияқты ұғымдарды түсінетін боласыз.

 

· Отбасыларға мерзімді скринингтің және толық бағалаудың құрамына не кіретінін түсіндіре аласыз.

 

· Отбасы дамуында ауытқушылықтар бар баласының жетілуіне қалай көмектесе алатыны туралы негізгі кеңестер бере аласыз және қолдау көрсете аласыз.

 

· Сіз бала ерте араласу қызметтерін ала бастағанда, отбасы мен бала өміріндегі өзіңіздің тұрақты рөліңізді түсінетін боласыз.


 

 

I. КІРІСПЕ – ДАМУ МОНИТОРИНГІ НЕЛІКТЕН СОНШАЛЫҚ МАҢЫЗДЫ

 

Кіші жастағы балалар өмірінің алғашқы жылдары ең жылдам дамиды, бірақ бізге балалар түрлі жылдамдықпен дамитыны көбірек мәлім. Бір жастағы баланың белгілі бір сөздік қоры болады, ал екіншісі тек ым-ишараның көмегімен ғана тілдесіп, бірақ, екі жасында кенеттен толық сөйлемдермен сөйлесе бастайды. Бір балалар 10-11 айлығында жүре бастаса, олардың көптеген құрдастары әлі еңбектеп жүреді.

 

Кейде шектеулі мүмкіндіктер немесе даму ауытқушылықтары көзге айқын көрінеді. Мұндай жағдайда патронаж қызметкері ретіндегі жұмысыңыздың маңызды бөлігі болып кіші жастағы балалардың ресми бағалаудан өтуіне және мейлінше тезірек араласу шаралары түрінде көмек ала бастауына қол жеткізу табылады. Бұл – дамуы өзгеше балалардың аман-саулығын және әлеуметтік инклюзиясын кепілдендірудің маңызды шарттарының бірі. 

 

Өзге жағдайларда сіз өзіңіз байқағаныңыз немесе ата-аналар сізге айтқаны даму ауытқушылығының бастапқы белгісі екеніне сенімді болмауыңыз мүмкін. Бірақ, сіз отбасына қайта келесіз, сол кезде де сенімділік пайда болмаса, онда келесі кездесуді ертерек мерзімге жоспарлаған жөн болар. Балалар ауруханасына сырқаттану немесе өзге қызметтер алуға (мысалы, өсу мониторингі, екпе салу) барғанда, уақыт тығыз, дәрігерлер асығыс, ал балалар өзіне таныс ортадан тыс болатын жағдайға қарағанда, сіз бала тұратын үйде болғанда, бала мен оған қарайтын адам арасындағы қарым-қатынасты асықпай бақылауға, сонымен қатар, ата-аналардың баласының даму саласындағы жетістіктері туралы және оларды толғандыратын сәттер туралы әңгімесін тыңдауға мүмкіндігіңіз болады. Баланың мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік-эмоциялық дамуында қандай да бір ауытқушылықтарды және/немесе бөгелістерді бірінші болып байқайтын сіз бола аласыз.

 

Үйге барып қарау сізге, патронаж қызметкері ретінде, баланың дамуын бақылауға, оған көмектесуге және бала мен отбасының ерекше жағдайын және қажеттіліктерін ескере отырып мониторинг жүргізуге бірегей мүмкіндік беріледі.


 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.