|
|||
IV. Даму мониторингін және скринингін жүргізу құралдарыIV. Даму мониторингін және скринингін жүргізу құралдары
A. ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІН ҚОЛДАНУМЕН БАЛА ДАМУЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ
Әрбір бала бірегей болғандықтан, кішкентай балалардың дамуы әдетте бірқатар алдын-ала болжауға болатын қадамдардан және кезеңдерден өтеді. Дәл осы тұжырымға негізделіп, бала дамуына мониторинг жүргізу құралдарында даму кезеңдерді қолданылады. Мұндай құралдар бала белгілі бір әрекетті орындай алуы тиіс жас аралығын көрсетіп бере алады және сол жас аралықтарында бала белгілі бір мінез-құлықты көрсетпегенде немесе қандай да бір істерге қатысқысы келмегенде, алаңдаушылық тудыратын жағдайға нұсқайтын «алаңдататын белгілер» де болады. Оған қоса, кейбір құралдар сізге әрі қарайғы дамуды ынталандыру үшін әрекеттер немесе идеялар ұсына алады. Бала дамуына мониторинг жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың (GMCD) көмегімен мониторинг жүргізу. Бала тәрбиелеушілерге ашық сұрақтар қою арқылы сұхбат жүргізуге арналған осы құрал балалардың дамуына мониторинг жүргізу және қолдау көрсету үшін, сонымен қатар, дамудағы ауытқушылықтарды ерте анықтау және түзеу үшін жасалды. Ол экспрессивті (бейнелі) және рецептивті (түсіну) тілмен, ірі және ұсақ моторика дағдыларымен, әлеуметтік дағдылармен, ойын және өз-өзіне көмектесу дағдыларымен байланысты салаларды өлшейді. Бірқатар елдерде осы жаңа құралдары пайдалануға үйретілген мамандар бар[i].
b. Даму скринингін жүргізу құралдары Ескертпе. Патронаж қызметкерлерінің скрининг құралдарын пайдалануы туралы шешімді мемлекет қабылдайды. Сіз жұмыс жасайтын мемлекетке сай келмейтін тарауларды осы модульден алып тастауға болады. Назарыңызға скрининг жүргізуге арналған бірнеше пайдалы құралдарды ұсынамыз. Сіз өз еліңіздегі патронаж қызметкерлері пайдаланатын немесе білгені жөн басқа бірнеше құралдарды қоса аласыз.
«Жас аралықтары және кезеңдер» анкетасы. ASQ-3 анкетасында ықтимал бөгелістер анықталады және ол қандай балалар әрі қарайғы бағалауға немесе тұрақты мониторингке мұқтаж екенін анықтауға көмектеседі. Онда бес түрлі сала өлшенеді: тілдесу, ірі моторика, ұсақ моторика, мәселе шешу және тұлғалық-әлеуметтік сала. Анкетаны ата-ана толтырады, оны толтыруға шамамен 15 минут кетеді, содан соң, маман жауаптарға қарай ұпай түрінде баға береді. Анкета 2-60 ай аралығындағы балалар санатын қамтиды. ASQ-3 анкетасы бірнеше тілге аударылған (серб-хорват, грузин, орыс). Қосымша ақпарат алу үшін келесі сайтты қарауға болады: www.agesandstages.com
Piccolo. Бұл құрал (1-ші Ақпараттық картаны қараңыз) ата-ана баласының дамуына қолдау көрсете алатын көптеген әдістерді, олардың нені маңызды деп санайтынын, басқа адамдардың алдында қысылмай не істей алатынын және баламен қалай дұрыс жасау туралы нені білуі керек екенін қарастырады. Осы құралда қамтылған мінез-құлық түрлері туралы жасы 10-47 ай болатын баласы бар сіз барып қарайтын кез-келген отбасымен жұмыс жасау кезінде есте сақтау маңызды. Сондай-ақ, Piccolo құралын пайдалану кезінде алынатын ұпай бағалар баланың мектепке дайындығын да болжап бере алатыны анықталды. Piccolo ата-аналардың мінез-құлқын төрт салада қарастырады: махаббат, елгезектік, ынталандыружәне оқыту-үйрету. Әр сала ата-аналардың 7-8 түрлі мінез-құлқын қамтиды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мүмкіндіктері шектеулі екені анықталған балаларға қатысты Piccolo бойынша жоғары ұпай алған ата-аналардың балалары танымдық және тілдік дамуды жақсырақ нәтижелер көрсеткен.
Бөбекжай жасындағы балаларда аутизмді анықтауға арналған түрлеріндірілген сұрақтар тізімі – қайта қаралған нұсқа(M-CHAT-R™) 16-30 айлық балаларда аутистік ауқымдағы бұзылыстар (ААБ) қаупін анықтауға арналған скрининг жүргізудің ғылыми негізделген құралы болып табылады. Құралмен келесі сілтеме арқылы танысып шығуға болады: https://www.autismspeaks.org/what-autism/diagnosis/mchat
|
|||
|