Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





V. ЕГЕР БАЛАҒА АУЫТҚУШЫЛЫҚТАР НЕМЕСЕ ДАМУ БӨГЕЛІСТЕРІ ҚАУПІ ТӨНІП ТҰР ДЕП САНАСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК



V. ЕГЕР БАЛАҒА АУЫТҚУШЫЛЫҚТАР НЕМЕСЕ ДАМУ БӨГЕЛІСТЕРІ ҚАУПІ ТӨНІП ТҰР ДЕП САНАСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

 

 

Үйге барып қарау кезінде сіз баланы бақылайсыз, ата-анасын тыңдайсыз және отабсындағы жалпы жағдайды және ата-ананың өз міндеттерін атқару сапасын бағалайсыз.

 

· Егер бала қалыпты дамып келе жатса, ал үйдегілер оған елгезек және қамқор болса, сіз ата-аналарға жігер беріп, дұрыс тәрбиелеп жатқанын құптап, сондай-ақ, сақтандырушы ұсыныс-кеңестер, яңни, баланың дамуында әрі қарай не болатынын және оның денсаулығы мен аман-саулығын қамтамасыз етуді әрі қарай қалай жалғастыру керек екені туралы ақпарат бере аласыз.

· Егер балаға өзіне, отбасына немесе жалпы қоршаған ортасына байланысты даму бөгелісі немесе ауытқушылықтары туындау қаупі төнсе, бірақ, сіз осындай жағдайды кеңестермен немесе қосымша көмекпен түзетуге болады деп санасаңыз, отбасына қосымша әрекет түрлерін ұсына аласыз немесе оларға өз бетінше қандай да бір қарапайым араласу шараларын қолдануға кеңес бере аласыз.

· Егер даму ауытқушылығы күрделірек болса немесе отбасындағы факторлар үйге барып қарау кезінде көмек көрсету арқылы шешуге болмайтындай тым күрделі болса, отбасыны тиісті мамандарға жіберу керек және қажет болса, мамандарға жіберуден нәтиже шығуын қадағалауыңыз қажет. Патронаж қызметкерінің жаңа рөлі және Өзге секторлармен жұмыс жасау модульдерінде талқыланғандай, сізге өзге секторлардағы әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасай отырып, отбасына негізгі қолдау көрсетуді жалғастыру қажет.

 

Әдетте, кіші жастағы бала оның даму барысы немесе мінез-құлқы құрдастарынан 90%-дан артық өзгешеленетін болса, даму бөгелісіне шалдыққа болып саналады.

Бала даму барысында қандай жетістікке жетсе де, кез-келген жағдайда ата-аналарға, күтім көрсетушілерге және барлық отбасы мүшелеріне баланың дамуын жақсарту және аман-саулығын арттыру жолдары туралы хабардар етіп отыратын кез-келген мүмкіндікті қалт жібермеңіз. Тек балаға ғана жіті көңіл бөлмей, оны отбасы және одан да кеңірек қоршаған орта аясында қарастыру керек.

 




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.